Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері

26 наурыз 2015, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін жүйелеу, қорыту, әр жыл мезгілі туралы ұғымдарын жетілдіру, әр мезгілдің ерекшеліктерін салыстырып айтып беруге жаттықтыру. Сөз тіркестері мен сөйлем құрау дағдыларын арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап айтуға үйрету;
2. Жыл мезгілдері туралы айта келіп, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту. Берілген сұрақтарға нақты, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, оны аялай білуге, өз денсаулығын шыңдауға пайдалана білуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс - сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, диалог, оқу, аудару, кәртішкемен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, топпен жұмыс, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кәртішкелер, тірек - сызба,, слайдтар, «Жыл мезгілдері» презентациясы, көрме «Көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек»

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Кезекшімен сөйлесу, сыныпты түгелдеу, айдың аты, күннің санын айтады.
Сабақтың эпиграфы: «Әр жыл мезгілі өзінше тамаша!»
1 - ші слайд: Жыл мезгілдерінің суреттері:

ІІ. Сайыстар
І кезең СҰРАҚ - ЖАУАП
І топ сұрақтары:
1. Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
2. Қазір қандай жыл мезгілі?
3. Бір жылда неше ай бар?
4. Көктем айлары қандай?
5. Жаз айлары?
6. Көктемде ауа райы қандай?
7. Жазда күн қандай болады?

ІІ топ сұрақтары:
1. Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
2. Қазір қандай жыл мезгілі?
3. Бір жылда неше ай бар?
4. Күз айлары қандай?
5. Қыс айлары?
6. Күзде ауа райы қандай?
7. Қыста күн қандай болады?

ІІ кезең ЕҢ ҮЗДІК ӘҢГІМЕ
Әр топ қоржыннан қай жыл мезгілі жазылған конвертті алып шықса, сол мезгіл туралы топ болып, ассоциация құрайды да, әңгімелеп береді

ІІІ кезең ҮЗДІК ОРЫНДАУШЫ
Әр топ Жыл мезгілдері туралы өлеңдерін оқиды
*Күз айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Жапырақтар сарғайып,
Жерге түсе бастады.

* Жапалақтап ала қар,
Жауады күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап

* Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.

* Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты

*Көктем келді көңілді!
Секіремін қуанып.
Кел, достарым көктемді,
Қарсы алайық жыр салып…

ІV кезең ЭСТАФЕТА
Әр топ оқушылары кезекпен тақтаға шығып, 12 ай аттарын тізіп шығулары шарт
(наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан )

V кезең САНДАРДЫ СӨЙЛЕТЕЙІК
Кезектесіп сандар жазылған парақтарды ашып, сандардың арт жағындағы сұрақтарды оқып, жауап береді
1. Наурыз айында қандай мерекелер бар?
2. Сәуір айында қандай мерекелер бар?
3. Мамырда қандай мерекелер бар?
4. Маусым айында қандай мейрам бар?
5. Шілде айында қандай мерекелер бар?
6. Тамыз айында қандай мереке бар?
7. Қыркүйекте қайда барамыз, қандай мереке бар?
8. Қазан айында кімдерді құттықтаймыз, ол қандай мереке?
9. Қараша айында қандай мереке бар?
10. Тәуелсіздік мерекесі қай айда?
11. Қаңтардағы үлкен мереке қандай?
12. Ақпан айында қандай мереке бар?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 824
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері өлеңімен таныстыру; Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерісрері жайлы еркін әңгімелей білуге үйрету; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Күз мезгілі жайында түсінік беру. Есте сақтау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу. Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту; Жыл мезгілдерін бір - бірінен ажырата білу. Балалардың ақыл - ойын, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, есте сақтау қабілетін сурет бойынша дамыту.
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Алтын күз
Алтын күз
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбмра Жасұланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×