Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал - мәтелдер

24 қазан 2015, Сенбі
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебі
Шынаргүл Сағындыққызы

Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мақал - мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.
Көрнекілік: Проектор, кесте, тірек - сызба, суреттер.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар, іздендіру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, ағылшын тілі, бейнелеу, математика.
Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс.

Психологиялық дайындық:(шаттық шеңберіне шақыру)
Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір - бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір - біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)

Үй жұмысын сұрау:
«Ынта» тобы.
1. Тұрақты тіркес деген не?
2. Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша не деп атаймыз?
«Жігер тобы». Суреттерге қарап, тұрақты тіркестер табу. (Қас, көз, құлақ, арасында; ит, күшік, сиыр, қиянда; бет, ауыз, мұрын, шықты; ай, жұлдыз, күн, туды.)
1. Қас пен көздің арасында – лезде, тез.
2. Ит арқасы қиянда – алыс.
3. Бетінен оты шықты – ұялу.
4. Айы оңынан туды – жолы болды.

«Дарын» тобы. Кестені толтыру.
Тұрақты тіркестер
Тілі шығу
Ит өлген жер
Таяқ тастам
Қоян жүрек

Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз. Қызығушылықтарын ояту.
Сөзжұмбақ "мақал мәтел"
1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.
2. Заттың атын білдіретін сөз табы.
3. Жылқы пірі.
4. Адамның түрлі көңіл - күйін білдіретін сөздер.
5. Қыстың бірінші айы.
6. Балаға ең қымбат –.
7. Білім беретін мекеме.
8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.
9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстырып бейнелеу.
10. Сиыр пірі.
11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.
Қандай сөз шықты? (Мақал - мәтел)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мақал - мәтел» екен. Мақсатын оқушылар айтады.
Топтағы оқушылар сабақты постер арқылы түсіндіріп қорғайды.
І кезең. «Білім инемен құдық қазғандай»
ІІІ деңгей. Графикалық диктант.
Оқусыз білім жоқ ------------------ Бірлігі күшті ел озады
Өз білмегеніңді кісіден сұра ----- Біліммен жүгір
Бірлігі жоқ ел тозады ------------- Білімсіз күнің жоқ
Әдепті бала – арлы бала --------- Алысқа қарайды
Жақсы туса ел ырысы ------------ Талап қылмай мұратқа жетпес
Тіліңмен жүгірме ------------------- Үлкен жоқ болса, кішіден сұра
Адам болатын бала ---------------- Әдепсіз бала – сорлы бала
Жан қиналмай жұмыс бітпес ----- Жаңбыр жауса жер ырысы
ІІ деңгей. Сөздердің баламаларын тұрақты тіркеспен жаз.
Хабарласпау – Ат ізін салмау.
Жуас – Қой аузынан шөп алмас.
Ренжісті – Қырғи қабақ болу.
Әдемі – Үріп ауызға салғандай.
Қуану – Екі езуі құлағына жету.
Жек көру – Ала көзімен ату.
Ұялу – Жер болу.
Сөйлемеу – Жұмған аузын ашпау.
Ашушаң – Көк айыл.
Қатігез – Тасжүрек.
І деңгей. Мақал - мәтелді толықтыру, екі тілге аудару.
1. Туған жерге... тік. (туың - флаг - flag)
2.... жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар. (дос - друг - friend)
3. Өнер алды... тіл. (қызыл - красный - red)
4.... жігіт жол бастар. (батыр - герой - hero)
5.... кепілі – тазалық. (денсаулық - здоровье - health)
ІІ кезең. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – жанып жатқан шырақ»
ІІІ деңгей. Сөз құрамына талдау. Елбасымызды, оқушыларыңызбен
ІІ деңгей. Фонетикалық талдау. Мұғалім, әліппе
І деңгей. Сатылай кешенді зат есімге морфологиялық талдау. Алатау, балалық.

ІІІ кезең. «Сөз асылы – мақал».
ІІІ деңгей. Семантикалық картаны толтыру.
Мақал. Мәтел. Табу. Тұрақты тіркес. Эвфемизм. Дисфемизм.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.
Дәукеннің баласы ұры, өсекші, боқмұрын.
Кәрі түлкі қақпанға түспес.
Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады.
Алдар көсе байларды алдау мақсатында өз жанынан қосып айтады.
Аудан мен ауылдың арасы таяқ тастам жер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 197
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Мақалдардың ғибраттық, өсиеттік мәні. Қатемен жұмыс
Мақалдардың ғибраттық, өсиеттік мәні. Қатемен жұмыс
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Солтанова Анар Амирғалиқызы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Есімдіктен өткенді қайталау
Есімдіктен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
№194 орта мектебінің мұғалімі Мақұлбекова Жамал
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
ОҚО, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×