Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы

09 қаңтар 2016, Сенбі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Күйкен орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Матниязова Айнур Талгатовна

Әдебиет 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы «Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы
Жалпы мақсаты: Жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау. Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан - жақты ашу, меңгерту. Ол бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру
Оқыту нәтижесі Тапсырмаларды постермен қорғау арқылы жетілдіру. Тапсырмаға қарай оқушыларға өз ойларын ашық айту арқылы анық сөйлету.
Оқыту формасы Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдіс - тәсілдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. «Миға шабуыл» әдісі талдау, ой қозғау, мәнерлеп оқу, салыстыру, сұрақ - жауап
Құрал – жабдықтар портреттер, бағалау бетшесі, кеспе қағаздар
Кезең Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
1 кезең Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру Қызығушылықты ояту
І. Ізденіс. Дерек көздер
1.“Алпамыс батыр” жырының тарихы, зерттелуі.
2.«Алпамыс батыр» жыры - ұлтымызға тиесiлi жыр.
ІІ. "Алпамыс батыр" жырының мазмұнына байланысты өзіне ұнаған оқиғаның немесе кейіпкердің сурет салып келу.
Сурет бойынша жырдың мазмұнын жақсы ұққандары байқалды. Топқа бөліну арқылы өткен материалды еске түсіріп, қорытындысын айтады. Сурет бойынша сөйлеу.
2 кезең
Жаңа сабақ 1. « Ой қозғау» стратегиясы
Ердің бағын ашпаса,
Ер мұратқа жетер ме?!
Ерінің сағын сындырса,
Ел мұратқа жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі - Алпамыс.
Ендеше, “Алпамыс батыр” жырының тақырыбы қандай? /ерлік, батырлық, отанын қорғау/
идеясы: Өз елін жаудан қорғау арқылы Алпамыстың батыр бейнесін ашу.
1. І топ. Жырға композициялық талдау. Жырдан үзінділер келтіру.
Басталуы
Байбөрінің қайғысы
Дамуы
Алпамыстың, онан соң Қарлығаштың дүниеге келуi.
Шиеленісуі
Алпамыстың сүйген жары Гүлбаршынды iздеп барып, Гүлбаршынды алып елiне келуi.
Шарықтау шегі
Елiн шапқан қалмақ ханы Тайшыққа қарсы жорыққа аттануы
Шешімі
Жетi жылдан соң елiне Ұлтанның көзiн жойып, азып - тозған елiн мақсат - мұратына жеткiзуi.

ІІ топ. Жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Теңеу Эпитет Гипербола Аллитерация Ассонанс
Кепедей, төбедей, ошақтай, пышақтай, зындандай, жыландай, т. б.
Қанды жас. Жас берен. Көк даңғыл

Ауыздықпен алысып, Ұшқан құспен жарысып... Бір күн шапса Шұбар ат Айлық жер алып береді.

Тозып кеткен ел - жұртын
Тегіс жиып алады.
Тентегі мен телісін
Түзетіп жөнге салады.
Алпамыс атты жас берен
Атқа мінген бола ма?!
Алдынан шығып сол ердің
Жылқысын берсем ала ма?
Сөздікпен жұмыс
Тірсек. Жан - жануардың артқы аяғы мен адам аяғының бүгіліп - жазылуына қажетті сіңір; қылтаның жоғарғы тұсы.
Телі - Тентек. Есер, содыр - сотқар.
Әулиеге түнеді - қадірлі, қасиетті, жақсы тілеу тілеп, әулиеге табынды.
Әзірет - дінбасы, молда, ғұлама.
Аса - дәрежелі адамдар /хан, би, қожа т. б./ қолына ұстайтын ерекше таяқ.
Машайық - ақылды адам, абыз.
Саруар - қожа, ие, пір.
Берен - өжет, өткір.
Қабынды - желігу, желпіну.
2. Кейіпкерлер әлемі
Жағымды - жағымсыз
Достары - жаулары
Қазір әр топ кейіпкер талдағанда мақал - мәтелмен бастайды.
І топ
Дос
Мақал - мәтел Қандай?
ІІ топ
Жау
Мақал - мәтел Қандай?
«Алпамыс - досқа берік, жауға мейірімсіз»
Қандай?
Батырға тән ерекше қасиеттер: текті, жаудан сескеніп қорықпайтындық, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетіндік, еліне қамқор, отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін батыр.

Гүлбаршын
Жақсы әйел... әйел атаулының ең ұнамды сипаттары болып табылатын ақылдылық, мінезділік, опалылық сынды белгілер Гүлбаршынға тән болып көрінеді. Ұлтан шын мәніндегі құл да емес. Ол – Алпамыстың немере ағасынан туылған бала, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе келе, өз дәрежесінің үстем болуын көздейтін зорлықшыл, мейірімсіз жан.
Қаракөзайым
Тайшық хан
Кейқуат
Мыстан кемпір
Байшұбар
Құлтай
Туыс - жоқ болса бере алмайды,
Бар болса көре алмайды.
Жырдағы салт - дәстүр белгілері: атастыру, әмеңгерлік

Оқушылар топқа бөлінеді.
Оқушылар жұптасып сұрақтарын талқылап, бір - біріне сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.
Берілген тапсырманы постер қорғау арқылы орындайды

3 кезең
Сабақты бекіту Алпамыс батыр жырының эпостық жыр деп аталуы неліктен?
- Жырдың тақырыбы мен халық арманының қандай байланысы бар?
/Алпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жақсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған./
- Жырдағы әйел адамдардың бойындағы қасиеттерге қалай қарайсың?
- Жырдың тәрбиелік мәні бар ма?
Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау Формативті. Жиынтықты бағалау
Үйге тапсырма Жырды мәнерлеп оқу, қара сөзбен әңгімелеп айту.
Өздеріңе ұнаған бөлігін жаттау
"Батыр туса - ел ырысы" ойтолғау жазу
Рефлексия
16 037
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр» жырдағы кейіпкерлер бейнесі Жалпы мақсат: Жырдың ерекшелігі, тақырыбы мен идеясы. Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан қорғау, халық қамын ойлайтын батырды армандау мүддесінен туатындығын үйрету
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры, олардың тақырыбы мен ортақ идеясы, халық тарихымен байланысын түсіну, кейіпкерлері, халық арманы туралы түсінік беу. Батырлар жырларын тақырып, мазмұн жағынан өзара салыстыра отырып таныту.
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
Астана қаласы, №56 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы
«Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер
«Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер
Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күздеубаева Алия Сайфуллақызы
Батырлар жыры «Алпамыс  батыр»
Батырлар жыры «Алпамыс батыр»
Астана қаласы, №56 мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы
Батырлар жырындағы сабақтастық
Батырлар жырындағы сабақтастық
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жырындағы сабақтастық Мақсаты: Білімділік: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту. Батырлар бейнесінің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×