Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

12 қаңтар 2016, Сейсенбі
Бастауыш сынып мұғалімі Бисенгали Гүлжамал Дауленқызы

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Сөйлем және оның түрлері, сөз тіркестері туралы алған білімдерін қайталау.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорын, дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық, іскерлік қабілеттерінің белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды сауаттылыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, көрнекілік әдісі
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызбалар, мазмұнды суреттер, электронды оқулық, деңгейлік тапсырмалар, тыныс белгілер айтысы
Пәнаралық байланыс: ана тілі,
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Бақыт, бақыт
Бақыт менде, бақыт сенде.
Бақыт барлық жерде.
Тыныштық, тыныштық
Тыныштық менде, тыныштық сенде
Тыныштық барлық жерде.
Бейбітшілік, бейбітшілік
Бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде.
Бейбітшілік барлық жерде болсын!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Мәтін неше түрге бөлінеді?
- Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?
- Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
- Пайымдау мәтіні дегеніміз не?
- Мәтін неден құралады?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың тақырыбына сәйкес ертегі тыңдау:
- Ерте, ерте ертеде, Синтаксис деген үлкен елде Сөйлем деген қария өмір сүріпті. Ол қарияның үш ұлы болыпты. Үш ұлы үш түрлі болған екен. Үлкен ұлы бар ісіне тиянақты, тыңғылықты, екіншісі тек сұрағанды жақсы көреді, ал үшінші ұлы бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейтін ерке болыпты. Қария ұлдарының үш түрлі мінезді болғандығына қарамастан бір мәтінде үлкен ақылмен жұмсай біліпті.
- Бұлар қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар? Олардан кейін қандай тыныс белгілер қойылады?
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан - жақты білімдерін тексеру
- Сөйлем дегеніміз не?
- Ол айтылу мақсатына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Сызбаны толықтырайық. Сөйлем туралы не білесің?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: Күннің жадын жазу
Оқулықпен жұмыс. 1 - жаттығу. Ауызша орындау. Қайсысы сөйлем? Сөйлемге тән белгілерді еске түсір.
Кітап - білім бұлағы.
Тақтамен жұмыс
3 – жаттығу
Жақшадағы сөйлемді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп. мәтінді жаз.
Ләйлек - дегелектер тұқымдасына жататын ірі, ақ құс

. Деңгейлік тапсырмалар
А деңгейі
Оқулықтағы 6 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра

Ә деңгейі
Оқулықтағы 4 - жаттығу
Ертегіні оқы. Тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Ауызша жалғастыр
Б деңгейі
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құра
1. Болмады, кеше, бәйгесі, ат.
2. Жем, бардық, шашуға, аққуларға, біз, қыста.
3. Жамылған, қар, ағаш, маужырайды, бұтақтары.

Сергіту сәті
Тыныс белгілер айтысы ( көрініс)
Электрондық оқулықпен жұмыс

ҮІІ. Қорытынды:
- Балалар, бүгін біз не үйрендік?
- Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай болып бөлінеді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 5 - жаттығу
ІХ. Оқушыларды бағалау
4 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту. Зейін, ынта қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...
Сабақтың тақырыбы: Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...
Сан есім
Сан есім
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы
Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп Аукишева Алмагуль Слямбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×