Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәйф Сараи Түркіше Гүлстан

15 қараша 2012, Бейсенбі
Атырау қаласы,
№35 мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темірғалиева Ағила Серікқызы

Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»
Сабақтың мақсаты
Білімділік: шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу; адамның адам болып қалыптасуына басты рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар туралы әңгімелесу; Сәйф Сараи еңбегінің рухани нәрін оқушы бойына сіңіру.
Дамытушылық: әңгімелерді оқи отырып, баяндауда сөйлеу дағдыларын арттыру, байланыстыру, ойлау жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелік: адамгершілік, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: тарих
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырма Рабғузидің қиссалары.
4 топқа төрт әңгімесі тапсырылды. Оқушылар өз топтарында әңгімені талдап, бір оқушы түйінді ойды айтады.
Басқа оқушылар да өз пікірлерін айтып, толықтырып отырады. Оқушылар жауабы бағаланады.

III. Жаңа сабақ.
Кіріспе. Өткен сабақтарға шолу. Дискіден «Күлтегін», «Оғыз қаған»жырлары туралы мәліметті көрсету.
- Бүгінгі тақырыбымыз Алтын Орда әдебиетінің негізін салушы Сәйф Сараи туралы болмақ. Сәйф Сараи Алтын Орданың Сарай қаласында туып, Египетті қыпшақ нәсілді Бейбарыс сұлтан билеп тұрған кезде, білім іздеп, сонда барады. Өзі: «Қамысты»деген жұрт менің туған елім еді, - дейді. Қамысты аталатын мекендер қазақ жерінде өте көп, сон- дықтан дәл қайда туғаны әзір анықталған жоқ.

Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (арабша аталуы: «Гүлстан би-т-түрки»атты кітап жазған. Бұл парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» (1258ж)түркі тіліндегі аударма нұсқасы.
Кітап сегіз тарау, кіріспе, қорытындыдан тұрады. Алғашқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден құралған. Сегізінші тарауы нақыл, мақал-мәтелдерді жинақтаған. Ежелгі әдебиет дәстүріне сай, қара сөзбен жазылып (проза), арасына өлеңдер кірістіріліп отырған. Тарулары: «Патшалардың өмірі туралы», «Азға қанағат етудің артықшылығы», «Махаббат пен жастық», «Кәрілік пен әлсіздік», «Тәрбиенің ықпалы», «Қарым-қатынас ережелері», т. б деп аталады.

Сәйф Сараидің өз ойынан жазған төл туындысы - «Суһаил мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасын баяндау арқылы өз дәуірінің өзекті мәселелерін көтереді. Соғыс зардаптарын, оның қарапайым халыққа әкелетін қиыншылығын суреттейді. Бұл, әсіресе, өсиет-өнеге бағытында жазылған, адамгершілік, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.

Кез-келген топтан бір оқушы дауыстап, мәнерлеп оқиды. Оқушылар топ ішінде өзара талдайды. Бір оқушы шығып, өз ойын айтады, басқа топтар да өз пікірлерін қосып отырады.
Әңгімелер бойынша сұрақтар
1. Кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?
2. «Ұзын бойлы ақымақтан, қысқа бойлы ақылды артық»дегеннің мәнісі не?
3. Наушаруаның «Әуелде зұлымдық аз еді, кейін әркім аз-аздап қосқанда, көбейіп кетті» деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме?
4. Ақымақ адам шыныменен жөнделмей ме?
5. Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па?
Тәж Махал, Айша бибі, Арыстан баб ескерткіштері ше?
6. Әдептілік деген не?
7. Тәрбиенің берілуі бірдей болғанымен қабылдауы әр түрлі болуы неге байланысты?
8. Дәулетті адам дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімені толық талдап болған соң, жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «тест-интервью»жүргізіледі.
Сәйф Сараидің «Түркіше Гүлстан»шығармасынан қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің? Жауабы
а).....ә).....б).....в)....г)....ғ).....
Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді? Жауабы
а).....ә).....б).....в)....г)....ғ).....
Екі-үш оқушының жазғаны тыңдалады. Басқа оқушылардікі жиналып алынады. Бұл тақырып ежелгі дәуір әдебиеті бойынша соңғы тақырып болғандықтан өткен тақырыптарды қысқаша қайталап өтеміз.

Ұлылар шығармашылығындағы үндестік неде?
Жүсіп Баласағұни Ахмет Иассауи Қорқыт

Рабғузи Адамгершілік, Ізгілік, оқу-білім, Әл-Фараби
Қанағатшылдық Махмұт Қашқари Сәйф Сараи
Жауап «Адамгершілік», «Ізгілік», «қара ниетті болмау», «оқу-білім», «қанағатшылдық»екені айтылады.
Үйге: «Адамгершілік –ұлы қасиет»деген тақырыпта шағын шығарма жазу
28 908
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәйф Сараи «Түрікше Гүлістан» (күнделікті сабақ жоспары)
Сәйф Сараи «Түрікше Гүлістан» (күнделікті сабақ жоспары)
Алтын Орда әдебиетінің тарихымен, Алтын Орда мемлекетінің қалай құрылғандығы жайлы оқушылар алдыңғы сабақта толық танысқандықтан Сәйф Сараи өмірі, шығармашылығы бірден таныстырылады.
Сәйф Сарай “Түркіше Гүлстан”
Сәйф Сарай “Түркіше Гүлстан”
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Абубакирова Тоғжан Манарбекқызы
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
БҚО, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Алия Салимовна
Шыңның жеңімпазы (слайд)
Шыңның жеңімпазы (слайд)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Сәйф Сараи "Түрікше Гүлстан"
Сәйф Сараи "Түрікше Гүлстан"
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Мұхтар Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Рабғузи қиссалары
Рабғузи қиссалары
Сабақтың тақырыбы: Рабғузи қиссалары Сабақтың мақсаты: а) Алтын Орда дәуірінде туған, сол кезде өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық мәнін ашу, меңгерту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×