Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ілияс Жансүгіров «Домбыра» өлеңі

02 қараша 2015, Дүйсенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Умарова Назгүл Сейпатталқызы

Сабақтың тақырыбы: Көркем сөздің зергері – Ілияс Жансүгіров. «Домбыра» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:
1. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерін оқыта отырып, ақын және аудармашыны таныту, өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.
2. Әр оқушының ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту.
3. І. Жансүгіровтың әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты игеру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: І. Жансүгіровтың портреті мен оның еңбектеріне арналған шағын кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
2. Үй жұмысын «Өрмекші» ойыны арқылы тексеру.
Әр партадағы тапсырмаларды орындау. №1. «тәуелсіздік» тақырыбына не дайындадың?
№2 Б. Майлинге байланысты ассоциация құрастыру.
№3 Б. Майлиннің «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» шығармасындағы кейіпкерлерді ата.
№4 Шығарманың шешімі қандай болды?

2. Жаңа сабақ.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Өнерлілер өлкесі атанған Жетісу жері ақындықтың ақ ордасы іспетті. Солардың ішінде шоқтығы биік, тұлғасы ерен, кеудесінде күй күмбірлеп, жүрегінен ән тербелген ақын қазақ әдебиетінің ірі қалам қайраткері - Ілияс Жансүгіров. Ауыз әдебиетінен, Абай поэзиясының тілінен көп үйренген, оларды түрлендіріп, жаңғыртып, жаңарта пайдаланған Ілияс Жансүгіров қазақтың поэтикалық тіл мәдениетіне де айрықша үлес қосты. Әрбір сезім, қимыл, көрініс, құбылыс оның шығармаларында жалаң берілмей, үнемі тапқыр теңеу, ұтымды эпитет, метафоралар арқылы бейнеленеді.
Өлең құрылысында да Ілияс өзінің шеберлігін танытқан ақын.

1 слайд. Көркем сөздің зергері.
2 слайд. І. Жансүгіровтің портреті

3 слайд
Қазақ поэзиясының Құлагері
• Лирикасы
“Әкемнен қалған көз еді”, “Өнер - оқу – жастың қару-жарағы”, “Бүгінгі дала”

• Өнер тақырыбы
“Әнші”, “Күй”, “Күйші”, “Әншіге”, “Домбыра”, “Бұлбұлға”

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ
Прозасы: “Жолдастар” романы, “Жол аузында”, “Құқ” жинағы.

Поэмасы: “Құлагер”
Драмалары: “Мектеп”, “Райхан”, “Исатай - Махамбет”, “Кек”

3. Оқулықтан І. Жансүгіров туралы бөліктерге бөліп оқып, әңгімелейді.
4 слайд.
БАЛА ІЛИЯС
СӨЗ ЗЕРГЕРІ - ІЛИЯС
АУДАРМАШЫ ІЛИЯС

5 слайд.
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ – ақын, драматург, жазушы, аудармашы

6 слайд.
• Қарағанды 7 жылдық мектебінде оқыды
•1922ж. мұғалім“Тілші” газеті еңбек етті
• 1920 ж. Ташкент 2 жылдық мұғалімдер курсы
• 1924ж. Алматы Халық ағарту институты
• 1924 - 1928ж. Мәскеу Журналистика институты
• 1928ж. “Еңбекші қазақ” газеті

7 слайд,
“Кең дала мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан алуан ғасырлардың ақыл – ойы, көңіл күй жатыр. Домбыра елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көңіл күйі!”
А. Жұбанов

8 слайд. Домбыра суреті.
4. Өлеңін оқу. «Домбыра»
Өлең құрылысында қандай ерекшеліктер байқадыңдар? Өлеңнің оқылуына қалай әсер етіп тұрғаны туралы айтып беріңдер.

9 слайд.
Риторикалық сұрау (лепті сұрау)- ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен - өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабын оқырман өзі біліп отырады. Риторикалық сұраулы сөйлем жауапты қажет етпейді.
Домбыраның құдіретін қандай сөздерді қолдану арқылы көрсетті?

Домбыра туралы ел арасында аңыздар көп. Сол аңыздарды бүгін оқып көрейік.
Домбыра – дастан (аңыз)

Ертеде қылышынан қан тамған, қаһарлы ханның жалғыз бойжеткен қызы бір хан баласына атастырылып қойғанына қарамастан кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дереу дарға астырады. Мыстан кемпір өмірге жаңа келген сәбилерді жапан түзге апарып, жап - жасыл мәуелі қарағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып, іліп кетеді. Нәрестелердің көз – жасы тамған ағаш бұтақтары бірте - бірте суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда бәйтерек те өсуін доғарады.
Шаранасын жарып шыққан бөпелерін аңсаған анасы егізін іздеп жолға шығады. Бармаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен жылдар өтеді.
Бірде діңкесі кетіп шаршаған қыз әбден қурап күйреуге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен оны әлдебір саз, әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса «ән салып» тұрған қасындағы биік ағаш екен. «Бұл бір қасиетті ағаш болды» - деп ол күнде бәйтеректің түбіне түнеп, сырлы әуен естіп, көңіл жұбатып тынығып жүреді. Сорлы ана оның құпиясын білмек болып, зер сала тексереді. Қарағаш жуан түбінен жіңішке басына дейін қуыс екен. Ұшар басының екі жағында бұтақтан - бұтаққа керіліп қалған ішектер көзге ілінеді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек қатты тартылыпты.
Егізінің өлімінен хабары жоқ мұңлық енді ағаштан күйдің қалай шығатынын түсінеді де, өзіне қуыс ағаштан аспап жасап алып, манағы екі ішекті соған тартады. Шертіп көрсе құлақ тұндырар керемет үн шығады. Зағип бейбақ бостау тартылған ішектің үні мұңды шығатындықтан, «ұлым Мұңлық», тым ащы, зарлы шығатындықтан қатты тартылған ішекті «қызым Зарлық», - деп атап, күндіз - түні қолынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.

Сергіту сәті. Мақал – мәтелдердің сыңарын табыңдар.(музыка аяқталғанша жинап ал)
2 аңызды оқып, «Ақсақ құлан» аңызын оқу
Жошы хан баласымен отырады, олардың үстіне Асан қайғы кіріп, тағзым етіп, амандасады.
Жошы хан: Асан қайғы, төрлет, әлемнің төртбұрышын аралап келдің, қандай ғажайып жаңалықтарың бар? Көре - көре көсем болар, сөйлей - сөйлей шешен болар деген. Естігеніңді емес, көргеніңді айт.
Асан қайғы: Онда мына оқиғаны айта отырайын, Сарыауыл деген жерде құландардың үлкен табыны бар, оларды ешкім де атып ала алмайды, өйткені табын бастаушысы Ақсақ құлан жақындатпайды. Ақсақ құланда табиғатқа әсер ететін және адамның тілін түсінетін, сөйлейтін сиқырлы қасиеті бар екен.
Жошы ханның баласы: Мен нанбаймын. Айлалы батыр алдырмас, өзімнің 40 жігітіммен барып, сол Ақсақ құланды атып әкелемін.
Жошы ханның баласы 40 жігітімен Сарыауыл жеріндегі дем алып жатқан сансыз құландарға келеді. Олар атуға дайындалғанда, Ақсақ құлан алға шығып осқырынып, жерді тепкіледі, сол кезде қара шаң барлық жерді алып кетті. Қара тұманның ішінде үрейлі дауыс құландарға бұйрық берді: «Қызыл киімді адамды жаншып, аңшылардың жанынан өтіп кетіңдер». Жігіттер денесін жермен жексен қылып жіберген ханның баласын әрең табады. Қорыққанынан ханға шындықты айта алмай, баласының өлімін жасырады.
Жошы хан: Кімде - кім балам туралы жаман хабар әкелсе, соның аузына қорғасын құямын.
Қатал ханның алдына барып, қаралы хабарды естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда ұлы жыршы, күйші Кетбұға ақыл тауып қаралы хабарды естіртіпті.
Кетбұға Жошы ханға келіп, амандасып, күй ойнайды.
Жошы хан: Доғар, мынау не тартып отыр? Баламның өлімін айтты ғой. Қорғасын әкеліңдер.
Кетбұға: Хан ием, менен ешқандай үн болған жоқ қой. Сөйлеген мына домбыра.
Жошы хан: Онда домбыраға қорғасын құйыңдар.
Сөйтіп домбыраның құйылған жері мынау. Домбыраның дыбыс ойығы деп аталады. Осыдан жасайтын түйініміз: біздің қазақтың қасиетті қара домбырасы ұлы күйшілердің қолында өз үнімен аттың шабысын да, адамның қуанышын да, қайғысын да жеткізе білген.

Асыл мұралардың бірі – күй өнері. Оны өшірмей жеткізген екі құдіретті күш бар. Бірі – домбыра, екіншісі - сол домбыраны сөйлетіп қана қоймай, сол арқылы халқына рухани қуат берген сазгерлеріміз. Олар Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Махамбет т. б. Домбыра тек күй ғана емес, ән орындағанда сүйемелдеуде қолданатын аспаптың бірі.
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Әміре Қашаубаев - домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
Таным деректі оқу.
Ал, «Домбыра» атауы қайдан шыққан?
1. Кей деректерде «Домбыра» сөзі арабтың «Дунбахибурра» тіркесінен, яғни «Қозы - құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген дәлел айтылған. Шындығында домбыраның тұрпаты қозының құйрығына ұқсайды.
2. Енді бір зерттеушілер домбыра атауы «Домвира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп топшылайды.
3. Аспап ішегін дәл бұра – дұрыс күйле, аспап ішегіне дем бұра, т. б. ұғымдардан келіп - дем бұра, домбыра – домбыра болып кетуі мүмкін.

10 СЛАЙД АРҚЫЛЫ МУЗЫКАДАҒЫ ЖАҢА ЖАНР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АЙТУ.
Жас күйші Асылбек Еңсепов эстраданың көмегімен қазақ күйлерін жарыққа шығарған кезде, жастар жағы жоғалтқан қазыналарын қайта тапқандай елеңдесіп, кәдімгідей бет бұрды. Халыққа күйді мұндай әдіспен жеткізудің кілтін тапқан, сөйтіп көпшіліктің мойнын бұрғызған Асылбектің әкесі, күйді ғылыми түрде зерттеп, оны мектеп бағдарламасына енгізуді көздеп жүрген, соған арнап бірнеше оқулықтар жазған Жасарал Еңсепов. Осы жолда ол дүниеге «ДЭККО» жанрын әкелді. Өзінің айтуынша, бұл атау Д - домбыра, Э - эстрада, К - күй, К - компьютер, О - орындаушы деген сөздерден шыққан.
Жаңа жанрдағы бағытта А. Еңсеповтің орындауындағы Т. Мұхамеджановтың «Детство» ән баянын тамашалау.

Қорыту. Топтастыру
Бағалау
Үйге: І. Жансүгіровқа хат жазу, Өлеңді мәнерлеп оқуға дайындалу.
6 204
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
І. Жансүгіров (1894 - 1938) (күнделікті сабақ жоспары)
І. Жансүгіров (1894 - 1938) (күнделікті сабақ жоспары)
Ілияс Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету;
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Көкшетау
Көкшетау
Жанабаева Динара Қабланқызы М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
І. Жансүгіров "Бөлек бөлеу"
І. Жансүгіров "Бөлек бөлеу"
Қызылорда облысы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ниязымбетов Ғани Қарабатырұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×