Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалаң және жайылма сөйлемдер

11 наурыз 2015, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшесіне талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу, бірін - бірі тыңдап, құрметтей білуге баулу.
Дамытушылық: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, талдау
Көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, тест түрлері
Техникалық құрал: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
- Сынып оқушыларын топқа бөлу;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Жақты және жақсыз сөйлемдер, олардың жасалу жолы
72, 76 - жаттығулар. (Берілген сөздерден жақты, жақсыз сөйлемдер құрау)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Сұрақ - жауап әдісі
1. Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
2. Жай сөйлем дегеніміз не?
3. Жай сөйлемнің түрлерін ата.
4. Жақты және жақсыз сөйлемнің айырмашылығы неде?
5. Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
6. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын ата.

ІҮ. Жаңа сабақ
Жалаң және жайылма сөйлем
Жаңа сабақты түсіндіру үшін тақтаға сөйлемдер беріліп, сөйлем мүшесіне талданады.
1) Мұғалім кірді. Оқушылар отырды. Қоңырау соғылды. /жалаң сөйлем/
2) Мұғалім сыныпқа кірді. Оқушылар орындарына отырды. Қоңырау сыңғырлай соғылды. /Жайылма сөйлем/
1. Берілген сөйлемдерді талдау барысында не байқауға болады?
2. Сөйлемдер арқылы қандай ереже шығаруға болады?
/Оқушылар жауап береді/
3. Оқушылар жауабын оқулықтағы ережемен салыстырып, олардың ойларының дұрыстығын түсіндіремін.
(Жалаң және жайылма сөйлемдердің ережесін дәптерге жазып аламыз)
Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Тұрлаусыз мүшенің біреуі қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Жалаң, жайылма сөйлемдер жасалу жолына қарай жақты және жақсыз бола алады.
Мысалы:
Үй жылы. Ол жазды /жақты, жалаң/
Қарағым келеді. Айтуға бола ма? /жақсыз, жалаң/
Алыстан мұнар тау көрінеді. /Жақты, жайылма/
Менің бұл тапсырманы орындағым келеді. /Жақсыз, жайылма/

Ү. Жаңа сабақты бекіту
1) Оқулықпен жұмыс.
78 - жаттығу. /Мәтінде берілген жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдыру/
Мәтін 4 топқа бөлініп беріледі. /Тақтаға орындайды./
Жалаң сөйлемдер: Едіге үйренді. Ол жыршы болды. Ол күйші болды. Қолдан - қолға тұрмады. Ол қоймады. Ол тоймады. Өнері өрледі. Күйші бар. Ол тартса. т. б
79 - жаттығу /Берілген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру/
Сөйлемдер 4 топқа 2 сөйлемнен бөлініп беріледі.
Үлгі: Нұрмағанбет тілін алды – Нұрмағанбет анасының тілін алды. /анықтауыш/
2) Топпен жұмыс. 3 қатар – 3 топ
Әр топқа семантикалық карта беріледі:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 878
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Жaлaң және жaйылмa сөйлeм
Жaлaң және жaйылмa сөйлeм
Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік бере отырып, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуді, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге үйренеді.
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Атырау қаласы Жалпы білім беретін №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдешова Бақытжан Шапиховна
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×