Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Викторина «Мен қазақ тілін білемін»

06 желтоқсан 2015, Жексенбі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.
Қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі
Губайдуллина Баян Нұрахметовна

Викторина «Мен қазақ тілін білемін»
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу. Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: суреттер, плакат, ұлттық тағамдар, мультимедиялық презентация.

Өту барысы:
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгін викторина өткіземіз. Біздің мақсатымыз: туған жеріміздің, еліміздің белгілі адамдары, рәміздері, салт - дәстүрлері туралы білімдерімізді көрсету.
Викторинаға 5 - ші сынып оқушылары қатысады. Сонымен викторина алдында Қазақстан Республикасының Әнұранын айтып мерекелік викторинаны ашамыз.
Әнұран орындалады.
Ал балалар, енді викторина қатысушыларға сөз берейік.
Викторинаға қатысушылар өздерін таныстырады.

I тур: Сұрақтарға жауап беру.
Қыран тобы:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қай тіл?
2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
3. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
4. Әнұранның әнін жазған кім?
5. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қай күні тойланады?
6. Ұлттық валюта қалай аталады?
7. Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері кім?
8. Дина Нұрпейісова кім?
9. Абай кім?
10. Наурыз мерекесі қай күні тойланады?

Сұңқар тобы:
1. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебесін алды?
2. Қазақстан Президентінің сайлауы қашан болды?
3. Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
4. Әнұранның сөзін жазған кімдер?
5. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
6. Конституция күні қай күні тойланады?
7. Елтаңбаның авторлары кімдер?
8. Құрманғазы кім?
9. Абай қай жерде туған?
10. Наурызда қандай дәстүрлі тағам әзірлейді?

II тур: Сурет бойынша ең қызықты әңгіме құру. Тақырып: «Күз» «Қыс».
Көрермендермен ойын (Жұмбақ шешу):
1. Өзі ақ, өзі ұсақ
Шықылықтап тұрмайды
Өсекшіге ұқсап
Құйрығы ұзын, ала
Бұл қандай құс, бала? (Сауысқан)
2. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар (Тасбақа)
3. Қанаты бар,
Қауырсыны жоқ (Жарқанат)
4. Иір - иір ізі бар,
Құлағы жоқ, көзі бар,
Түсі суық, ызғарлы
Аузында айыр бізі бар (Жылан)
5. Күні бойы тынбайды,
Дәмді тағам жинайды (Бал арасы)
6. Терісі бар - жүні жоқ
Жүрісі бар - ізі жоқ
Қанаты бар - ұшпайды
Су астында қыстайды (Балық)
7. Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу (Түлкі).

III тур: «Қазақстан бойынша саяхат»
Қыран тобы:
1. Өскемен қайда орналасқан?
2. Астана қайда орналасқан?
3. Қожа Ахмет Ясссауидің кесенесі қай қалада орналасқан?
4. Шығыс Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі?
5. «Алтын адам» монументі қай қалада орналасқан?

Сұңқар тобы:
1. Шығыс Қазақстанда қандай үлкен көлдер бар?
2. Қазақстанда қандай көне қалалар бар?
3. Қазақстанда қандай қорықтар бар?
4. Шығыс Қазақстанда қандай өзендер бар?
5. Алматы қаласы қай таудың етегінде орналасқан?

IV тур: Сөздік сайысы: «Кім көп сөз біледі және құрастырады». Уақыт – 5 минут.

V тур: «Капитан сайысы»
Қыран тобы:
1. Сенің атың кім?
2. Сенің туған жерің қай жер?
3. Қандай ұлттық ойындарды білесің?
4. Күз айлары қандай?
5. Сүттен жасайтын тағамдарды атап бер.

Сұңқар тобы:
1. Сенің атың кім?
2. Қай мектепте оқисың?
3. Сен қандай ұлттық тағамдарды білесің?
4. Қыстың алғашқы айы қандай ай?
5. Наурыз көжеге неше тағам түрі салынады?
Қорытынды: Марапаттау.
40 857
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақстан туралы білімдерін тиянақтау, пысықтау, қорытындылау. Оқушылардың оз Отанын, туған жерін сүюге, әр халықтың тілін құрметтеуге, қазақша сауатты сөйлеуге, Қазақстанның азаматы екенін мақтаныш тұтуға тәрбиелеу.
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Викторина "Қазақ тілін білесің бе?"
Викторина "Қазақ тілін білесің бе?"
СКО, Петропавл қаласы. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп кешенінде қазақ тілі мұғалімі Байбатырова Гүлжан
Қазақша сөйлегім келеді
Қазақша сөйлегім келеді
СҚО, Петропавл қаласы «Тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық № 23 орта мектептің» КММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Махмұтова Салтанат Сабырқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×