Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Мұңлық-Зарлық" ғылыми жоба жұмысы

03 қараша 2012, Сенбі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Мазмұны
Терминдер тізбегі
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Туған өлкем - шежірем
2. «Мұңлық - Зарлық» дастанының қысқаша мазмұны
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Суреттер жинағы
Терминдер тізбегі.

Сұлба – кескін
Әулиел, киелі – қасиетті жер
Шөгірлі тоғай – жер атауы
Сынатас, құлыптас – бейіт басына қойылатын белгі
Көнекөз, кәріқұлақ – көп жасаған қария
Мұрынқарақ, Қарақ – тау атауы
Саят – аңшылық
Жалбағай – жұпынды, жыртық
Ғайып ерен қырық шілтен – періште
Даргаһ – жаратылыс иесі

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Халық ауыз әдебиеті өмірде болған оқиғалардың жаңғырығы, сұлбасы, одан оқиғалар ізін, тарих сырын танимыз. Қала берді белгілі бір мекенді анықтайды, сілтеме жасайды. Сол сияқты қазақтың ауыз әдебиетінің асыл мұраларының бірі болып саналатын « Мұңлық - Зарлық» жөніндегі аңыз шынында да біздің қазаққа ата – тегі жат, кірме, бірақ, сіңісіп кеткен дүние ме? Жоқ әлде, өз жеріміз, өз елімізде жаратылған төлтума ма? Ал егер бұл оқиға өз жерімізде өткен болса қайда өткен? Міне осындай өзекті мәселелерді шешу мақсатында сыр бойындағы әулиелі киелі жердің сырлы тарихи оқиғасы «Мұңлық зарлық» аңызының объективті бейнеленуін зерттеуді қолға алдық.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Қазақ халқының әділ ханы Шаншарханның перзенттері «Мұңлық – Зарлық» жайлы мәліметтер өте аз. «Мұңлық - Зарлық» әулиесінің тарихы туралы қазақ халқы әлі де біле бермейді.
Біздің мақсатымыз қанша ғасырлар бойы халық аузында жүрген сан алуан аңыз - әңгімелері мен жыр аралас нұсқаларын жинақтап, бірізге түсіріп, бұл оқиғаның шығыста емес дәлірек айтсақ қазақ жері Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, киелі Байырқұм жеріндегі Сыр бойында өткенін анықтау және дәлел келтіру.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:
Мұңлық пен Зарлық, Қаншайым мазарының басына зират етіп жүрген кісілердің, көне көз қариялардың әңгімесінен Қаншайымның аты жазылған құлпытастың табылу тарихын білдік. Ең кем дегенде үш - төрт ғасырлық мерзімде жерленген Қаншайым бейітін қазып, басындағы құлпытасты тапқан марқұм Әсілхан деген молда екен.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері:
«Мұңлық - Зарлық» дастаны өзінің мазмұны мен көркемдік сипаттары жағынан айрықша дараланатын құнды шығарма, ол тарихи шындық негізінде атап айтсақ, қазақ пен ноғай бөлінбей бірге жасаған дәуірдің көріністерін көркем бейнелейді.

Зерттеу жұмысының методологиясымен әдістемесі:
Жұмыстың басты методологиялық негіздері болып қазақ әдебиеті тарихы ғылымында жиі қолданылатын негізгі әдістер: тарихилық, жүйелік, талдау, тарихи салыстыру, халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жинақтау және салыстыру және батырлық эпоста кездесетін сөз оралымдары мен бейнелеу тәсілдері кеңінен қолданылған, объективтілік басты принцип ретінде алынған. (Эвроцентристік, шовинистік, субъективті т. б көзқарастар терістеліп отырады).

Туған өлкем - шежірем.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Жер туралы» заңды қабылдау тұсында «Жер мемлекетіміздің тұғыры. Тұғыры мықты болса – бақыт, құласа - сор» дегендей, ата - бабамыз болашақ ұрпағына көзіндей көріп, өзіндей аялап жүруі үшін мәңгі мұра етіп артына тек туған жерін ғана қалдырған. Туған жердің әр тасы, әрбір бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата – бабамыздың бізге беріп кеткен баға жетпес аманаты.
Туған жердің әрбір жер – су атаулары халқымның бай, шежіресі. Біздің байлығымыз. Қандай ұлт, қандай ел екендігімізді көрсететін ескерткіш – мұра.
«Туған өлкеміз тұнған шежіреміз» деп бекер - босқа айтылмайды. Тау мен даланың, шөл мен құмның, әрбір өзен – көлдің, өзге де жер - судың, сай - сала мен бастау – бұлақтың, елді мекеннің атауларында алуан - алуан сырлар бар. Кемеңгер суреткеріміз, данышпан жазушымыз Мұхтар Әуезов былай дейді: «Біздің қазақ - жер атын, тау атын әманда сол ортаның сыр - сипатына қарай қоя білетін жұрт. Қайда, қандай бір елге барсаң да жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән - мағына, шешілмеген құпия сыр жатады?!».
Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданына қарасты Байырқұм ауылында туып, өстім. Менің туған жерімнің табиғаты керемет. Байырқұм ауылы сыр бойында орналасқан. Менің ауылыма көршілес Аққала, Жиделі елді мекендері бар. Арыс қаласынан Шардара қаласына қарай Аққала, Жиделі, Байырқұм елді мекендерін кесіп, үлкен жол кетеді. Шардара қаласына қарай бағытталған көлік жолы Сырдариядан өткен соң, көп ұзамай Сырдың сол жағасын бөктерлей Балтакөл, Маяқұм, Ақынтоғай, Ақтөбе елді мекендерін басып өткен үлкен жолға қосылады. Сол жерден Сыр жиектеп, Шардараға қарай жол кетеді. Осы үш жолдың түйіскен жерінен екі - үш шақырым жоғары жүрсе, жол жиегіне жақын әулие қорымдар бар. Ол қорымдарды бізге белгісіз заманнан бері «Мұңлық», «Зарлық» қорымдары деп атайды.

- Мұңлық кім? Зарлық кім? Бұл қорымдар неге олай аталады? Қиссашыл ақын Жүсіпбек Шайхысламұлының шығыста өткен деп жазған «Мұңлық - Зарлық» дастанындағы Мұңлық пен Зарлық емес пе екен?- деген ойлар мені мазалады. Содан мен Зарлық әулиесіне барып бейіт басындағы мешітке кірдім. Онда Зарлық – Мұңлыққа анасы Қаншайымға және әкесі Шаншарханға арнайы салынған кесене бар екен. Кесенеде «Мұңлық – Зарлық анасы Ханшайым әкесі Шанашрхан патша дүниеден өткеніне 440 жыл» деген жазу бар екен. Бұл кесене 1996 жылы қойылыпты. Мұны біліп мен терең ойға қалдым.
Қазіргі кезде бұл маңды көбірек жайлаған қоңырат көктің ұлынан тараған ру иелері мекендейді. Әулие қорым ретінде осы Сыр бойында тұратын халық күні бүгінге дейін оны қатты қастерлейді.

Бұл бейітке «Байырқұм», «Жиделі», «Аққала», «Достық», «Ақ - алтын», «Қазақстанның алпыс жылдығы» атындағы ауылдар марқұмдарын жерлейді. Апта сайын жұма намазы оқылып тұрады.
Бұл сауапты күні әрбір азамат өздерінің ата - анасының, туған - туыстарымен жекжаттарының, әрине «Қаншайым» мен «Зарлық және Мұңлықтың» басына дұға оқып, бейіттің төңірегін тазалауды әдетіне айналдырған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 579
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.
Халық ауыз әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті
Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған.
Алдар көсе мен салт атты (ашық сабақ)
Алдар көсе мен салт атты (ашық сабақ)
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып саналатын аңыз туралы түсінік беру, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Ертегілер
Ертегілер
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Этнопедагогика
Этнопедагогика
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×