Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұйық етістік

08 қаңтар 2016, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Білімділік - тұйық етістік, оның жасалуы мен түрленуі, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық - оқушыны өз еркінше ойланып қорытынды жасай білуге төселдіру, тілдік қорын молайту, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік - шапшаңдыққа, сауаттылыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру, талдау, салыстыру.
Көрнекілігі: слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығуды тексеру, өткен тақырыпты пысықтау.
1. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
2. Көсемшенің қай жұрнағы жіктелмейді?
3. Көсемшенің сөйлемдегі қызметін айтыңыз.
4. Сөйле деген етістікті жіктеңіз.

Жаңа сабақ
Етістік түрлерін топтастыру әдісі арқылы қайталау, жаңа сабақпен байланыстыру. Оқушылар етістіктің түрлерін, жұрнақтарын атайды.

Көсемше Есімше
Етістік
Етіс?

«Миға шабуыл»
Топтастыру әдісімен жасалған кестеде? белгісі қойылған торкөз бар. Сол торкөз бойынша жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Торкөздегі сұрақ белгісін басқанда - у жұрнағы шығады. У жұрнағы етістіктің қай түріне жалғанатынын сұрап, сабақтың тақырыбына, мақсатына тоқталу.

Жаңа сабақ
Тұйық етістік - етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіреді, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына - у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Тұйық етістік септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың іс - әрекеттің атын білдіретін етістік түрі тұйық етістік деп аталады.
Бар - у, кел - у, көр - у
Ойна - у, сөйле - у, сана - у
Оқы - у = оқу, кемі – у = кему
Ақ - у = ағу, кеп - у = кебу, үк – у = үгу
Жай – у = жаю, жи – у = жию
Жу – у = жуу, қу – у = қуу

262 – жаттығу
Жалғау. Көсеу. Құрсау. Оқу. Басу. Жабу.

Жұмбақ
1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз. ( у )
2. Жеке тұрғанда зат есім, етістікке жалғанса жұрнақ. Ол қандай етістік жасайтын жұрнақ.(у)
3. Есімдерше тәуелденіп, септеледі, Бірақ жіктелмейді, көптеледі.
Сөйтіп барып бар ғой, Есім мағынасында қолданыла береді.
Мұны кім дәлелдеп береді? (тұйық етістік)

Ойлан, тап!
1. Отанды... от басынан басталады.
2. Аяққа кісен.... болар,
Тілге кісен салынбас.
3. Жақсының қасиеті жарастыру,
Жаманның қасиеті....

«Сөзмерген» ойыны
Құлақ, бет, жақ, ауыз (асу). Құлақ асу - тыңдау, назар аудару.
Қар, су, мұз, бу (отыру). Мұзға отырғызу - алдау, арбау.
Күл, от, шала, қоламта (ұшыру). Күлін көкке ұшыру - жоқ қылу.

Семантикалық карта
1. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерден жалға - у
2. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерден бар - у
3. Дауысты ы, і дыбысына біткен етістіктерден тоқы – у = тоқу
4. Дауысты и дыбысына біткен етістіктерден кию, тию
5. Қысқа й дыбысына біткен етістіктерден жаю, түю, тыю
6. Дауысты у дыбысына біткен етістіктерден жуу, буу

Терме диктант
263 - жаттығудан тұйық етістікті теріп жазу.
Бекіту
Тұйық етістік деп нені айтамыз?
Жасалу жолы. Мысал келтір.
Тұйық етістіктің емлесі.
Үйге тапсырма 260 - жаттығу
Бағалау
19 973
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы оқушыларға толық мәлімет беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
Тұйық етістіктің түрленуі (күнделікті сабақ жоспары)
Тұйық етістіктің түрленуі (күнделікті сабақ жоспары)
Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де, байланысты болмайды Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс - әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, жақтық мағынаны да
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Көсемшенің түрленуі
Көсемшенің түрленуі
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №10 Борсеңгір орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мергенова Надира Абуғазизқызы
Тұйық етістіктің емлесі
Тұйық етістіктің емлесі
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Қазақ тілі мұғалімі: Сымбат Таңсықханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×