Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

30 сәуір 2015, Бейсенбі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бердіқожаева Меруерт

Сабақ тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік беру, меңгерту, тапсырмалар арқылы сөз мағыналарын ажырата білу, сауатты жазуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Сабақ барысында баланы өзгенің пікірін тыңдап, сыйлай білуге, өз бетінше жұмыс жүргізе білуге, тапсырмалар орындау кезінде шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сабақ барысында баланың сөздік қорын молайту, ойын дамыту, өзгенің пікірін тыңдап, өзіндік ой қорытуға қалыптастыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, салыстыру
Сабақ көрнекілігі: сурет, таблица, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін - өзі тану

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын пысықтау
1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
2. Сұрақ - жауап
А) Лексика қандай мағына береді?
ә) Лексика нені зерттейді?
Б) Сөз дегеніміз не?
В) Қартайып барып, қайта жасарған
сөзді тап
Әділдігі болмаса, әкім - ит.
Аяңсыз болса атың - ит.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы болып табылады. Мысалы, аспан, жер, жел, бұлт, орман дегендер заттарды атаса, биік,, жылы,, жақсы
дегендер сапаны, ал бару, салу, оқу дегендер қимылды атайды.
Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің тура мағынасының негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады.
Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп атайды. Мысалы, көз - адамның немесе жан - жануардың көру мүшесін білдіретін оның бастапқы мағынасы, күннің көзі, бұлақтың көзі дегендегі көз - оның ауыспалы, туынды мағыналары. Тіл сөзінің бастапқы тура мағынасы – адамның баста орналасқан дене мүшесі, ауыспалы мағынасы - ана тілі, орыс тілі дегендердегі мағынасы.
Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып туады.
Сөздің бастапқы, түпкі мағынасы тура мағына деп аталады. Сөздің бастапқы, түпкі мағынадан ауысып қолданылуын ауыспалы мағына дейміз.
Сөз мағыналары: тура мағыналы, ауыспалы мағыналы, көп мағыналы болып бөлінеді
Мысалы: Тынымсыз жүрек таңғы тәтті ұйқыны Рысқұловтан тартып алды. Рысқұлов ақылды, аса ірі де бай мінездің адамы. Қалың жұрт өзіне қарап қалғанын сезіп,
Рысқұлов қатаймақ болды. Бұл әлі ешкім айтпаған сауал, үлкен жұмбақтың шешуші кілті еді. Сұр жыландай суық сұрақ. (Ш. Мұртаза. “Қызыл жебе”)

ІҮ. Жаңа сабақты меңгергенін байқау:
Тура және ауыспалы мағынада тұрған тіркестерді ажыратыңдар:

Өткір қайшы, өткір пышық. Өткір ой, өткір мінез.
Қалың жемпір, қалың көрпе. Әдемі қыз, әдемі гүл.
Қалың ел, қалың ағаш. Әдемі әуен, әдемі иіс.
Ү. Сабақты бекіту:
41 - жаттығу. Түсіндірме сөздіктен бірнеше сөздің тура және ауыспалы мағыналарын табыңдар.
42 - жаттығу. Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылып тұрғын сөздерді, сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.

ҮІ. Сабақты қорыту:
1.«Даналық ағашы» ойыны.
Оқушылар бір - біріне жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.
2. Оқырман көзімен: Не білдік? Не үйрендік?
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 44 - жаттығу. Берілген тіркестерден тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 192
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы 12. Көп мағыналы сөздер 13. Жаттығулар орындау 14. Омонимдер 15. Жаттығулар орындау
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: оқушының өз бетімен жұмыс жасауына дағдыландыру, сөздің қандай мағына беріп тұрғанын ажырата білуге үйрету. 2) дамытушылық: әр сөздің қандай мағыналары бар екенін ажырата білуге үйрету.
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е.
Көп мағыналы сөздер
Көп мағыналы сөздер
Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі әрбір сөзде мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз болу үшін дыбыс керек. Кез - келген дыбысты қолдана берсек ол ешқандай мағына бермейді. Сондықтан дыбысты да мағынасына қарап қолданамыз.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×