Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасындағы дәстүрлер. Әдеби тілдің нормалары

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы дәстүрлер. Әдеби тілдің нормалары
Сабақтың мақсаты: Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата - анасын
құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу; Өз халқымыздың тәлім - тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгіме
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
А) амандасу
Ә) жоқтарды белгілеу
Б) Үй тапсырмасын сұрау
II. Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру.
Біздің сабағымыздың тақырыбы “ Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі»
III. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ өтуге дайындық.
Ой шақыру сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты өздері ашады.

1. Қой дегенде бар, лақ дегенде жоқ,
Ойда бар, бақта жоқ
2. Рәміздің бірі
3. Еңбек құралы
4. Ең жақын адам
5. Уақытты немен білеміз?
6. Ырыс алды......
Отбасындағы дәстүрлерге байланысты суретке қарап сөйлемдер құрастыру.
1. Ардақта ата анаңды
2. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету
3. Наурыз мерекелері
Оқулықпен жұмыс жасайды.
Мына сөздерден буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды бөліп жазыңдар Өнерпаз, сағат, дәптерлер, саудагер, еңбекқор, отбасы, ғарышкер, дәстүрлер, қызбен, мереке, мейрамхана.

Жаңа сабақты бекіту
Ереже дәптерге жазып алу. Әдеби тіл - сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл және жазбаша тіл. Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйленген сездер ауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналдарда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.

Бағалау
Үйге тапсырма
“Отбасындағы дәстүрлер” тақырыбына эссе жазып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 191
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қара шаңырақ
Қара шаңырақ
Ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
Әке - тірек, ана - жүрек, бала - тілек
Әке - тірек, ана - жүрек, бала - тілек
Мақсаты; а) білімділігі: бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;
Отбасым - күншуағым
Отбасым - күншуағым
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№14 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі - Жанаеа Болған Губайдуллақызы
Ардақта ата - анаңды!
Ардақта ата - анаңды!
Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу; Халқымыздың тәлім - тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×