Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы

01 қараша 2012, Бейсенбі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға романның негізгі оқиға желісімен таныс ету, тақырыбын ашу, автор идеясын тану;
Тәрбиелік: Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, тәлім - тәрбие алуға ықпал ету, адами қасиеттерге баулу.
Дамытушылық: Ой тастау арқылы ойлау қабілеттерін, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық ізденіске баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, СТО, Венн диаграммасы.

Сабақтың жүргізілуі:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Кім көп біледі?» сайысы
І кезең: «Бәйге»
ІІ кезең: “Тіл - өнер”
ІІІ кезең: «Тапқырлық»
ІҮ кезең: «Дода»
Ү кезең: «Жорға»
ІІІ. Талдау табыс кілті.
ІҮ. Мағынаны ажырату.
Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың тақырыбы:
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға романның негізгі оқиға желісімен таныс ету, тақырыбын ашу, автор идеясын тану;
Дамытушылық: Ой тастау арқылы ойлау қабілеттерін, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелік: Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, тәлім - тәрбие алуға ықпал ету, адами қасиеттерге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, СТО, Венн диаграммасы.

Сабақтың жүргізілуі:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
І кезең: «Бәйге»
Сұрақтар:
1. Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы -
2. Қазақ тіліне тән қанша дыбыс бар?
3. Жаңа киімге берілетін сыйлық –
4. Қазақтың ұлы ағартушы – ақыны кім?
5. Тұңғыш қазақ ғарышкері –
6. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша –
7. Абайдың әжесінің аты –
8. Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген?
9. Махамбеттің өмір сүрген ғасыры –
10. Тұрлаулы мүшелерді ата -

ІІ кезең: “Тіл - өнер”
Адам досымен мықты,
Ағаш....
Ата бәйтерек,
Бала....
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел....
Күш білімде,
Білім...
Елсіз ел болмайды,
Жұртсыз...

ІІІ кезең: “Тапқырлық”
Үй бағады үрмейді,
аяғы жоқ жүрмейді.
(Құлып - Замок – Lock)
Есігі бар төбесінде,
Отырасың келесің де.
(Парта - Парта - Desk)
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді
(Кітап - Книга - Book)
Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім
(Қауын - Дыня - Talon)
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді алақанын жазып.
(Гүл - Цветок - Flower)

ІҮ кезең “Дода”10
1. Ж. Бабаев “Қара жұмысшылар одағы” қай қалада, қай жылы құрылды?
А) Верныйда;
Ә) Петропавлда;
Б) Қостанайда.
20
2. “Қосшы” одағы қай жылы құрылды?
А) 1920;
Ә) 1921;
Б) 1923.
30
3. Ғани Мұратбаев қанша жыл өмір сүрді?
А) 25;
Ә) 22;
Б) 23.
10
1. Қай қала “Мәңгілік қала” деп аталады?
А) Бағдат;
Ә) Рим;
Б) Қайыр.
20
2. Радионы кім ойлап тапқан?
А) Папов;
Ә) Сахаров;
Б) Нобель.
30
3. Қай қала “Европаның сазды астанасы” деп аталады?
А) Белград;
Ә) Париж;
Б) Вена.
10
1. А. Құнанбаев кім болған?
А) Ақын;
Ә) Ғалым;
Б) Мұғалім.
20
2. Балғожа атаның немересі кім?
А) Мұқағали;
Ә) Ыбырай;
Б) Жамбыл.
30
3. “Қалқаман - Мамыр” поэмасының авторы кім?
А) Абай;
Ә) Ыбырай;
Б) Шәкәрім.

Ү кезең“Жорға”
А нұсқасы
1. Ең үлкен мұхит?
2. Ең көп адам қай мемлекетте тұрады?
3. Алматының бұрынғы атауы?
4. Еуропада қанша мемлекет бар?
5. Су қанша градуста қайнайды?
6. Европадағы ең үлкен мемлекет?
7. Бигбен қай қалада орналасқан?
8. 4 түбірі?
9. Қанша материк бар?
10. “Капитан қызы” кім жазды?

Ә нұсқасы
1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Мағынасы бір - біріне ұқсас сөздерді қалай атайды?
4. 9 санының түбірі қанша?
5. “Что делать” романын кім жазды?
6. Абылай ханның шын аты кім?
7. “Мұғалім” сөзінің синонимін айт.
8. Етістіктің қанша шағы бар?
9. Қазақстанның валютасы?
10. Қазақстанның рәміздерін ата?

ІІІ Талдау табыс кілті.
1. Асты сызылған сөзге математикалық тәсілмен талдау жаса.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні.
2. С. Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңіне сатылай кешенді талдау
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!

ІҮ. Мағынаны ажырату.
Өлеңнен үзінді.
Үзінді - жайлы пікір Мазмұны сәйкес мақал - мәтелдер
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»
Өлеңнен үзінді Үзінді жайлы пікір Мазмұны сәйкес мақал - мәтелдер
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!

ҮІ. Жаңа сабақ.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы
Шығарма құрылысы:
1. Басталуы: Қамардың бейнесін суреттеу
2. Дамуы: Қамар мен Ахметтің хат жолдасуы, Ахмет бейнесі
3. Байланысуы: Нұрымның әйелінің қайтыс болуы.
4. Шиеленісуі: Қамардың ұзатылуы
5. Шарықтау шегі: Айықпас дертке шалдығуы
6. Шешімі: Соңғы кездесу, Ахмет кегі.

Венн диаграммасы.
Ғайша – Кедейдің қызы, сүйгеніне қосылады.
Қамар – Байдың қызы Жорға Нұрым алып қашады.
Жамал – Орта дәулетті отбасынан шыққан, Ғали қайтыс болған соң, Байжанның босағасына еріксіз барады.
Айтыскер қыздар, 15 жастағы қалың малға сатылған қазақ қыздары, сүйгенімен қашып кетеді, ғашықтары да өздері де ажалмен қауышады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы.
1 Б. Тақырыбы: әлеуметтік теңсіздік, әйел теңсіздігі.
2 Б. Шығарма идеясы: қазақ жастарының бас бостандығы, қыздарды қалың малға сату.
3 Б. Негізгі кейіпкер: Қамар, Ахмет, Омар, Нұрым.
4 Б. Қосалқы кейіпкерлер: Қасен, Жәуке, Жұмабай, Бәтек молда.
5Б. Әдеби бағыт: реализм, соның ішінде сыншыл реализм. Жанры – проза, поэзия+проза.

6 Б. Монолог:
Ахметті сүйемін - ақ, сүйгенім үшін осынша күйемін – ақ,
Ал енді шыдамадым... қараландым. (Қамар, 28 - бет)
Ойдағым келді ме, жылы жауап берді ме,
Қамар мені сүйді ме, сүйгендіктен күйді ме. (Ахмет, 30 - бет)

7Б. Көркемдік ерекшелік. Портрет.
Сұлу, сыпайы, биязы, ақ көңіл, сөзге шешен.(Қамар)
Сөзге шешен, ақын, көрікті.(Ахмет)
Қатыгез, қатал, зұлым, біреуге жақсылық істемеген, өз қамын ойлайтын, бай тұқымынан шыққан адам. (Омар)
8Б. Салт - дәстүр: атастыру, қызды қалың малға сату, жар - жар, үшкіру, кәде беру.
9Б. Мақал – мәтел
«Соқыр тауыққа бәрі бидай.
Таң атпаймын десе де күн қоймайды».
«Кәріліктің алды жігіттіктің соңы».
«Арсызға үш күн мейрам».
«Суға кеткен тал қармайды».
«Теңі келсе тегін бер».
«Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді».
«Бір тойған шалға байлық».
«Жалғыз қыздың үні шықпас,
Жалғыздың жаны шықпас».
«Соқырдың қолына, саңыраудың жолына түспе».
«Жақсыдан жаман туса – емі болмас,
Жаманнан жақсы туса – теңі болмас».
«Ит үрді, керуен көшті».
«Бастан құлақ садақа».

10. Б. Кейіпкерлер мінез - құлқы
Бірақ ауылының малға мастанған мұрынсыздық желбастары ғана Ахметтің зеректігін көре алмай күндеп, іштері тарылып, өліп кете жаздаушы еді. (іштарлық)
Қамардың Ахметке деген махаббаты. (ақпейілдік)
Қамардың басын тескенде (зұлымдық)
Қамарды Нұрымның әкететін кезі (үрей)

11Б. Басқа тілден енген сөздер:
Указаной молда, школа, август, доктор, чаходка (орыс)
Хашарат, күпу, сүре, Ясин (араб)
Шаһыбыз (парсы)

12Б. Шығарма құрылысы:
1. Басталуы: Қамарды суреттеуі. Қамар мен Ахметтің кездесуі. Ахметтің оқуға кетуі
2. Дамуы: Нұрымның әйелі қайтыс болуы. Нұрымның Қамарға кісі жіберуі
3. Шиеленісуі: Қамардың ұзатылуы
4. Шарықтау шегі: Науқастануы
5. Шешімі: Ахметпен кездесуі

ҮІІ. Сабақтың қорытындысы
Қазіргі қазақ әйелінің моделін жасау.
Қазақ әйелі кім, қандай? деген сұрақ төңірегінде
Бағалау кезеңі.
Үйге тапсырма: С. Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы
46 459
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы, «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұнын меңгерту, романдағы әлеуметтік мәселелерге талдау жасау арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу.
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету;
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығының идеялық - эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Романның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы. романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, өздерінше ой
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тілі
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тілі
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Н.Бозжанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылхапова Баян Тұрсынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×