Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі

11 мам 2015, Дүйсенбі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Жосалы кенті №105 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байбукенова Қарашаш

Тақырыбы: Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: білімділік - қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту, прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру; дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге дағдыландыру, әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, прозалық шығарманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету; тәрбиелік - оқушыларды әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке баулу, ата - ана алдындағы борышын ұмытпауға үндеу, шәкірттердің бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін ұялату.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: 1) баяндау; 2) мәнерлеп оқу; 3) сұрақ - жауап; 4) салыстыру; 5) әңгімелеу; 6) талдау.
Сабақтың көрнекілігі: 1) Венн диаграммасы; 2) үлестірме қағаздар; 3) жазушының портреті, кітаптары.
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жазушы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет.

ІІІ. Бекіту сабағын өткізу.
Төлен Әбдіковтың кітаптарынан көрме ұйымдастыру, шығармалары туралы қысқаша мәлімет беру.

2. Әңгіменің сюжетін топтарға бөлініп баяндау.
І топ. Ерғабыл шал мен оның кейіпкерінің баласын сағына күтуі.
ІІ топ. Қалада тұратын ұлы Сапабектің қарт әке - шешесіне салқын, жасанды қарым - қатынасы. Жетпіс бес жасқа келген Ерғабыл шалдың арманы.
Сағына күткен баласының әңгімесіне көңілі толмаған Ерғабыл шал.
ІІІ топ. Қарияның ендігі бір үміті – немересі Жеңісті алып қалып тәрбиелеу.
Баласы мен келінінің қартты бұл қуаныштан айыруы.
IV топ. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.
Ұлымен қимай қоштасқан ата - ананың құлазыған көңілі.

3. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
1) Ерғабыл шалдың арманы не еді?
2) Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласын күтуі, оған деген сағынышы қалай суреттелген?
3) Ұлына Ерғабыл шалдың көңілі не себептен толмады?
4) Ерғабыл шалға, Сапабекке, олардың ой - толғаныстарына, сөздеріне сүйене отырып мінездеме бер.
5) Баланың ата - ана, туған жер алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесің?

4. Оқулықпен жұмыс (дәптермен жұмыс).
1) Диалог дегеніміз не? (әдебиет теориясы)
2) Әңгімедегі диалогқа (Тома мен Жеңістің сөйлесуі) мысал келтіру арқылы республикамыздағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайында баяндау, оның өткені мен бүгінін салыстыра отырып келешегіне көз жіберу.

5. Композициялық жоспар құру.
Композиция - әңгіменің (көркем шығарманың) құрылымы.
1. Ерғабыл шалдың арманы.
2. Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласы Сапабекті күтуі, оған деген сағынышы.
3. Ұлы Сапабекке көңілі толмаған Ерғабыл шал.
4. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.
5. Ата - ананың ұлымен қимай қоштасуы.

6. Венн диаграммасы

7.«Ата - ана және балалар» тақырыбына ауызша ойтолғау.

8. Менің (мұғалімнің) «Қонақтар» әңгімесі бойынша қорытындым.
- Сонымен, оқушылар, бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке - шешесіне салқын, жасанды қарым - қатынасын таныдық. Әлпештеп өсірген ата - ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық. Қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр - салтынан қол үзіп қалған, перзенттік борыш - парызды жеңіл түсінетін, ата - анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.

Үй тапсырмасы: Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіне сүйене отырып «Ата - ананың қадірі» деген тақырыпта шығарма жазу.
6 336
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту, прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру;
Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Баланың ата - ана алдындағы перзенттік парызы.
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Төлен Әбдік (04. 09. 1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелдин ауданы, Қостанай облысы) — жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965)
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар». Әдеби жанр түрлеріне даму барысында жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі (күнделікті сабақ жоспры)
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі (күнделікті сабақ жоспры)
Қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту, прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×