Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Толағай

02 наурыз 2015, Дүйсенбі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: - Толағай әдеби ертегісінің мазмұны, идеясымен таныстыру;
Дамытушылық: - Әдеби ертегіні ертегіден ажырата білуге үйрету, өзіндік ойын дәлелдей, тұжырымдай білуге жетелеу;
Тәрбиелік: - Елге, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Талдау, салыстыру, топтастыру.
Көрнектілігі: Интерактивті тақта.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді пысықтау
ІІІ. Жаңа материалды игеру
ІҮ. Үйге тапсырма беру
ҮІ. Бағалау
ІІ. Өткенді пысықтау
«Алла мейірімі» эссе.
ІІІ. Жаңа материалды игеру
Әдеби ертегі туралы түсінік
Ә. Тәжібаевтың өмірі
Толағай ертегісі

Эпиграф
«Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын» (Мұхтар Әуезов)

Әбділда Тәжібаевтың өміріне шолу.
1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1998 жылы 23қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.
Ә. Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы,, профессор.
Республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқар ған.«Толағай» әдеби ертегісін1978 жылы жазған.

Тақырыбы:
Толағайдың ерлігі.
Идеясы:
Ерлік, ел үшін жанын қиған.
Мінездеме:

- Жақсы, балалар, еліміздің үміт артып отырған Толағайы сендерсіңдер. Бүгінгі тәуелсіздік тұғыры биікте тұрған заманымызда азулы барыстай жауына төтеп беретін ұл – қыздары сендерсіңдер. Сендердің ойларыңша бүгінгі күн азаматы қандай болу керек?
«Толағай» әдеби ертегісінің сюжеттік жоспарын құру:
1. Дүниеге «алып болар» баланың келуі.
2. Толағайдың ер жетуі.
3. Алғашқы ерлік.
4. Алыптың жан күйзелісі.
5. Тау көтерген Толағай
6. Ер есімі ел есінде.

Кітаппен жұмыс
Мінезі, дене құрлысын сипаттайтын жерін тауып оқу.(1, 3, 7 жасының суреттелуі).
Ана мен баланың әңгімелескен диалогін тауып оқу.
Айсұлудың портретін тауып оқу.

Венн диаграммасы. Бұрынғы оқыған ертегінің кейіпкері Кендебай мен Толағайды салыстыру
● Кендебай.
1. Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6 жастағы бала болады.
2. Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді.
3. Таз, кедей балаға ата - анасын тауып әкеледі.

● Толағай.
1. Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын мықты болды.
2. Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді.
3. Толағай еліне жаңбыр алып келіп, халқын аман алып қалады.

● Ортақ қасиет.
Батыр, ел қорғаны, жанашыр, мейірімді, қайырымды, алып бала

Қорытынды:
Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі толағайлары – сендерсіңдер, ендеше осы атымызға лайық болайық.
Үй тапсырмасы:
Әдеби ертегінің мазмұнын баяндау, ұнаған жерін жаттау.
Бағалау
6 406
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, ақиық ақындарды, Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді.
Әбділда – Сыр елінің перзенті
Әбділда – Сыр елінің перзенті
Сабақтың тақырыбы: Әбділда – Сыр елінің перзенті.
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борина Аккенже
Әбділдә Тәжібаев “Толағай” ертегісі
Әбділдә Тәжібаев “Толағай” ертегісі
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Әдеби ертегілер. Әбділдә Тәжібаев. Толағай
Әдеби ертегілер. Әбділдә Тәжібаев. Толағай
Алматы облысы, Іле ауданы Өтеген батыр кенті, №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Турбаева Мөлдір Құдайбергенқызы
Ахмет Байтұрсынов "Өгіз бен Бақа"
Ахмет Байтұрсынов "Өгіз бен Бақа"
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×