Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаевтың алтыншы, он тоғызыншы қара сөзі

04 желтоқсан 2015, Жұма
Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович

Қазақ әдебиеті пәнінен 10 - сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев Алтыншы, он тоғызыншы қара сөзі (10 “а”сынып)
Жалпы мақсаттар: Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу; Оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни ойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру; Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту, адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Оқытудың нәтижесі: Абай қара сөздері туралы білген - түйгендерін пысықтап, білімдерін тереңдетеді, сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры қалыптасады.
Негізгі дерек көздері: АКТ, маркер мен стикерлер, оқулық, жұлдызшалар; проблемалық ізденіс, талдау, топпен жұмыс,

Топқа бөлу
«Шаттық шеңбері» тренинг. Оқушылар бір біріне сабақтың жақсы өтуі үшін тілектер айтады.

«Қыс», «жаз», «күз», «жазғытұры» тобы болып төрт топқа бөлінеді. Әр топта алты оқушыдан отырады. Абайдың табиғат лирикасындағы өлең шумақтарын таңдап алып сол өлеңнің Абайдың қай өлеңі екендігін пайымдап сол топқа отырады.

Үй тапсырмасын сұрау
«Алты ойшыл қалпақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
«Ескендір» поэмасын алты ойшыл қалпақ талқылап өтеді

Жаңа тақырып. Абайдың қара сөздерінің жазылу тарихын. Қарасөздерінің тақырыбын әңгімелеу. Алтыншы, он тоғызыншы қара сөзін үнтаспадан тыңдату арқылы меңгерту.
Оқушыларға оқыту: Қарасөз туралы теориялық түсінік.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.

Абайдың қара сөздерінің саны - 46. Бірақ біз 46 - шы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.
Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда, Абай 45 жаста болған. Ақыл - ойы толысып, жасы кемелденген, көрген - білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл - Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.

Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:
«Әкем балаларын 7 - 8 - ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен».

Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:
Дүниенің тылсым сырларын тану: 7, 19, 31, 38, 43
Надандық, жалқаулық т. б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18
Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33,
Қазақтардың мінез - құлқы: 4, 10, 12, 15, 22, 24, 35, 38
Қазақ мақалдары: 5, 6, 37, 39
Еңбек: 2, 4, 25, 42
Ар - ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40

Топтық жұмыс
“ҚЫС” ТОБЫНА
Қара сөз туралы ұғым.
Абайдың қара сөздерінің жазылу кезеңі
“ЖАЗ” ТОБЫНА
Абай қара сөздерінің тақырыбы
“ЖАЗҒЫТҰРЫ” ТОБЫНА
Алтыншы қара сөзіндегі ойды анықтау
“КҮЗ” ТОБЫНА
Он тоғызыншы қара сөзіндегі ойды анықтау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 560
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың қара сөздері
Абайдың қара сөздері
Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу
Анықтауыштан өткенді қайталау
Анықтауыштан өткенді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
Мақал – мәтелдер
Мақал – мәтелдер
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Абайдың қара сөздері
Абайдың қара сөздері
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 мектептің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×