Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасиетті ана тілім

14 қараша 2019, Бейсенбі
«Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы «Тіл апталығының» қорытынды кеші.

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойындарын ойнату, ой - толғау, полиглот, жат оқу т. б.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар.
Түрі: Ойын – сауық кеші.

Өтілу барысы:
Мұғалім: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Полатова.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Бұған дейін «Тіл мерекесіне» байланысты 15 қыркүйектен бастап жоспар бойынша іс – шаралар жүргізілді. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Бүгінгі өткізгелі отырған «Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы іс – шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса, тілім деп жүректері соғып тұрған жалынды жастарымыздың «Тіл мерекесіне» арнап дайындаған «Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы қорытынды кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
Облыстық «Қоңыраулы қошақан» байқауының бас жүлдегері «Сыр сұлуы» бишілер тобының орындауында «Шашу».
1 - жүргізуші:
Кенің бай, келімің мол туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.
Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Қасиетті ана тілім» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:
Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.

1 - жүргізуші:
Еліміздің болашағы – жасөспірімдер тәрбиені ұлттық мектептен алады. Өкінішке орай, оны көптеп жабу, қысқарту орын алғаны белгілі. Соңғы 30 жылда 700 - ден астам қазақ мектебі жабылды. Қазақ мектебінің тағдыры Сәбит Мұқановты қатты толғандырды. Ол өз сөзінде былай деді: «Мен ұлттық қазақ мектептерінің жабылуына үзілді – кесілді қарсымын. Менің партиялық ар ожданым мұндай идеялық тұрғыдағы қателікке төзбейді». Тіл тағдыры шешуін күтті. Көпшілік ойы айтыла бастады. Басқа мәселелерде кезекте тұр еді. Ақыры 1986 - ның желтоқсаны тығырық кезеңнен құтқарды. Соның лебімен 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28 - і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 7 - күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

2 - жүргізуші:
Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі!
Осы заң талаптарынан соң 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі болып аталып өтілуде. Қазір іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізетін мекемелер көбейді, жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілінде өтетін сабақтар саны бұрынғыға қарағанда көп өсті. Мекеме, ұйымдар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасымен жұмыс істеді. 2011 - 2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы шықты.

1 - жүргізуші:
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан - ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан – жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.

2 - жүргізуші:
Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.

1 - жүргізуші:
Орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.

2 - жүргізуші:
Ия, оған мыңдаған мысал келтіре аламыз. Әсіресе, бүгінгі өткізгелі отырған ойын - сауық кешіміздегі туған тілін сүйіп оқитын қазіргі заман жастарымыз мысал бола алады деп ойлаймын. Ал олай болса ойын - сауық кешін бастауға рұқсат етіңіздер. Ойын – сауық кешімізге 9 а, ә, б сыныптарынан 3 топ қатысады. Топтар өзара сайысқа түседі. Осы сайыстарға әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі
3. Шет тілі пән бірлестігінің жетекшісі
4. Орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі
Бағдарламамыздың бірінші бөлімі - «Алтын тамыр» деп аталады. Осы атаумен бабалар мұрасынан қол үзбегендігімізді білдіргіміз келеді яғни әр топ өздерін таныстырады. Таныстыру бөліміне ұран, төсбелгі, қабырға газеті кіреді.

1 - жүргізуші:
Ал олай болса іске сәт!
1топ: «Қазақ тілі - өрісі мол қазына»
Ұраны: Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
ІІ топ «Тіл – рухани күре тамыр»
Ұраны: Егер тілім ертең болса құрымақ,
Біз дайынбыз өлуге де бүгін – ақ.
ІІІ топ «Туған тіл – басты байлығым»
Ұраны: Ана тілім өркенде
Бола бер күшті көркем де.
1 - жүргізуші: Әділ – қазылар алқасынан топтардың ұпайларын сұраймыз.
1топ: «Қазақ тілі - өрісі мол қазына»
ІІ топ «Тіл – рухани күре тамыр»
ІІІ топ «Туған тіл – басты байлығым»

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу
41 345
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сүйемін туған тілім - ана тілін
Сүйемін туған тілім - ана тілін
Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өрісін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қасиетті ана тілім тақырыбындағы «Тіл мерекесі» онкүндігінің қорытынды кеші
Қасиетті ана тілім тақырыбындағы «Тіл мерекесі» онкүндігінің қорытынды кеші
Тілім менің - тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің?! Өз халқыма жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Барысы: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы М. Ломоносов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманкелди Аскерхан
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×