Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайсар рухты ақын

02 қараша 2012, Жұма
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Қайсар рухты ақын
(Ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби - сазды кеш)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ақын Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Оқушыға көркем ойдың айнасы – көркем сөз екендігін үйрету.
Тәрбиелік: патриоттыққа, адамгершілікке, адалдыққа баулу.
Дамытушылығы: өз елінің беделді ақын, жазушы азаматтарының шығармаларын оқып, білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, плакаттар, фотосуреттер, шарлар, кітап - журналдармен көркемделген көрме.
Кештің барысы: Музыка ойнап тұрады.

1 – жүргізуші: Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.

2 – жүргізуші: Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты.

1 – жүргізуші: Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған
«Қайсар рухты ақын» атты әдеби – сазды кешке қош келдіңіздер!».

2 – жүргізуші: Қазақтың қылыштай өткір тілді, қайратты мінезді, қадірлі азаматы Мұхтар Шаханов
1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Бірақ балалық шағы Төле би ауданының Қасқасу ауылында өткен.

Оян, Қайыр бабатайым, қасиеттім, қымбаттым!
Сан алапат тасырдан соң,
Тасыр дауыл басылған соң,
Жеті жарым ғасырдан соң,
Өзіңді іздеп тіл қаттым,
Аман қапты батыр арман,
Отқа оранған Отырардан
Қашып шаққан сол баяғы баладан
Бұл күндері саналы ұрпақ тараған.
Дәуірінің қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам.

1 – жүргізуші: Кешіктің деп кінәлама, айбарлым,
Сені ояту үшін қанша ойладым.
Еңіреген ер, ең аузы дуалы,
Бізге жетті жүрегіңнің шуағы.
Түп - тамырын сенен алып жатқан ел
Саған ұқсас батырларын туады.
Күллі Азия тігетін таңдана
Құм астынан көрінбейді паң қала
Сол қалаға арнаған бұл жырымды
Оң қабақтан қабылдай гөр, жан баба!

Ән. «Өмір - өзен»өлеңі М. Шахановтікі, әні Ш. Қалдаяқовтікі орындайтын Бекбосын Гүлдариға, Көпжасар Ғазиза.
2 – жүргізуші: Әдеби қызметкер, меншікті тілші, Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының хатшысы, Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы қызметін атқарған.
«Арман» өлеңі. Айтолқын.
Ерте, ерте, ертеде
Отырарда
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық ұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала
Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Бірге оқыды,
Бірге ойнады асықты
Екеуіне назар ұрды ел ерек,
Өйткені олар дарынды еді керемет
«Таңдайымыз өрісті оймен татымақ»-
Деп қуана езу тартты отырып.
Ал дарынды медресені тауысты
Он екіге жасы ілікпей жатып – ақ.
Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей,
Өсе берді төске шауып, төрге өрлей,
Екеуіне қараған жұрт сүйсінеді.
Отырардың болашағын көргендей.
Отырарда жаны жойқын дария,
Ойы безбен бар еді бір қария.
Сол қария бір күні екі шәкіртті
Құрметпенен өз үйіне шақыртты:
Балақайлар, балапандар, көк өрім,
Сендерге бір сауал қойсам деп едім,
Туған жан өнерімен, өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел
Менде танып білсем деп ем
Кімсіңдер?
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар білімге
Қане, Дойыл, сен айтшы?
Дойыл айтты:- Жалғыз арман бар менде,
Шектесетін қулықпенен де армен де
Жалын шашса өнерімнің өрнегі
Сонау Иемен, Мысыр, Бағдат елдері
Түгел танып жыр ететін таңдана
Саудегер боп шықсам деймін жан баба.
Тірлігімде жабырқамай, жасымай
Ата жолын қусам деймін осылай.
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке
Өмірімді құрсам деймін есепке.
Ұтыласың, жебемесе желекті ой,
Бұл өнердің табиғаты ерек қой,
Табу үшін жұрт көрмеген пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес пе?
Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын
Өнер қажет, білім қажет сол үшін
Қарт күрсінді:- Ұлым желік қуыпсың!
Неге мұнша желтоқсандай суықсың!
Бағымызға туған дарын болар деп
Қуанып ем,
Сорымызға туыпсың.
Сор боларсың, одан не мән табарсың,
Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың?
Бірақ Дойыл тұрып алды паңдана:
- Арманымды өзгерте алман, жан баба!

Ұлдана: Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды
Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды –
деп қария Дойылмен бір отырған
Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды,
Әбу айтты: - Менде де бар бір арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан
Ұлы баба, Бірақ менің арманым –
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шомын жақсам ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азаптыда шығар - ау,
Неде болса пешенемнен көрермін.
Мейлі, мәңгі жарымайын киімге,
Мейлі, ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел
Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?
Өнеріммен тасып толам кемерге,
Мен өзім риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егерде.

Қарт жымиды: - Бәрекелде, жаз жайраң!
Көл болмаса тоят табар қаз қайдан?!
Біреуіңнің арманыңнан шошып ем,
Бірің, міне, еттің лезде мәз - майрам.
Бірің үшін күрсінумен өтермін,
Бірің үшін сүйсінумен өтермін,
Сөйте - сөйте мен өмірден өтермін
Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім
Ал жарайды, батам осы, барыңдар
Отырарда туған ұлы дарындар!
Әжуасын әжіміне жасырып,
Жылдар ақты,
Жылдар ақты асығып,
Жалын еді - ау арманы айқын, әр көңіл
Екі досты екі арнаға бөлді өмір.
Дойыл солай өзгертпеді шешімін
Дәулет оған жылдам ашты есігін.
Өнері асқан саудагердің көп өтпей
Бағдат, Мысыр түгел білді есімін.
«Есепсіздің несібесі озар ма?»
Әйелінде баулыды ол со заңға,
Қонаққа арнап асылатын етті де
Өзі салып беріп жүрді қазанға.
Тек байлыққа деген жұтаң сарақдық
Жіберді оның бар өнерін қараң ғып.
Міне осылай жазық дарын, жас тұлға
Ұшырады әбілетті тозғынға.
Саудагердің өзге түгіл өзінің
Ұрпақтары кешті ұмытып аз жылда
Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ел қанатын,
Әбуіміз – әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз – біздің ұлы бабамыз
Әбу – Нәсір әл – фараби болатын.
Барлығы хормен: Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда
Үлкен болып қалу үшін ғаламда
Үлкен арман керек екен адамға.
2 – жүргізуші: «Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы бабалардың ерлігі, мен Шыңғыс ханның зобалаңы жайлы әңгімелейтін. Анамның «Бала әле жас қой, түсіне қояр деймісің?» дегеніне әкем: «Жоқ, түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуыма тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері»- дейді ақын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 150
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ақиқаттың ақыны /М. Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби - сазды кеш/
Ақиқаттың ақыны /М. Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби - сазды кеш/
Халқымыз ақыннан кенде болған емес. Сонау ХҮ ғасырдағы жаужүрек жыраулардан бастап бүгінгі күнгі поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының бүкіл ақыл - ойы, сенім түйсігі, шаттығы мен қайғысы, жеңісі мен жеңілісі ең алдымен, ақын жүрегіне жиналғаны
М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
Мұхтар Шахановтың өмірі мен еңбектеріне қысқаша сипаттама беріп, өлеңнің негізгі мәнін ұғындыру, ақын Махамбеттің бейнесін ашу; Оқушыларға тарихымыздағы дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уткельбаева Айгуль Макажановна
Мұхтар Шаханов "Төрт ана"
Мұхтар Шаханов "Төрт ана"
Атырау қаласы, Б. Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бисенбаева Гульфазия
Мұхтар Шаханов «Отырар»
Мұхтар Шаханов «Отырар»
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракемер мектеп - балабақшасы Пән мұғалімі: Әбдібаева Ырысгүл
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×