Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл-жаның, тіл -қаның

19 қараша 2012, Дүйсенбі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Осакаров №1 орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Маждай Гулмариа
5 сынып
Тақырыбы: Тіл - жаның, тіл - қаның
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тілің, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.
Біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе?
«Тіл - жаның, тіл - қаның» сайысы
Мақсаты:
a)оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту;
ә) оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру;
б) өз мүмкіндігін пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.
Біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе?
Мұғалім: Құрметті ұстаздар оқушылар, қонақтар!
«Тіл - жаның, тіл - қаның» атты ойынымызды бастаймыз.
Бұл ойында біз өз білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молдығын көрсетеміз.

Ал, қанекей, келіндер,
Біріңе-бірің еріндер.
Білімімізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер – дей келе, ойынға қатысушыларға сәттілік тілеймін.
Ортаға ойынға қатысатын топтарды шақырамыз. Оқушылар“Қыран”, “Ұлан” топтарына бөлінеді.
“Қыран” тобының ұраны: Ардақтайық, ана тілді!
“Ұлан” тобының ұраны: Менің тілім - мәңгі өлмейтін өлең-жыр
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. – демекші, әділ қазыларды таныстырып өтейін:
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Асылхан Маратовна
2. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Тусупова Ж. Қ
3. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Хабай Қазира
1. Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда. – дей келе бүгінгі сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар:
1. Таныстыру
2. «Кім көп біледі?» сұрақ-жауап
3. «Ақыл – ой өрісі» ребустар шешу
4. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу сайысы
5. «Тапқырлық» топ басшылар сайысы
6. «Сөзтуым» бір сөзден бірнеше сөз құрау
1. Сайысымыз «Таныстыру».
Ойынның шарты бойынша топтың аты, ұраны. Топ басшысын сайлау.
1-топ, 2-топ
«Білетін адам ашады
Білім нұрын шашады»- дей отыра
2. Сайысымыз бастайық
«Кім көп біледі?» (әр топқа сұрақтар қою)
І – топқа
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылы? (1991 жыл)
Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? (1993 жыл)
Қазақстан Республикасының Рәміздеріне нелер жатады?(Ту, елтаңба, әнұран)
Туған жер туралы әңгімеле
ІІ – топ
Әдептілік деген не, қалай түсінесің?
Қазақстан Республикасының Рәміздеріне неше жыл болды? (1993 жылдан бастап, 20 жыл)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? (Қазақ тілі)
Ата Заңымызға неше жыл болды? (17 жыл)
3. Сайысымыз «Ақыл – ой өрісі» берілген ребустарды топ бойынша шешеді жауабын айтады.

4. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, - деп Абай атамыз жырлағандай өлең мәнерлеп оқу сайысына кезек береміз.
Жүргізуші:
Тапқырлықтың негізі талап,
Кілті –білім –демекші, енді
5 – «Тапқырлық» топ басшылар сайысына кезек береміз.
Жүргізуші:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).
2. Орман емшісін ата (тоқылдақ)
3. Есту мүшесі (құлақ)
4. Бір өркешті түйе (нар)
5. Бір жылда неше ай бар? (12)
6. Ит жеті қазынаға кіре ме? (иә)
7. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
8. Бие сүті қалай аталады? (қымыз)
9. Бірінші байлық не? (денсаулық)
10. «Дос» сөзінің орысша аудармасы (друг)

1. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).
2. Аяз атаның немересі (ақшақар)
3. Көру мүшесі (көз)
5. Жылдың неше мезгілі бар? (4)
6. Тауық жеті қазынаға жата ма? (жоқ)
7. Абайдың әжесі кім? (Зере)
8. Түйе сүті? (қымыран)
9. Ардақты адам (ана)
10. «Жау»сөзінің орысша аудармасы (враг)
6. Сайысымыздың 6-түрі Сөзтуым сайысы. «Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз құрау.
5-минут уақыт беріледі. Қай топтың құраған сөзі көп болса сол топ жеңіске жетеді.
Қорытынды
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
«Тіл –жаның, тіл қаның» атты сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасында.
Жұмбақ
Сүйексіз ғып жаратқан,
Жұртты аузына қаратқан.
(Тіл)
Өңшең тістің арасында
Бір патша.
(Тіл)
Сүйектен қаланған қорғанда
Сүйексіз күзетші тұрады.
(Тіс және тіл)
О жағы мәрмәр,
Бұл жағы мәрмәр.
Ортасында,
Сандуғаш сарнар (Тістер және тіл)
Сырлы сандықта бір сылым ет.
(Тіл)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
(Тіс, тіл)
Отыз екісі диірмен тартып,
Бір қапқа салады.
(Тіс және тіл)

Көмкерілген қала,
Төңкерілген қала.
Арасында соның
Қызыл шақа бала.
(Тіл)
Екі әскер соғысып жатыр,
Ортасында бір елші.
(Тіс пен тіл)
Қызыл түлкі інінен шықпайды.
(Тіл)
Әрі сүйексіз,
Әрі тиексіз.
(Тіл)
Ақ тоғайдың ішінде
Кісінейді күрең тай.
(Тіл)
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
7 084
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл – халық қазынасы
Тіл – халық қазынасы
«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» - деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гульсум Булатовна
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз.
22 қыркүйек – тілдер мерекесі
22 қыркүйек – тілдер мерекесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп-лицей орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сисенбаева Алтынгүл Талғатқызы 9 сынып Сабақтың тақырыбы: 22 қыркүйек – тілдер мерекесі Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×