Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұйық етістік

02 қараша 2012, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты: Етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету
Білімділік: Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру;
Тәрбиелік: Сауатты, көркем жазуға баулу, тілге деген құрметін арттыру;
Дамытушылық: Әр түрлі әдістер мен тапсырмалар арқылы оқушылардың тілдік білімін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
а) Етістіктердің түрлерін ажырата білу;
ә) Тұйық етістік – у жұрнағы арқылы жасалатынын түсіну;
б) Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге, бір - бірін оқытуға дағдылану.
Сабақтың түрі: бекіту, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістері, тест тапсырмалары.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздары, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе (Қызығушылықты ояту)
А) Топқа бөлу. Оқушыларды санау арқылы 2 топқа бөлемін. Әр топ өздеріне ат қойып, топ басшысын сайлайды. «Вассерман» технологиясы бойынша бағалау парағына топ басшылары топтың атын және топ мүшелерін жазып шығады.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үй тапсырмасын қайталау.
«Мақал - мәтелдердің қосымшаларын толықтыр» айдары бойынша екі топқа екі түрлі мақал жазылған парақшалар беріледі. Оқушылар орындап, аты - жөнін жазып өткізеді. Мақалдардың қалып кеткен қосымшаларын тақтадан шығардым. Екі топтың жұмыстарын алмастырып бір - біріне таратып, тексертемін. Оқушылар тексеріп, «Вассерман» бағалау парағына бағаны өздері қойып, бағалайды.
1. Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды.
2. Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер – жетім.
3. Ынтымақ жүрген жерде
Ырыс бірге жүреді.
4. Талапты ерге нұр жауар.
1. Жолдасын тастаған жолда қалар.
2. Ерді талап ұшырар,
Құсты қанат ұшырар.
3. Ақсұңқар ұшар жем үшін
Ер жігіт туар ел үшін.
4. Ердің ұялғаны – өлгені,
Еменнің майысқаны – сынғаны

Ой қозғау
Ұқсастық пен даралық. Бұл бөлемде етістіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары айтылады. Қандай тарауды өтіп жатқанымызды сұрап, оқушыларға осы тақырыптардың ортақ ұқсастықтары мен даралықтарын айтып беруді тапсырамын.

ІІ Негізгі бөлім
Мағынаны тану
«Жеке, жұппен, топпен» әдісі бойынша тақырыпты оқу
Жеке ойлау
Оқушыларға тұйық етістік тарауын оқуды тапсырамын. Алдымен жеке оқыды. Оқушылар барлығы жаппай оқиды.
Көршіңе айту
Бұл кезеңде оқушылар өздерінің оқығандарын бір - біріне түсіндіреді.
Топпен жұмыс
Оқығандарын топ болып талқылап, ортаға бір оқушы шығып айтып береді.
Шығып түсіндірген оқушыларға бағалау парағына өзім баға қойдым.

Оқулықпен жұмыс
«Ішіне сыртына» әдісі. Бұл әдісті қолдану себебім, оқушылардың ойын анықтап бір жүйеге түсіру. Тақырыпқа қатысы барын ішіне, қатысы жоғын сыртқы бағанға жазып ажырату тапсырылады.
260 - жаттығу. Тұйық етістік ішіне, қалған етістіктер сыртына
261 - жаттығу. Берілген сөздерді әрі тұйық етістік ретінде, әрі зат есім ретінде қолданып, әрқайсысына екі сөз тіркесінен құраңдар.
Бұл жаттығуды оқушылар өздері орындарында отырып орындады. Орындап болып оқып береді.

ІІІ. Қорытынды
Тестпен жұмы. Оқушылардың төрт сабақ бойы алған білімдерін тексеру мақсатында әр тақырып бойынша бір сұрақ бере отырып, тест аламын.
1. Күрделі етістікті табыңыз.
а) балтала
в) жұлқылады
с) жүре бер
д) көңілденген
е) жаздыртты
2. Болымсыз етістікті табыңыз.
а) Бүгін кезекші Асан емес.
в) Менде кітап жоқ.
с) Сен ғана келген жоқсың.
д) Уақытың я бар, я жоқ.
е) Бұл кітап қызық емес.
3. Ырықсыз етісті табыңыз.
а) жуынды
в) сөйленді
с) қырынды
д) жылынды
е) киінді
4. Салт етістікті белгілеңіз.
а) шерт
в) асық
с) түт
д) бүрік
е) бақ
5. Тұйық етістікті табыңыз.
а) Алтау
в) Сұлу
с) Бау
д) Отау
е) Дау
Оқушылар белгілеп болғаннан кейін тесттер жиналып араластырылып, қайта таратылды. Тексерген оқушы дұрыс жауаппен салыстырып, бағалау парағына бағасын өздері қояды. Осы кезеңдерді ескере отырып бағалап, коп балл жинаған топты жеңімпаз етемін.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
32 717
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ түрлерін тілдесім барысында қолдана алады.
Тұйық етістіктің түрленуі (күнделікті сабақ жоспары)
Тұйық етістіктің түрленуі (күнделікті сабақ жоспары)
Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де, байланысты болмайды Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс - әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, жақтық мағынаны да
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру; Әр түрлі халықтардың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың бойына құрмет, туған жерге деген құрмет, ізеттілік қасиеттерін дарыту; Сауатты, көркем жазуға баулу, тілге
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Білімділік - тұйық етістік, оның жасалуы мен түрленуі, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту.
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Ескен Елубаевтың шығармалары. Тұйық етістіктің септелуі
Ескен Елубаевтың шығармалары. Тұйық етістіктің септелуі
БҚО, Орал қаласы, №14 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақболатова Лунара Төлегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×