Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екпін

23 қараша 2015, Дүйсенбі
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы,
академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Асанова Индира Мукаевна

Сабақ тақырыбы: Екпін
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын білу, екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту, екпін түрлерін ажырата білу, екпін түспейтін қосымшаларды білу;
Тәрбиелік: Берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін дамыту, үндестік заңына сай орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттығу орындау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ Оқушы білімін жан - жақты тексеру
1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
2. Данышпан атаның сұрақтары:
А) Фонетика нені зерттейді?
ә) Орфография мен орфоэпия деген не?
Б) Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата
В) Үндестік заңы деген не?
Г) Дыбыс үндестігі деген не? Оның түрлерін ата

ІІІ Жаңа сабақ
1. Данышпан ата түсіндіреді: Балалар, алдымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын, яғни, « Екпін» сөзінің мағынасын ашып алайық.. Мысалы: Бар екпінімен құлап түсті, екпіндетіп сөйледі, екпіні қатты жел соқты, оқу екпіндісі. Даусы ерекше шықты. Даусы ерекше шықты. Даусы екпінді шықты. Біз екпін сөзін аз қолданбайды екенбіз. Екпін... күшті, көтеріңкі, қатты, ерекше. Мысалдарға қарағанда екпін мағына жағынан қандай сөз?
- Көп мағыналы сөз
- Ал тіл ғылымында қолданылуы қандай сөз болады?
- Тіл ғылымында термин сөз болады.
- Термин сөз
2. Оқулықпен жұмыс
Ережені түсініп оқу. Екпін нелерге түседі екен? Ереже бойынша атаңдар.
- Бір сөзге. Бір буынға. Бір дыбысқа. Бір тіркеске
Ережені жинақтап, тірек - сызба жасайық..
Екпін

бір сөздің
бір буынның
бір дыбыстың көтеріңкі, күшті айтылуы
бір тіркестің

Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз

Сөз екпіні
Дыбыс екпіні Екпін Ой екпіні
Тіркес екпіні

Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тұрақты болады: екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: Мектеп - кеме, білім - теңіз.
Білім - паз - дар - ға. Сөз екпіні сөйлемдегі барлық сөздің соңғы буынына түседі екен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 579
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Екпін кіріктірілген сабақ
Екпін кіріктірілген сабақ
Оқушыларға екпін және оның түрлері туралы білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы тереңдету, екпіннің буынмен тығыз байланысты екендігін ұғындыру, олардың үйлесуі, байланыстығының маңызын түсіндіру;
Екпін, оның түрлері
Екпін, оның түрлері
Екпіннің өзіндік ерекшелігін түсіндіре отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне білдірту, екпін түрлерін ажырата білгізу. Фонетикалық білім дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады. Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Екпін, ой екпіні, сөз екпіні (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Екпін, ой екпіні, сөз екпіні (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Тілдегі сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін
Екпін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,| Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі КАРЖАУБАЕВ РУСЛАН МУЛДАБАЕВИЧ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×