Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шоқан − тұңғыш ғалым, зерттеуші

10 шілде 2015, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Шоқан − тұңғыш ғалым, зерттеуші
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өз халқын жан - тәнімен сүйген, халқының қараңғылықтан оянуы мен көркейіп өсуі үшін бойындағы бар жігерін жұмсаған қазақ ұлының ғылым саласында атқарған ерен еңбектерін оқушыға жеткізу, ұғындыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыра отырып, жан - жақты ғылыми іздене білуге баулу; Оқығандарын бір - бірімен салыстыра отырып, жауап беру дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелілігі: Шоқанның шығармаларын оқу арқылы оқушылардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігінің артуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Шоқанның портреті, буклет, слайд
Пайдаланған әдебиеттер: Оқулық 10 - сынып, Ә. Бейсенова “Қазақстан табиғатын зерттеу” кітабы, қосымша газет - журнал материалдары
Сабақтың өткізу әдісі: іздендіру, топтық жұмыс, пікір алмасу.
Техникалық оқу құралы: слайд

Сабақтың жоспары:
1. Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер...
2. Бала Шоқан
3. Білім алған ыстық ұя
4. Шоқан ғылым саласында...
5. Еңбек жолы
6. Қашқарияға сапары
7. “Еуропаға ашқан терезе”
8. “Аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды...”
5 - слайд. Қазақтың аса көрнекті ғалымдары мен ағартушыларының бірі - Шоқан Уәлиханов
Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер...(сурет)
6 - слайд. Шоқанның жастық шағы (сурет)
6 - слайд. Шоқан Уәлихановтың туған жылы, өскен жері туралы не білесің?

7 - слайд. Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Балалық шағы Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өткен.
8 - слайд. Бала Шоқанның өзіндік ерекшеліктері қандай?
9 - слайд. Бала Шоқан: тапқыр, зерек, алғыр, мүсінші, суретші, ақылды
10 - слайд. Білім алған ыстық ұя (сурет)
11 - слайд. Шоқанның білім алған оқу орындары туралы не білесіз?
Шоқанның жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған соң орыс мектебінде оқиды. 1847 - 1853 жылдары ол Омбыдағы Кадет корпусында білім алды. Бұл оқу орнының бала Шоқанның өсіп - жетілуінде, ғылым жолындағы қалыптасуында мәні ерекше. Корпуста әскери сабақтармен қатар Ресей жағрапиясы мен тарихы, философия, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. Кадет корпусында Шоқан өз қатарластарының алды болған. Орыс және шетел тілдерін тез меңгерген.
12 - слайд. Шоқанның ғылымға қызығушылығы қалай қалыптасты?
Шоқан ғылым саласында...
 Орыстың үздік баспасөз құралы “Современник” журналының тұрақты оқырманы бола отырып, сол кездегі әлеуметтік - саяси, қоғамдық - мәдени өмірдің бағыт - бағдарын, тыныс - тіршілігін біліп отырды.
 Ең алғаш Жанақ ақынның айтуымен “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырын және “Ер Көкше”, “Едіге батыр” дастандарының бірнеше нұсқасын қағазға түсірді.
13 - слайд. Еңбек жолы. Ғылым саласында сіңірген еңбектері
14 - слайд. Шоқанның еңбек жолын ата. Өзің үлгі тұтатын қасиеттерін ата.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Достаева Гулшат Игликовна
Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов
Атырау облысы, Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қуатова Жанат Қарақойшықызы
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №105 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айтбаева Айгерім
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×