Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күшейткіш үстеу

17 наурыз 2015, Сейсенбі
Қазақ тілі 6 сынып
І. Сабақтың тақырыбы: Күшейткіш үстеу
ІІ. Мақсаты:
1) Үстеуді, үстеу түрлерін, күшейткіш үстеуді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту.
2) Шығармашылық жұмыстар арқылы ой - санасын, тілін, білімділігін арттыру.
3) Ана тілін ардақтай білуге, туған жерін, тілін сүйе білетін ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: электронды оқулық, интерактивті тақта. Деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ түрі: аралас сабақ, жаңа сабақ беру.
Сабақ әдісі: Караевтың деңгейлеп оқыту технологиясы.

ІІІ. Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру. Сабаққа дайындау. Тақаға ашық журнал ілінеді.
2) Үйге берілген тапсырманы сұрау. Үстеудің мағыналық түрлері.
1. Мөлшер үстеуі.
2. Үстеулерді қатыстырып мәтін құрау, яғни шығармашылық жұмыс.
3) Үйге берілген тапсырманы сұрап болған соң, тақтадағы ашық журналға әр графаға тапсырманың орындалғаны жөнінде белгі қойылады.
4) Үйге берілген тапсырманы қорытындылап, электронды оқулық қосылады. Оны тыңдап, өтілген тақырыптар жөнінде оқушылар арқылы ой түйінделеді де, жаңа сабақ өтіледі.

ІV. Жаңа сабақ. Күшейткіш үстеу.
Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді. Сырт ажарында тіпті тірлік белгісі жоқ.
Сайысқа қатысатын оқушылар керемет сөйлейді.
Күшейткіш үстеу қимылдың, іс - әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, т. б. Бұнда күшейткіш үстеулер сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалып, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады.
Мүлдем білмейді, әбден шаршаған, керемет сөйлейді,- деген мысалдарда етістікпен тіркесіп қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді.
2) Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін, білімнің биік шыңына шығатын эмблема көрсетіледі. Бұл эмблеманың белгісі - барлық тапсырманы орындаған оқушының шыққан биік шыңы.
3) Деңгейлік тапсырмалар орындалады.
І деңгей.
Мына сөйлемдерден үстеуді табыңыз.
1. Асан екеуміз ақырын әңгімелесіп келеміз.
2. Ауыл үйлері біріне - бірі әдейі жақын қонған.
3. - Ал, енді тынығайық,- деді Асан.
4. Жетісу ата жеріміз еді. Әз - Жәнібек хан заманынан бері қырқысып келеміз. Әуелі жеңдік.
5. Жоғары - төмен үйрек - қаз ұшып тұрса сыпылдап.
6. Алыста Алатаудың қарлы шыңдары жарқырай күнге шағылысады.

ІІ деңгей.
Үстеулерді құрамы жағынан талдау.
1. Әрлі - берлі дөңбекши беруге серіктерімді оятып алармын деп қысылдым.
2. Топтанып келген қасқырлар жылқыға шапқанымен, қоңын ойып, жағын сындырып алған тай болмаса, ешбірін жығып алып, емін - еркін жей алған жоқ.
3. Көзіңді ашып жұмғанша жылдам хабар алғызады.
4. Ауыл ілгері көшті.
5. Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді.
6. Жігіттің даусы аз сыбырлады да, қақпаны қайта ашты.

ІІІ деңгей.
Үстеулерді мағынасына қарай ажырат. Сұрақ қою арқылы үстеулердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын дәлелде.
1. Аққасқа ырылдағанда Бейсенбайдың денесі мұздап ілгері жылжи берді.
2. Бүгін өлген жауыңның ұрпағы ертең қайыра аттанбай ма бері қарай?
3. Барлық аттылар жан - жаққа шаба жөнелді.
4. Бандылар күшігін алдырған қасқырша кезіп, елдің үрейін ала бастады.
5. Омбы вокзалы едәуір үлкен де салтанатты көрінеді.
6. Осы кезде жұмысшылардың барлығы да әбден шаршаған болатын.
7. Бұл өте батыр екен.

Деңгейлік тапсырмаларды орындап болғаннан кейін ашық журналға белгі қойылып, бағаланады.

IV. Қорытындылау.
1. Мұғалім:
Мектеп қабырғасында қазақ тілінен алған, әлі де ала беретін бүкіл білімді ана тіліміздің қадір - қасиеті арқылы сезініп, сан алуан ғылым - білім негіздерімен хабардар болып, бойымызға жинақтаймыз. Сондықтан ана тілді ардақтап, туған тілді құрмет тұтамыз.
Осы орайда сабақты мына өлең жолдарымен аяқтаймын:

Қасиетті қазақ тілі - ана тілім
Қымбат бізге ар тілім - баба тілім.
Жатыр мұнда халқымның шежіресі,
Қуанышы, қайғысы - қасіреті.

Қабат - қабат елімнің тарихы бар,
Сыры да бар, мұңы бар, бәрі де бар.
Ізі болып Ақтабан шұбырынды,
Туы болып тігілді Абылайдың.

Ей, жастарым, бағалай біл тіліңді.
Қазыналы қарттары бар ұғымды.
Оқышы сен қалың - қалың томдарды.
Танисың сен сол арқылы асылыңды.

Кешегі өр Махамбет хандарға
Тілін тартпай сөйлеген
Үні болған ғажап тіл.
Абай, Мағжан, Сәкеннің
Тілі болған қазақ тіл.

Өзге ұлттарды оқытты өз тілінде
Қазақ деген ел бар деп
Бар әлемге паш еткен Абайды
Мықты екен - ау, мықты екен
Мұхтар болып сөйлеген
Қазақ тілі - ғажап тіл.

2. Оқушылардың деңгейлік тапсырмаларға байланысты алған ұпайларының қорытындысы баға болып қойылады.

V. Үйге тапсырма беру.

 Күшейткіш үстеу.
 "Достық" тақырыбына шағын шығарма жазу.
 Шығарма жазуда үстеу түрлері қолданылу керек.
15 259
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үстеудің мағыналық түрлері
Үстеудің мағыналық түрлері
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алдабергенова Айжан Бериковна
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Қазақ тілінен сабақтар топтамасы
Қазақ тілінен сабақтар топтамасы
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Ақдала орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Умбетова Қарлығаш
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Маликова Айнұр Кеңесбайқызы
Мақсат үстеуі
Мақсат үстеуі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Койшыбаева Айгерим Нурлановна
Күшейткіш  үстеу
Күшейткіш үстеу
Базарова Ақкенже Мырзақызы Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×