Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»

21 ақпан 2015, Сенбі
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев. «Менің өмірім», «Аттандыру».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ж. Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ж. Жабаевтың өлеңін оқыта отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілетінің үнемі жетілдіріліп отыруын қадағалау, еркін ой білдіруге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұақ - жауап, әңгімелеу, «ББҮ» әдісі, «Ойлан тап» ойыны.
Көрнекілігі: Слайд, қосымша әдебиеттер
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Тарих, халық ауыз әдебиеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқу құралдарын тексеру
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі бойынша «Ақтамақ хикаясын» аяқтап жазу;
2. Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Жұптық сұрақтар:
Ж. Аймауытов кім?
Ж. Аймауытовтың басқа қандай шығармаларын білесің?
«Әнші» әңгімесінің жалпы мазмұны не туралы?
Оқиға қай жерде көрініс тапты.
Әңгіменің кейіпкерлерін ата.
Әмірқанға мінездеме бер.
Әмірқанның прототипі кім?
Ақтамақ кім?
Ақтамаққа байланысты хикая қалай аяқталғанын қалар едің?

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жамбыл дүниеге екі рет келді:
тоғыз ай тоғыз күн ана құрсағынан,
тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан
Ғ. Мүсірепов

Жоспары:
1. Ж. Жабаевтың өмір жолы және «Менің өмірбаяным»
2. Жамбыл атамыздың ақындық жолға түсуіне не себеп болды?
3. «Дастан атаның» қаламынан туындаған алғашқы өлеңдері
4. Айтыстың асқан шебері (Құланаян Құлмамбетпен айтысы)
5. «Аттандыру» өлеңінің мазмұны мен құрылысын талдау.

Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастырсақ...
І кезең – 1846 - 1916 жылдар аралығы
ІІ кезең – 1917 - 1940 жылдар аралығы
ІІІ кезең – 1941 - 1945 жылдар аралығы

І кезең
1846 ж. 28 ақпанда Жамбыл дүниеге келді. Туған жері - Жамбыл тауы.
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

13 жасында Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.
Менің пірім – Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай
Сүйінбай деп сөйлесем
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай.

Жыр алыбы – Жамылдың алғашқы өлеңдеріне тоқталу («Шағым», «Әкеме», «Менің пірім - Сүйінбай»)
Шағым
Оқымаймын молдадан,
Не оқытпақшы ол маған?
Бала келсе сабаққа
Жем дәм еткен дорбадан.
Ақ сәлдесін төңкеріп,
Көзін жұмып теңселіп,
Күн ұзынға боздаған
Оқығанша мен одан
Домбыраны қолға алам.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев “Аттандыру”, “Атаның әлдиі” өлеңі
Жамбыл Жабаев “Аттандыру”, “Атаның әлдиі” өлеңі
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, ауыз әдебиетінің көңіл айту, естірту, жоқтау, үлгілерінің Жамбыл өлеңдеріндегі көрінісі, әкенің мейірімі, тақырыптың ерекшелігі туралы білуі тиіс.
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім»
Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің мұғалімі Анар Күрлен
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Жамбыл Жабаев «Аттандыру»
Жамбыл Жабаев «Аттандыру»
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №3 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кадырова Нұрсая Жолмырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×