Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ш. Айтматов «Найман-Ана»

11 мам 2015, Дүйсенбі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Жосалы кенті №105 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байбукенова Қарашаш

Тақырыбы: Ш. Айтматов «Найман-Ана»
Сабақтың мақсаты: 1. Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасата отырып, «Найман - Ана» әңгімесінің сюжетін меңгерту.
2. Оқыта үйрете отырып, оқушының танымдылығын арттыру. жазушының идеясын түсіне білуге баулу. Білім дағдыларын дамыту.
3. Оқушының ой - өрісін кеңейте отырып, тіл байлығын дамыту. Мәңгүрттіктен аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: модульдік оқыту технологиясы.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: оқыта үйрету тәсілі, сұрақ - жауап
Көрнекілік құралдар: Ш. Айтматовтың шығармалары, сызба - схема, карта, карточкалар және буклет.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақтың барысы.
1. Кіріспе бөлімі
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – бауырлас қырғыз халқының ұлы жазушысы. Ол 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Шекер аулында дүниеге келген.
Ш. Айтматовты біз қырғыз - қазаққа ортақ жазушы дейміз. Олай дейтін себебіміз, ол Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген кезде қазақтың білікті, білімді сыншысы Қалжан Нұрмахановпен бірге оқиды. Сол кісінің ықпалы, әсері көп болады. Кейін әлем жазушыларының бел ортасында жүретін Мұхтар Әуезов те оған қамқор болған, көп көмек көрсеткен. Ш. Айтматов еңбектері өте мол.

2. Сөйлесу бөлімі.
І тур. Мәтінмен жұмыс.
а) Оқушыларды бес топқа бөліп, соған сәйкес шығарманы да мазмұны бойынша бес бөлікке бөле отырып оқытқызу.
ә) Әр топтағы оқушы өзі оқыған абзацқа ат қоя отырып, мәтінге тезис жасау.
б) Мәтіннің әр бөлімдеріне қарай композициялық құрылымына талдау жасау.
«Найман – Ана».
І. Экспозициясы: Тарихқа көз жүгірту.
1. Құлдықта қалған тұтқындардың күні.
2. Аңызға айналған Ана - Бейіт зираты.
3. Ең ауыр жаза.
4. Ананың өз - өзімен сырласуы.
5. Тарихқа көз жүгірту.
ІІ. Басталуы: Саудагерлердің дастархан басындағы әңгімесі.
ІІІ. Дамуы: Найман - Ананың Сарыөзекке аттануы.
IV. Шарықтау шегі: Өз анасын танымаған жас жауынгер.
V. шешімі: Найман - Ананың өз баласының қолынан мерт болуы.

Қосымша қойылатын сұрақтар:
1. Сарыөзекті картадан көрсет.
2. Ананың маналогы мәтіннің қай бөлімінде кездеседі?
3. Жуан - жуандар деген кімдер? Олар туралы тарихтан не білесің?
4Ақ інгенді, Найман - Ананы суреттеген жерін мәтіннен тауып оқып бер.
5. Қожа Ахмет Иассауи және Түркістан қаласы туралы не білесің?
6. Жоламанның бейнесін тауып оқып бер.
7. Жазушы жуан - жуандардың бейнесін қалай көрсеткен?

ІІ тур. Шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың танымдылығын және тіл байлығын дамыту мақсатында сұрақтар берілген карточкалар үлестіру. Әр топ мүшелері ақылдаса отырып, араларындағы жетекші оқушы жауап береді. Сол оқушының жауабына қарай, топтағы әр оқушыға да баға қойылады.
№1 карточка
Ана - Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?
Тапсырма: Мәтіннің мазмұнына жүгіне отырып жауап беру.
№2 карточка
Мәңгүрт ұлын іздеп келе жатқан ана қандай психологиялық күйде болды?
Тапсырма: Мәтіннен тауып бер.
№3 карточка
Жауыздыққа, оның асқан түрлі адамды ақыл - естен айыруға сендердің көзқарастарың қандай?
Тапсырма: Өзіндік ойын, пікірін айту.
№4 карточка
Баласы тірі болса да ана не үшін жоқтау жырын айтты? «Жоқтау» туралы не білесің?
Тапсырма: ұлттық салт - дәстүр негізінде жауап беру.
№5 карточка
Романдағы «Мәңгүрт» сөзінің астары неде деп білесіңдер? Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады? Найман - Анадағы мәңгүрттің олардан айырмашылығы неде?
Тапсырма: Өмірмен байланыстырып өз ойыңды айт.

ІІІ тур. Оқыта үйрету ойыны.
Оқушыларды сергіте отырып, сабақты бекіту мақсатында ойындар жүргізу.
«Мәтінді оқыта үйрету» ойыны.
а) Әр топ келесі топқа өздерінің оқыған бөлімдері бойынша ең қиын сұрақ құрайды. Оған келесі топ жауап береді. Сұрақ қойған топ қарсыласының жауабын өздері бағалайды.
ә) «Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны.
Әр топ өздерінің оқыған бөліктеріне конспект жасайды. Бірақ бірде - бір сөздер мен сөйлемдер пайдаланылмайды. Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен ойымызды жеткіземіз. Ал келесі топ соны түсініп оқып шығуы керек. Қарсыласын өздері бағалайды.
б) Найман - Ана мен баласының арасындағы кездесуді сахналандыру.
Мәтіннің сюжетімен толық танысқан оқушылардың арасынан қалаған екі оқушыны шығарып көрініс көрсеткізу.
4. Қорытынды бөлім.
а) Мұғалімнің сабақты қорыту сөзі
ә) Оқушылардың білімін бағалау.
Сарапшылар «бағалау парағын» пайдалана отырып, оқушылардың жинаған ұпайларына қарай білімдерін бағалайды.
б) Үйге тапсырма: «Боранды бекет» романының кез келген өзіңе ұнаған бөліміне шағын сценарий жазып келу.
16 422
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Айтматов «Найман – Ана»
Ш. Айтматов «Найман – Ана»
Ш. Айтматовтың романынан алынған үзіндінің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.
Шыңғыс Айтматов. «Найман - Ана» үзіндісі
Шыңғыс Айтматов. «Найман - Ана» үзіндісі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Шыңғыс Айтматовтың "Найман-Ана" ("Ғасырдан ұзақ күн" романнан үзінді
Шыңғыс Айтматовтың "Найман-Ана" ("Ғасырдан ұзақ күн" романнан үзінді
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылы Т.рысқұлов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Темиркулова Мадина Сулейменқызы
Шыңғыс Айтматов «Найман – Ана
Шыңғыс Айтматов «Найман – Ана
№6 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ихуанова Гүлзада Зинеденовна
Шыңғыс Айтматов «Найман ана», «Ғасырдан да ұзақ түн» романынан үзінді
Шыңғыс Айтматов «Найман ана», «Ғасырдан да ұзақ түн» романынан үзінді
БҚО, Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алипова Гүлназ Түрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×