Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қансонарда бүркітші шығады аңға

13 қазан 2015, Сейсенбі
Маңғыстау облысы, Боранқұл селосы.
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалім
Жолдасқали Мөлдір

І. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақтың ұраны: «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды бұрынғы қазақ аулындағы аңшылық өнерімен таныстыру. Өлеңнің көркемдігі, шебер бейнесін алты бағыт арқылы айқындау.
ә) дамытушылық: оқушылардың еске сақтау қабілетін дамыту, оларды ізденімпаздыққа, байқампаздыққа үйретіп, ой - өрісін кеңейту.
б) тәрбиелік: оқушыларға аңшылықтың кәсіптік маңызынан басқа адамның көңіл күйне әсер ететін саяттық өнер, оның құс салып, ит жүгірту сияқты түріне ақынның көңіл күйін оқушы жүрегіне жеткізу, аңшылық жайында олардың эстетикалық сезімін ояту, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Паноромалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалары, техникалық құралдар, сөздік
Пән аралық байланыс: бейнелеу, ұлттық көрініс
Сабақтың әдісі: Топтастыру стратегиясы, сатылай кешенді талдау, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап, ой түйіндеу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ой қозғау бағыты (стратегиясы)
а) Абай қай жылдарда өмір сүрді
ә) Ақынның жыл мезгіліне байланысты жазған өлеңдері
б) Ақынның біз танысқан қара сөздері.

2. Мағынаны табу бағыты (стратегиясы)
Өлеңді мәнерлеп оқу, оқыту.
Оқулықта берілген сөздермен сөздік жұмыс
Қансонар – жаңа жауған қардың үстіндегі ақ ізі.
Ғанибет – қызық, тамаша мағынасында.
Талаға – бүркіттің екі көзіне кигізетін «бас киімі»
Қаса – айрықша сұлу.
«Үйірімен үш тоғыз» - олжа беру, қанжығаға байлау.
Сегіз найза – бүркіт тырнақтары
Қырық пышақпен қыржаңдап – түлкінің тісін қайрап, айбат шегуі
Қырмнан – алыстан.
Аңшы – құсбегі – қыран – түлкі:
Оқушыға ой түйіндету.
Яғни, құсты қолға үйретіп, баулитын адам – құсбегі. Ол қыранды аңға салып, түлкі аулайды. Ол – өнер адамы, ақын, қыс мезгіліндегі алғашқы қар сұлулығын аңшылар әрекетімен ұштастыра бейнелейді.

3. Топтастыру бағыты (стартегиясы): Аңшылық, ол – кәсіп.
«Қыран құс не алмайды салса баптап» Абай
А еңбекті
Ң ептілікті
Ш мергендікті
Ы шапшаңдықты
Л шеберлікті
Ы қырағылықты
Қ сәттілікті.

4. Қарама қарсы элементтер бағыты (стратегиясы)
«Өлең көркемділігі оның тілінде». Ендеше, Зейнола Қабдолов айтқандай, өлеңдегі әр сөз адамның жол жүйесімен, көңіл – күйімен, сезім толқындарымен өзекті байланысады.
Өлеңдегі түлкі мен бүркіттің арпалысын бейнелейтін тармақтарды тап, оқы: «Біреуі көк, біреуі - жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға,
Қар аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қоса сұлу шомылғанға.» - деген жолдардан қандай қарама – қарсы түс, түр, құбылысты көруге болады деген сұраққа оқушылар ақ, қара, қызыл, жер тағысы, көк тағысы сөздерін айқындайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 308
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Ата - бабамыздың сүйікті кәсібінің бірі – тазы жүгіртіп, қыран құс салу екендігі, әрі аң - құстарды бей - берекет ауламағандығы туралы айтады.
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейтқасымова Т.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абдуллина Баршагул Семгалиевна
Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Алтынай Өміртайқызы
Қансонарда
Қансонарда
Аңшылық, саятшылық туралы, өлең мазмұны туралы түсініктерін кеңейту. Әдебиет теориясынан білімдерін дамыту. Композиция туралы ұғым қалыптастыру.
Жігіттің  жеті  өнерінің  бірі –аңшылық
Жігіттің жеті өнерінің бірі –аңшылық
Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі : Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы 7сынып. Сабақтың тақырыбы: Жігіттің жеті өнерінің бірі –аңшылық. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Жігіттің жеті өнері жайында жан-жақты білімдерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×