Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз б мен п

15 қаңтар 2016, Жұма
Атырау қаласы,
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі: Бисенгали Гүлжамал Дауленқызы

Қазақ тілі 2 сынып
с белгісін қойып көшіріп жаз. Ауызша
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың б мен п дыбыстарының ерекшеліктерінің меңгерту.
Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, әдемі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, проблемалық әдістер, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима әріптер, слайд, электрондық оқулық парақшалар
Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық - Күнге қолымызды созайық. Күннің жомарт сәулелері ананың нәік алақанындай аялайды. сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді.
Болып кетер дереу сонда жан - жағым.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Ережені сұрау.
- Дыбыс деген не? Әріп деген не?
- Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауыссыз дыбыс түрлерін ата. - Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз деп неліктен бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстарды өз орнына орналастыру. Б, в, г, д, ж, з, и, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

Қатаң ---------
ұяң ---------
үнді ----------

ІІІ. Жаңа сабақ.
Әріп жұмбақ
Бармақта бар, саусақта жоқ
Бақайда бар, тұяқта жоқ. «Б»
Арпада бар, бидайда жоқ
Апта да бар, айда жоқ. «П»
- Ал мына әріп жұмбақта қандай әріпті жасырып отыр?
- Бұл дыбыстар жөнінде не білеміз?
– Дауыссыз дыбыстар п қатаң, б ұяң..
Тақтаға күннің жадын және тақырыпты жазу

IV. Электрондық оқулықпен жұмыс б мен п дыбыстары туралы түсіндіру.
– Біз нені түсіндік? Сұраққа - жауап алу.
- Б мен П қандай дыбыс?
- Сөздің қай буынында кездеседі?

V. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,.
б мен п әріптерін әдемі етіп жазайық.
Тақтаға б мен п әріптерін жазу

VI. Оқулықпен жұмыс.
87 – жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқып, п әрпіне аяқталған сөздерді табу, п әрпінің астын сызу, айтылуына мән беру, дыбыстарды талдау.

VII. Сурет бойынша әңгімелеу
Күзгі дала
Тақтаға әр топ п, б әрпі бар сөздерді жазады. Мысалы: демалып, сыйлап, ең алып, шелектеп Ережені оқыту
Сөздің соңында б естілгенімен п жазылады.
Бір оқушыға ережені оқыту сәйкес келетінін дәлелдеу Мектеп, доп, қап

VIII. Топпен жұмыс
1 - топ «88 – жаттығу». Көп нүктенің орнына б, п әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді оқы және жаз
Жі..., до..., тала..., клу..., та..., қа..., жа....
2 - топ. «Кітап» сөзіне дыбыстық талдау жасату.
3 - топ Орны ауысқан сөздерден сөйлем құра.
4 - топ Сөйлем құрап жаз.

IX. Сергіту жаттығуы
89 - жаттығу. Ребус шешу
«Талапты» сөзінің мағынасын айту. Сөйлем құрап, тақтаға жаз.
Ойын: Буыннан сөз құрайық
90 - жаттығу Клуб – мәдениет орны.
Штаб – әскери ұйымдарға басшылық беретін жер
Біздің көшеде өзім қатарлы балалар көп. Бәріміз мектепке бірге барамыз. Кешкілік клуб маңына жиналамыз. Қалада қорғаныс штабы бар.

X. Қорытынды:
Электрондық оқулықтағы сауалнама арқылы дұрыс жауапты белгілейік.

XI. Бағалау
Үй жұмысы. 91 – жаттығу. Жазу ережені, жаттау.
2 923
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»
Мысалды түсініп оқып, мағынасын аша отырып негізгі ойды анықтауға үйрету.
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалжанова Муслима Иниятовна
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×