Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

26 ақпан 2015, Бейсенбі
Жоспар
І. Кіріспе
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдісі – әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

ІІ. Негізгі бөлім:
a) СТО стратегиясы – үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.
ә) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту мен қолдану арқылы қазақ тілі сабақтарын өткізу тәжірибем.

ІІІ. Қорытынды.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан - жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «... Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен.

Біздер, ұстаздар, осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.
Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема – әлеуметтік - педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай - ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру - білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. Осы орайда, Елбасы Назарбаевтың: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос - Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе - теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір - бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау. кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 776
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру. Мектепті дамыту жоспарының (МДЖ) басымдықтары
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алу.
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туреева Майсагүл Ашықбайқызы
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Бердишева Жадыра Молыбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×