Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел ордасы – Астана. Біріккен сөздер

23 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы,
Новенький орта жалпы білім беретін мектебі КММ
орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кубекова Анар Нагимоллиевна

Қазақ тілі 6 класс.
Орыс сыныптарына қазақ тілі пәні
Тақырыбы: Ел ордасы – Астана. Біріккен сөздер.
Мақсаты: Елордамыз - Астана туралы жан - жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Өз Отанын сүюге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже Жеке, топтық жұмыс түрлерін орындайды.
Бейнефильм материалын тыңдайды, тақырыбы мен идеясын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
Өзіндік ой қорытады
Керекті жабдықтар интерактивті тақта, маркерлер, бағалау парағы, презентация, стикерлер, постерлер

Кіріспе
1. Ұйымдастыру бөлімі: 2 минут
Психологиялық ахуал тудыру
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.

Балалар, біз бүгінгі сабағымызды да әдеттегідей тренингтен бастаймыз. Ол үшін ортаға шығып шеңбер болып тұрайық.

Жарқырап күн де ашылды,
Айнала нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
«5» қолды жеткізу
Көңіл - күйлерің қалай?

Жарайсыңдар, енді орнымызға жайғасайық.

Үй тапсырмасын тексеру 5минут
Енді, балалар, сұрақтарға жауап берейік.
1 Үй тапсырмасы үлестірмелі стикерлер арқылы түрінде тексеріледі. Бірақ бұл тапсырмада сұрақтар берілген.
Тасымал дегеніміз не?
Буын нешеге бөлінеді?
Ашық буын дегеніміз не?
Тұйық буын дегеніміз не?
Бітеу буын дегеніміз не?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?

Өте жақсы, сұраққа дұрыс жауап бердіңдер.
Жарайсыңдар, балалар, үй тапсырмасын жақсы меңгергенсіңдер.

Енді әрі қарай бүгінгі жаңа тақырыбымыз бойынша тапсырмаларды топқа бөлініп орындаймыз. Ол үшін мына жердегі суреттерден өздеріңе ұнағанын қалап алыңдар.
Кім қандай суретті алды, сол бойынша 2 топқа бөлінеміз. «Бәйтерек», «Хан шатыры». «Бәйтерек» тобының басшысы - Анна, ал «Хан шатыры» тобының басшысы - Лилия болады. Топ басшылары әр тапсырма сайын топ мүшелерін бағалап отыруы керек.

Тұсаукесер:
Қызығушылықты ояту. 3 минут
Ал, балалар, қазір мына бейнеклипке назар аударайық. (Алтынай Жорабаеваның «Астана» әнімен Астана қаласының көрікті жерлерінің презентациясы)

Миға шабуыл.
1 Кім айтады бейнеклип қай қала туралы?
2 Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда қандай болады?
3 Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ел ордасы – Астана және біріккен сөздер». (Күннің жадын, тақырыпты дәптерлеріне жаздырту)
4 Балалар, біздер бейнеклип арқылы саяхат жасадық, ал Астана қаласына кім барып көрді? (оқушылар әңгімелеп береді)

Астана қаласын өз көзімен көріп, тамашалап қайтқан қандай керемет! Қалғандарымызға да алдағы уақытта Астана қаласына барар сәтті күн болар деп ойлаймын.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Сарыарқа жеріндегі Есіл өзені бойындағы бас қала Астанамыз туралы білімімізді толықтыру, сөздік қорымызды молайту және біріккен сөзді тапсырмалар арқылы пысықтау. Топтық жұмыстар орындау арқылы бір - бірімізге деген достығымызды нығайту.

Балалар, тапсырмаларды орындамас бұрын мен Астана туралы қысқаша таныстырып өтейін.

«Астана» - парсы сөзі. Көне парсылар қалаға кірер бас қақпаны айтқан. Ол «киелі орын» деген мағынаны білдіреді. Ол сөз қазақша елдің бас қаласы дегенді білдіреді.
Мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласы. 1998 жылға дейін астанамыз әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі Алматы болып келді. Астананы ауыстыру көптеген экономикалық, саяси, демографиялық, географиялық т. б. жағдайларға байланысты туындады. Біріншіден, бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы республиканың ортаңғы аймағында орналасқан. Екіншіден, қаланы кеңейтіп, жаңа құрылыстар салу бұл өлкенің экономикасын көтеруге үлкен көмек береді.
Үшіншіден, Астананың орналасқан жері мемлекеттің, ұлттың қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
1998 жылы Астананың тұсауы кесілді. Астана күн сайын көркейіп, зәулім ғимараттар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша көбеюде. Астана қаласында Мәдениет сарайы, Конгрес холл, Л. М. Гумилев атындағы Еуразиялық университеті, Үкімет және Парламент, Елбасы Резиденциясы т. б. бар.
Астана – болашақтың қаласы, жас, ең әсем қала.

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау, баспа және сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ықпал заңы бойынша т дыбысы д - ға айналып, тас сөзі дас болған) бір ұғымның ғана атауы болып тұр.
Қазақ тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас (бұзау+бас), басмақала (бас+мақала), т.б. Екіншісінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстың өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалған екінші сездің басындағы ж дыбысы и - ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп қалған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г - ге айналған), түрегелді (тұражөнелді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сездің әсерінен жіңішкеріп ү ү - ге, а е - ге айналған, екінші сөздің басындағы к дыбысы г - ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.
Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:
1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тас - бақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, текесақал, ала - бота, аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, бәйтерек, бәйшешек, т. б.;
2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;
3) кісі аттары: Орынбасар, Сейілбек, Мұхаметжан, Ерасыл, Аманжол, Есенәлі,
Бейсенбай, т. б.;
4) дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын, т. б.;
5) ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қарасан, т. б.;
ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;
ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қароторғай, Кісенашқан, т. б.;
6) қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы, ақсақал
7) мезгілге байланысты
атаулар: биыл, бүгін, қыстыгүні, жазғытұрым, күздігүні, т. б.;
8) белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар: ешкім, ештеңе қайсыбіреу, әлдекім, әрқайсысы, ешқашан, кейбір, әрбіреу, әлдеқашан, т. б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 642
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елдің жаңа орталығы – Астана
Елдің жаңа орталығы – Астана
Қазіргі Елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, Елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Қазақ тілі үйірмесі. Жалғаулар
Қазақ тілі үйірмесі. Жалғаулар
Тіл туралы жан - жақты білімдерін кеңейту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру, жалғау түрлерін қайталау; Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік тілін, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Кітапхана. Есептік және реттік сан есім
Кітапхана. Есептік және реттік сан есім
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новеньков ЖОББ мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Кубекова Анар Нагимоллиевна
Астана Е. Өтетілеуұлы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбаевна
Астана - бас қала
Астана - бас қала
[right]Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласы Спортта дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлімқұлова Динара Ерсаинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×