Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нәтиже сабақ. Менің достарым

31 қазан 2012, Сәрсенбі
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Зарубаева Лилия Елеуханқызы

І. Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Менің достарым».
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың дос, достық туралы білімдерін тексеру, өткен материалды қайталау, сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.
ә) дамытушылық: нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.
б) тәрбиелік: достықты бағалай білуге баулу, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: пысықтау сабағы (нәтиже сабақ)
ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, тест
Ү. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар.
ҮІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. – Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Сабағыңды жөндеп
Әзірленсең - еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек!

3. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Жіктелмейтін сөзді көрсетіңдер.
А) мұғалім
В) кітап
С) ұшқыш
Д) келді
2. Тура мағынада тұрған сөзді белгілеңдер.
А) терең ой
В) терең өзен
С) мінезі ауыр
Д) білім кілті
3. Тәуелденіп тұрған сөзді табыңдар.
А) оқушылар
В) оқушының
С) оқушысы
Д) оқушымын
4. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңдер.
А) қызыл алма
В) адамның басы
С) жұмсақ нан
Д) қара шаңырақ
5. Тәуелденіп барып септелген сөзді белгілеңдер.
А) досыма
В) досым
С) доссыңдар
Д) достар
6. ІІІ жақтың жіктік жалғауын көрсетіңдер.
А) –мын, -мін
В) –сыздар, -сіздер
С) –пыз, -піз
Д) жалғауы жоқ
7. Берілген сөзге тәуелдік жалғауының қайсысы жалғанады? Құрбы...
А) –ың
В) –м
С) –дарыңыз
Д) –ім
8. Берілген сөзге қандай сұрақ қойылады? Жолдасың
А) –нең?
В) кіміңіз?
С) кімім?
Д) кімің?
9. Берілген сөзге қай септік жалғауы жалғанған? Досын
А) барыс септігі
В) жатыс септігі
С) табыс септігі
Д) шығыс септігі
10. Берілген сөз жіктіктің қай жағында тұр? Достастық
А) І жақ, көпше
В) І жақ, жекеше
С) ІІ жақ, көпше
Д) ІІІ жақ, жекеше

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 100
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен күнтізбелік - тақырыптық жоспар. 4 сынып
Қазақ тілінен күнтізбелік - тақырыптық жоспар. 4 сынып
Тақырыптыр: Менің Отаным. Менің Қазақстаным ҚР рәміздері Қазақстанның қалалары Қазақстанның картасы
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Нәтиже сабақ. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Нәтиже сабақ. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Нәтиже сабақ. ІІ модуль (10-сынып)
Нәтиже сабақ. ІІ модуль (10-сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Үстеу
Үстеу
Оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, сөйлеу мен жазуды қалыптастыру. Шығармашылықты дамыту, сауаттылық пен қызығушылықты арттыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×