Білімділер поралы
загрузка...

Желтоқсан жаңғырығы

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы!
Сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасына қатысқан құрбандарды еске алу. Оқушыларды Отанын сүюге, қорғай білуге және ұлттық рух пен қазақы мәдениетті жоғары деңгейде көрсететін азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тәуелсіздік монументі, нақыл сөздер, желтоқсан құрбандарының суреттері, Қазақстан рәміздері, слайдтар
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, интерактивті әдіс, түсіндіру
Сабақтың интеграциялық мүмкіндігі: тарих, саясаттану
Сабақтың барысы: 1. Балаларды сабаққа бейімдеу;
2. Сыныппен амандасу, кезекшімен сөйлесім;
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын сұрау: ҚР Тәуелсіздігінің белгілері туралы мәлімет жинау;

Жаңа тақырыпқа кіріспе:
Сөйлесім: М: Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қас дұшпанмен арыстандай алысқан батыр бабалардан кімдерді білесіңдер?
Балалардың мүмкіндік жауаптары: Абылай хан, Қабанбай батыр, Қарасай батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, ер Махамбет, Әлихан Бөкейханов, т. б.

М: 16 желтоқсанда тәуелсіздік үшін күрескен азаматтар мен құрбандарын білесіңдер ме?
Балалардың мүмкіндік жауаптары: Тәуелсіздік жолында күрескен жандар: Ж. Молдағалиев, Х. Қожахмет, Н. Сабильянов, т. б. Ал құрбандары: Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сынды ағаларымыз бен апаларымыз.
(слайд көрсету арқылы балаларға желтоқсан оқиғасы туралы айту, Тәуелсіздіктің біз үшін оңай тимегенін әңгіме ету)

Мұғалім сөзі: Балалар, Алматы қаласында 1986 жылы Желтоқсанның отты оқиғасы туралы естулерің бар ма? Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттың намыс құдіретін әлемге паш етті.

1 - оқушы:
Қанды қырғын – қалған іс,
Бейне теңіз сең соққан.
Жарқылдайды ар – намыс,
Алматы. Аяз. Желтоқсан!
Дүрсілдейді жүректер,
Сесі күшті қарудың
Жүзіне мұң түнетті,
Үлбіреген арудың.

2 – оқушы:
Арманы алда сенім көп,
Оранды отқа үміттер.
Мұрты жаңа тебіндеп,
Келе жатты жігіттер.
Жүрегінен қан жылап,
Улады дерт ұлыны
Ақ махаббат сан құлап,
Қырқылды ерте бұрымы.

3 – оқушы:
Әлі де бостандық деп атар таңдар,
Ұшқыннан бар әлемге апарғандар.
Қайрат, Ләззат, Ербол, мен Сәбиралар.
Осылар – Желтоқсанда Қаһармандар
Халықтың қабырғасы сөгілмесін,
Аналар ұлын жоқтап егілмесін.
Алладан ақ ниетпен тілейік біз,
Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.

«Желтоқсан желі» әні орындалады.

4 – оқушы:
Күллі әлемге Қайрат боп,
Тарап кеткен атағы.
Желтоқсанның жарысы,
Мәңгі жанға батады.
Батыр болған Тұрардай,
Бауыржандай атағы.
Қайраты жоқ халықтың,
Таңы қалай атады?!

5 – оқушы:
Желтоқсанда соққан жел,
Қайратты еске сала ма?
Қайраты жоқ халықтың
Болашағы бола ма?!
Қазағыма Қайрат боп,
Туса екен ұлдарым,
Қалың елге байрақ боп!

6 – оқушы:
Қазағым мөлдір судай тазалансын,
Есіне Қайрат деген қазаны алсын.
Ел болып, халық болып қолға алайық,
Сол кезде кінәлілер жазалансын!

7 – оқушы:
Ойлан, қазақ!
Таптамасаң қызғалдақ солар ма еді?
Арасына тасқындар толар ма еді?
Туады тағы Қайрат, қадірлейік,
Еліңе солар тұтқа болар енді

2 – жүргізуші:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!

1 – жүргізуші:
Намысты от – жалынға шыңдайық біз,
Қайраттың ерлігіне лайықпыз.
20 жыл толған екен Желтоқсанға,
Әумин, қабыл болсын, жыр – әніміз!
Мұғалім сөзі: Қазіргі таңда, балалар, 20 жыл бойы Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел атанып келеді, бұл Тәуелсіздік - қыршын кеткен жастардың қанымен келген тәуелсіздік! 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ мемлекеті егемендікке қол жеткізді, содан бері де талай оқиғалар өтті.
(ҚР туралы слайд көрсету)
Мәтінмен жұмыс: Астана
Астананың іргетасы 1830 жылы қаланған. Астана бұрын Қараөткел, Акмолинск, Целиноград, Ақмола деп аталған. Астана Сарыарқаның солтүстік аумағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана 1932 жылы Акмолинск деп аталды. Ал 1961 жылы Целиноград деп өзгертілді. 1992 жылы Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмоладан Астана болып ауысты. Ол - қазір еліміздің астанасы. Астанада Президент Ақордасы, «Бәйтерек» монументі бар.
Еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласы. Онда Тәуелсіздік монументі орналасқан, оның биіктігі – 28 метр.

Үй тапсырмасы: Осы бүгінгі Желтоқсан оқиғасына байланысты қосымша материал іздестіру;
Сабақтың соңы: балаларға сабақта алған бағаларын айтып, күнделіктеріне қойып беру
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 180
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 180
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика