Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жіктеу есімдігінің түрленуі

11 қараша 2015, Сәрсенбі
№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні Тулегенова Р.С.

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жалпы мақсаты: Оқушылардың есімдік жайлы білімдерін нығайтып, есімдіктерді түрлендіруге, жіктеу есімдіктерінің түрлену жолын меңгеруі тиіс. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру қажет.
Негізгі мақсаты: білім беруде АКТ - ны пайдалану, топ жұмысына белсене араласуға, диалогқа түсе отырып, білімдерін тереңдету.
Күтілетін нәтиже: тақырыпты меңгеріп, алған білімдерін өмірде пайдаланады; топпен бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді; пікір алмасу арқылы ой түюге дағдыландыру; өз - өзіне әділ баға қоя алады.
Әдіс - тәсілдер: топпен жұмыс, Кластер әдісі, постер қорғау.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: АКТ, бағалау парақшалары, стикерлер, түрлі түсті қаламдар, плакат.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындық барысын қадағалау.
Тақтаға жапсырылған стикерлерді таңдау арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
І топ Достық
ІІ топ Ынтымақ
ІІІ топ Бірлік
ІҮ топ Татулық

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 1) «Ару Астана» тақырыбында жазылған мәтінді оқыту.
2) Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. «Сұрақтар түймедағын» жасау.
1. Есімдік деген не?
2. Есімдік құрамы?
3. Есімдіктің мағыналық түрлерін ата.
4. Есімдіктердің түрленуі. Т. б.

ІІІ Жаңа сабақ
Ой қозғау: Сізге сәлем айтамыз осы бастан,
Көңіліңіз кең дейді асып тасқан.
Мен естіп сіз туралы сөз толғадым,
Халық айтса қалт айтпас: «Ақыл жастан».
Өзім жайлы айтайын өріп өлең,
Жыр маржан жастайымнан теріп келем.
Әркімнен сұрап алған өлеңім жоқ,
Қай кезде де өзіме сеніп келем.
Өлеңде қандай есімдіктер бар, олар қалай қолданылған?
Мағынаны тану: Жаңа сабақты мақсатымен таныстыру.

Топтарға тапсырма беріледі.
І топ. Мен есімдігін түрлендіру.
ІІ топ. Сен есімдігін түрлендіру.
ІІІ топ Сіз есімдігін түрлендіру.
ІҮ топ Ол есімдігін түрлендіру.

Қолдану: Оқулықпен жұмыс, талдау.
89 - жаттығу.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы есім сөздерді бір бөлек, септеулі жіктеу есімдігін бір бөлек теріп жаз.
Сергіту сәті: Поэзия минуты. Әр топтан бір - бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
90 - жаттығу.
Өлең шумақтарын топтарға бөліп беру, әр топ шумақтағы есімдіктерге талдау жасайды, мазмұнын түсіндіру.
91 - жаттығу.
Көп нүктенің орнына сөз қойып, есімді және етістікті сөз тіркесін жасау. Оларды қатыстыра отырып мәтін құрау.
Жинақтау: «Мен - ұлы даланың ұланымын» постер қорғау. Есімдіктерді пайдалану.
Қорытынды: Сұрақ - жауап
1. Жіктеу есімдігінің септелу ерекшелігі қандай?
2. Жіктеу есімдігінің жіктелу ерекшелігін ата.
Рефлексия
Сабақ не туралы болды?
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?
Бүгінгі сабақта қандай сезімде болдың? Стикерге жазып ағашқа жабыстырады.
Бағалау: Бағдаршам әдісі мен бағалау парақшасы арқылы.
Үйге тапсырма: 87, 89 - жаттығу.

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 019
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы Мақсаты: Тақырып жайлы оқушылар түсіне отырып топпен романның кейіпкерлерімен танысады, сипаттау арқылы білімдерін жетілдіреді.
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат теңдеулер, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу, квадрат үшмүшені көбейткішке жіктеу ұғымын дамыту;
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Есімдіктер туралы білімдерін тереңдету, жіктеу есімдіктерінің түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру.
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Жіктеу есімдіктерінің түрленуі
Жіктеу есімдіктерінің түрленуі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калиева Бахыт Жантугановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×