Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалаң және жайымал сөйлем

04 сәуір 2015, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: «Жалаң және жайылма сөйлем».
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, жай сөйлем туралы білімдерін кеңейту, өтілген жақты және жақсыз сөйлемді пысықтап келесі түрі жалаң және жайылма сөйлемді, оның жасалу ерекшеліктерін меңгерту, синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік – шәкірттердің оқуға деген саналы көзқарастарын арттыру, ұжымдық іскерліктерін ұштау, деңгейлеп – саралап оқытуда оқушы бойындағы адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, қоғамдық ортаға икемді жеке тұлғаны қалыптастыру;
Дамытушылық – жұмысты түрлендіру барысында деңгейлік тапсырмалар орындауда оқушылардың белсенділіктерін арттыру, шығармашылыққа баулу, сөздік қорларын байыту;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дамыта оқыту (сайыс сабақ)
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрнекілік әдісі, ішінара іздендіру, сұрақ – жауап, баяндау, репродуктивтік, практикалық әдіс, эссе, бес жолды өлең, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: «Болашақтың қаласы» көрсетілген плакат, үлестірмелі парақтар, тірек сызбалары, деңгейлік тепсырмалар, 8 - сыныптың қазақ тілінен дидактикалық материалы, кесінділері, Абай өлеңі жазылған плакат.
Техникалық құрал: кадоскоп.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. а) сәлемдесу.
ә) түгендеу.
б) барлық зейіндерін сабаққа аударуларын талап ету, топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: жақсыз сөйлем. «Кім болам?» тақырыбына эссе.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім: Иә, балалар, жарқын болашақтың иелері сіздерсіздер, «болашақ бүгіннен басталады» дейміз, яғни біз болашақ өмірдің «тұтқасын» ұстайтын азаматтарды тәрбиелеп отырмыз. Жаңа ғасыр азаматы рухы биік, саналы, тәртіпті, жауапкершілігі мықты, ақылды, білімді, талап қойғыш болуы керек.
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек, - деп Абай атамыз жырлап кеткен екен. Осы өлеңмен үндесіп келетін Абайдың нешінші қара сөзін білесіздер?

Оқушы: Он жетінші қара сөзінен.
Мұғалім: Тақтадағы сурет осы негізде құрылған. Кім осы суретті түсіндіріп бере алады?

Оқушы: Абай атамыз «ақыл, қайрат, жүрек үшеуің басыңды қос, бәрің жүрекке билет» деген болатын. Ақыл арқылы қайратқа да, жүрекке де жылу тарайды. Өзбеттілік, тереңдік, кеңдік, еркіндік, айқындық, шапшаңдық ақылдан тараған шуақ секілді.

Мұғалім: Олай болса, балалар сол «Болашақтың қаласына» жету үшін ақыл сынына түсесіздер.
Сабақ ары қарай ақылдың түрлері бойынша жалғасады. Сынып екі топқа бөлініп, сайысқа түседі. Сын 5 кезеңнен тұрады.

1 - кезең. Ақылдың өзбеттілігін сынау.
а) Сөйлемге сатылай кешенді талдау жасау. 2 топтың 2 оқушысы тақтада жұмыс істейді.
1) Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ
Хабарлы, жай, жақты сөйлемдер.
Тірегі – ұрпақ (есімді тіркес, интонация арқылы, қиысу).
Білімді ұрпақ (есімді тіркес, орын тәртібі, қабысу анықтауыштық қатынас)
Тәуелсіздік тірегі (есімді, матасу, жалғау арқылы, анықтауыштық қатынас)
2) Бұл өмірден жылап кеткім келмейді!
Лепті, жай, жақсыз сөйлем.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 472
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң болып бөлінуі тұрлаулы мүшелерге, жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×