Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

21 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
СҚО, Аққайың ауданы, Смирнов ауылы.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Исмакова Ғалия Серікқызы

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы, ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, алған білімдерін тәжірибеде қолдану.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы жан - жақты түсінік беру
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, жеке және топпен жұмыс істеуге үйрету.
3. Тәрбиелік: дүниетанымдық көзқарастарын, рухани - адамгершілік, дағдыларын қалыптастыру, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, плакаттар
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу
Ә) кезекшімен сұхбат
Б) Шаттық шеңбері
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Қуан шаттан, қуан шаттан!
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы күн, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
Балалар, бағалауды мен мынадай жолмен таңдадым, әрбір дұрыс жауапқа мен мынадай жұлдызшаларды беріп отырамын
- Балалар, бүгін сабағымыз жақсы өтуге сәттілік тілеймін. Сабағымыз ертегі сабақ түрінде өтеді.
Ертеде кемпір мен шал болыпты. Бір күні кемпір отырып, “Шал менің сұрағыма дұрыс жауап берсең, саған бауырсақ пісіріп беремін” депті

ІІ Үй жұмысын тексеру
Сұрақтар:
(жауап берген әр оқушы әр сұраққа бір жұлдызшадан алып отырады.
Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыптарды меңгердік, есімізге түсірейікші.
1. Баяндауыш дегеніміз не, қандай сұрақтарға жауап береді?
2. Баяндауыш құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?
3. Үйірлі баяндауышқа мысал келтір
Баяндауыш болатын сөз таптарын ата

Кемпір қап түбіндегі ұнға қаймақ қосып, бауырсақ илейді. Алдыңғы сабақта мемлекеттік тілді игеру әрбір азаматтың ізгілікті борышы атты шағын шығарма жазуға берген болатынмын, ендеше әр топтан бір оқушы шығып ортаға өзінің шығармасын оқиды ( Бағалау)

Бауырсақты пісірді. Суыту үшін әйнекке қойды. Жата - жата іші пысқан бауырсақ әйнектен сыртқа домалап, қашып кетеді. Қашып келе жатып, қоянға кезігеді. Қоян:
- Менің тапсырмамды орындамасаң, жеп қоямын,- дейді.
Ендеше, балалар, дәптерлерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз Жаңа сабақ “Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша”

Мұғалімнің сөзі

Сабақтың тақырыбы:
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы, ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау,
алған білімдерін тәжірибеде қолдану
Мысалдарды дәптерге жаз:

1. Бұл – үлкен қуаныш. Ол – қазір театр директоры
2. Қыздардың үлкені – Жадыра.
3. Тыңдау – мәдениеттіліктің белгісі.
4. Бес жерде бес – жиырма бес
5. Жүз – жиырма беске бөлінбейді. Жүз жиырма – беске бөлінбейді
6. Бауырсақ қояннан құтылып келе жатқанда қасқырға кез болады. Қасқыр: “Егер менің тапсырмамды орындасаң ғана жіберемін”,- деп айтады

1 - тапсырма
Бұл Марқакөл ауданының орталығы.
Жамбылдың түнгі серігі тәтті қиялы
Қой бағу қиын кәсіп.
Жақсы ісімен жақсы.
Жүз жиырма беске бөлінбейді.
Көкпардың серті сол.
Ол біздің молда
Солтүстік Қазақстанның облыс орталығы Петропавл

Қасқырдан бауырсақты құтқардық. Бауырсақ домалап келе жатып, аюға кезігеді. Аю: “Мен әлем елдерін көргім келеді. Егер де сен менімен барсаң мен сені жемеймін”, - дейді
Тапсырма 4 топ балалар үйде дайындап келген тапсырмаларын плакатта орындап, сынып алдында қорғауы тиіс
І топ Үнді мемлекетін таныстырады
ІІ топ Өзбекстан мемлекетін таныстырады
ІІІ топ Қытай мемлекетін таныстырады
ІV топ Ресей мемлекеті таныстырады
3 оқушы бақылаушылар болады Фариза, Руслан, Гүлмира
Тапсырма орындап болғасын әрбір топ шығып, өз плакаттарын қорғайды да қалған топтар бағалайды, содан кейін бақылаушыларға сөз беріледі
Бауырсаққа көмек көрсеткендерің үшін сіздерге ризашылығын білдіреді.

Қорытынды Рефлексия
Бүгін сабақ маған несімен ұнады?
2. Бүгін сабақта болған көңіл – күйіңді суретпен көрсет
3. Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?
Үй тапсырмасы
Екі елді салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын венн диаграммасы арқылы жазып кел.
Ережені жаттау
Бағалау
Әр топ өз жұлдызшаларын санап, есебін мұғалімге айтады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 582
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылатынын салыстыру тәсілімен түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, талдау, салыстыру арқылы алған білімдерін пайдалана білуді дамыту.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы білімдерін бекітеді. Бастауын пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу жолын үйренеді. Топпен бірлесіп жұмыс жасайды.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Атырау қаласы, №2 орта мектептің орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жаңартылған оқу бағдарламасы тренері Унгаралиева Назгул Имашевна
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×