Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

11 қараша 2015, Сәрсенбі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Матниязова Айнур Талгатовна

Қазақ тілі 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сілтеме: Әдістемелік тәсілдер мен әдістер. Оқулық, оқыту әдістемесі
Жалпы мақсаты: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы білімдерін толықтыру
Оқыту нәтижесі: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы білімдерін толықтырады
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
Оқуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Түсіндіру. Мағынаны тану. Миға шабуыл.
Құрал – жабдықтар Оқулық, бағалау бетшесі, кеспе қағаздар

Мұғалімнің іс - әрекеті
1 кезең
Ұйымдастыру2 мин
Үй тапсырмасын 5 мин
Тексеру
Амандасу, сабаққа дайындығын, оқу құралын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы дәптерлерінен тексеремін. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
Әр топ мүшелері үйге берілген тапсырмалар бойынша жауап береді.

Көрнекі құралдардағы және жеке оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

2 кезең
Жаңа сабақ 30 мин
Мағынаны тану
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. Астық – біздің байлығымыз. («Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – үлкен қуаныш Ол – қазір звено бастығы.
3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Қыздардың үлкені – Майра, кішісі – сайра. Үш – тақ сан. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды.
4. Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше, бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Менің ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам болып шығу. Қой бағу – қиын кәсіп.
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес – жиырма бес.
6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай - ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді. жақсы – ісімен жақсы. Көрмес – түйені де көрмес.

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін, соңынан сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді
Сергіту сәті
Кітаппен жұмыс.
40 - жаттығу. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.
Қарасай баба – баһадүр батыр. Киесі, пірі – жолбарыс. Түнгі серігі – тәтті қиялы. Салған ой – істің бастауы. Жұрттың сұрайтыны – Сүйінбай. Серті – сол. Ол – молда.

Тест тапсырмалары
1. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем не деп аталады?
А. құрмалас сөйлем
В. жай сөйлем
С. сабақтас құрмалас сөйлем
D. салалас құрмалас сөйлем
Е. аралас құрмалас сөйлем
2. Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нешеге бөлінеді?
А. 5 В. 3 С. 2 D. 4 Е. 6
3. Сөйлем мүшелеріне жатпайтынын көрсетіңіз?
А. бастауыш D. толықтауыш
В. анықтауыш Е. сөз тіркесі
С. баяндауыш
4. Бастауышы дара болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?
А. Үй іші ұзақ жым - жырт болды.
В. Еңбек еткен ер атанар.
С. Ертең құрылыс жұмысы басталады.
D. Оқушылар мектептен қайтты.
Е. Астана қаласы қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр.
5. Бастауышы күрделі болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?
А. Жаңбыр құйып кетті.
В. Өтеген он төрт жаста.
С. Бәйтерек кешені – тәуелсіздіктің символы.
D. Әсел үйіне қайтты.
Е. Әкесі келгенін байқамай қалды..
Оқушылар жұптасып сұрақтарын талқылап, бір - біріне сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.
Берілген тапсырманы дәптерге жазу арқылы орындайды

3 кезең
Кері байланыс 5 мин Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Тұрлаулы мүшелерді ата.
Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау
Критерий қою арқылы формативті, жиынтықты бағалау
Кейінгі тапсырма 2 мин
41 - жаттығу. Көшіріп жазыңдар да, бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша қойыңдар.
Село – үлкен. Бұл – Марқакөл ауданының орталығы. Алтай жайылымдары – биыл ерекше. Мына жалпақ етек – толған қойлы ауыл. Көл – балыққа кедей емес көрінеді. Ең бағалысы – қызылбалық.
11 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы білімдерін бекітеді. Бастауын пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу жолын үйренеді. Топпен бірлесіп жұмыс жасайды.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Атырау қаласы, №2 орта мектептің орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жаңартылған оқу бағдарламасы тренері Унгаралиева Назгул Имашевна
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×