Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үстеу туралы қайталау

15 сәуір 2015, Сәрсенбі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы,
М. Маметова атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна

Тақырыбы. Үстеу туралы қайталау
Мақсаты. Үстеу туралы білімдерін тиянақтау. Есте сақтау, ынтымақтаса отырып еңбектену дағдыларын дамыту. Әдептілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже. Үстеу туралы білімдері жинақталады. Ынтымақтастық орта құрады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды.
Ресурстар. ИТ, оқулық, плакаттар, маркер
Әдістер. СТО, ОүБ, АКТ, ОЖЕ

Барысы. І. Ұйымдастыру. - психологиялық ахуал “Менің көңіл - күйім”
ІІ. “Сөздер жиынтығы” әдісі
1. Әр сөздің екінші дыбысынан сөз құрау
2. Үстеу туралы қайталау.
ІІІ. Топқа бөлу.
1. Топтардың мекен, мезгіл, сын - қимыл үстеулері туралы білетіндерінен постер арқылы қорғау.
2. Топтардың тапсырмаларды орындаулары.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс. 1. 27 - жаттығу
2. Сергіту сәті.
3. 28 - жаттығу. Семантикалық карта құру.
4. “Дәлелдеу” әдісі 29 - жаттығу.
Ү. Сабақты қорыту. Тест тапсырмасы.
Рефлексия.
Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

“Сөздер жиынтығы” сөздердің екінші дыбыстарынан сөз құрау (Түзу, асық, ата, себет, сурет)
Үстеу

Мезгіл, Мекен, Сын - қимыл

Түрлі - түсті стикерлер арқылы топқа бөлу
1 - топ мезгіл үстеу
2 - топ мезгіл үстеу
3 - топ сын - қимылды білдіретін үстеу

1 - топ. Жұмбақтан үстеуді табу, сұрақ қою.
Түнде бармын, кешке жоқпын.

2 - топ. Өлең жолдарынан үстеуді табу, сұрақ қою.
Жоғары, төмен үйрек - қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз - келіншек үй тігер,
Бұрыла басып былқылдап.

3 - топ. Мақалдан үстеуді табу, сұрақ қою.
Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес – ұзартуың оңай.

Көркем жазу.
Әр үстеуге байланысты үш үстеу сөз жазу.

Оқулықпен жұмыс. 27 - жаттығу Тиінге қатысты сөздерді таңдап алып, қай сөз табы екенін анықтау, дәлелдеу.
Зат есім, Сын есім, Үстеу, Етістік
Сергіту сәті
Ұлытау «Жұмыр қылыш»

 28 - жаттығу Семантикалық карта. Үстеулерді мағыналарына қарай топтап жазу.
Жол - жөнекей, әуелден, былтыр, ілгеріде, әлдеқашан, тысқары, күндіз, мұнда, төмен, сонда, үнемі, тез, ежелден, қолма - қол, баяу, әрең - әрең, етпетінен
Мезгілді білдіретін үстеулер Былтыр, әуелден, әлдеқашан, күндіз, ежелден
үнемі
Мекенді білдіретін үстеулер тысқары, төмен, сонда, ілгеріде, мұнда
Сын - қимылды білдіретін үстеулер жол - жөнекей, қолма - қол, етпетінен, баяу,
әрең, тез

29 - жаттығу “Дәлелде ” әдісі Берілген сөздердің үстеу екенін дәлелдеу. Ауызша сөйлем құрау.
1 - топ жаздыгүні
2 - топ кенеттен
3 - топ сыртта

Тест
1. Үстеу дегеніміз -
а. Заттың сапасын, сынын білдіреді
ә. Іс - қимылдың әр түрлі сапасын, мезгілін білдіреді
б. Заттың іс - қимылын білдіреді
2. Үстеудің сұрақтарын ата
а. Қайда? Қашан? Қанша? Қалай?
ә. Қайда? Қашан? Қалай?
б. Қашан? Қанша? Қай?
3. Үстеулер ең алдымен қай сөз табының алуан түрлі белгілерін білдіреді?
а. Етістік ә. Есімдік б. Сан есім
4. Қосарлану арқылы жасалған үстеуді көрсет.
а. құр босқа, жай әншейін
ә. Бостан - бос, оп - оңай
б. Жылдам, баяу, қазір
5. Еріншектің... таусылмас
6. Әлемнің бар екі күзетшісі:
Бірі – күндіз тынығады,
Бірі – түнде тынығады

Жауабы:
1. Ә
2. Ә
3. А
4. Ә
5. ертеңі
6. Күн мен ай

Рефлексия. “ Табыс кілті”
Мен түсіндім
Мен жасай аламын
Мен түсінбедім

Бағалау. Топ басшыларының, мұғалімнің бағалауы.
Үйге тапсырма. Ережелерді қайталау. Әр үстеуге қатысты 2 сөйлемнен жазып келу.

Қосымша
Мына тұрған тайлағым,
Келмейді оны...
Сирақ, мойын көрік деп,
Жүр жирафқа...

Мына тұрған торайым,
Танауына...
Шалшыққа кеп аунайды,
Нас баладан...

Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған...
Тістемейді, теппейді,
Бос қойсам да...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 770
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу
Оқушыларды мезгіл үстеулері, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру; үстеулердің мағыналық түрлері туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру; мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем құрастыра білуге және сөйлем ішінен таба алуға үйрету.
Мекен үстеу
Мекен үстеу
ОҚО Шымкент қаласы Бастауыш сынып мұғалімі: Унгарбекова Бақыткүл
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, М. Маметова атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна
Отбасы
Отбасы
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, М.Маметова атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна
Үстеу
Үстеу
Алматы қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Зульфия Нопирбаевна
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×