Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз мәдениеті және тілдік қарым - қатынас

22 қыркүйек 2015, Сейсенбі
"Аққыстау орта мектебі" ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Есбосынова Жансая

Сабақтың тақырыбы: Сөз мәдениеті және тілдік қарым - қатынас
Сабақтың мақсаты: Сөз мәдениеті және тілдік қарым–қатынас туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, тілдің жағдаяты, сипаты туралы баяндау, әдептілік ерекшелігіне қарай «сен» мен «сіз» деген ұғымның төркінін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: 1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді;
2. Тақырып мазмұнын біледі;
3. Тілдік қарым - қатынас не екенің біледі;
4. Бір - біріне сұрақ қояды; Ой қорытады; Пікірлерін айтады; Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау

БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат.
в) Үй тапсырмасын тексеру (5 - жаттығу).

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру.
1. Тілдік қарым – қатынас деген не?
2. Адам көңіліне не әсер етеді?
3. Сөз қатынасының қандай түрлері болады?

ІІІ. Ақпарат жинау.
1) Ассоциация.
Тақырып желісі бойынша оқушыларға тапсырма беремін:
1 - топ. Тілдік қарым – қатынастың әлеуметтік сипаты мен жағдаяты туралы не білеміз?
2 - топ Адамдар арасындағы тілдік қарым - қатынас туралы не білеміз?
3 - топ. Сөз әдебіндегі жастар ережесін құру
Әр оқушыға ойын айтқызу, дәлелдету.

2) Жаңа сабақты меңгерту.
Сөз мәдениеті орыс. культура речи — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал - тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т. б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 797
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
Жазғы тілдік мектеп бағдарламасының жобасы
Жазғы тілдік мектеп бағдарламасының жобасы
Үштілді білім беруді қалыптастырудың тұрақты үрдісі әлеуметтік субъектілер қарым - қатынасындағы ойлау мен тәлімнің, қатысымдық дағдылар мен толеранттылықтың демократиялық типінің дамуына мүмкіндік береді.
Қатаң норма
Қатаң норма
Қатаң норма - тілдің заңдастырылған нормаларымен бекітілген, тілдегі әр тірлі нұсқада айтылатын сөздерді бірізділікке, бір арнаға түсіретін қазақ тілінің тілдік нормасы. Қатаң норма тіл жүйесімен бұлжымас бірлікте болады. Тіл заңдылықтарын жете
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі педагог - психолог Мирзаканова Жанар Авабакриевна
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Хасенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×