Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

25 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мухаметжанова Индира Ерболатқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып

Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Мақсаты: мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға баулу.
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: мақал - мәтел, жұмбақтар туралы нақыл сөздер (Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы.).

Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Бүгінде қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Осы мерекеге орай 9 - сынып оқушыларының «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты танымдық ойынына қош келдіңіздер!

Мақал - мәтел, жұмбақ – ата - бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Мақал - мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең. Уақыт өткен сайын құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Ал, жұмбақтар адамның ойлау қабілетін шыңдайды.
Ойынымызды бастамас бұрын сіздерді, осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейін.
Темірғалиева И. О., Абенова М.Р.

Ойынымыз алты кезеңнен тұрады, атап өтсек:
1 - кезең. Таныстыру. Сайысқа қатысушы оқушылар өздерін таныстырады.
2 - кезең. Мақалдар сайысы. Бұл сайыс екі бөлімнен тұрады.
 «Кім көп біледі?»
 «Мақал – сөздің мәйегі».
3 - кезең. Көрермендер сайысы.
4 - кезең. Жұмбақтар сайысы.
 «Кім жылдам?»
 «Кім тапқыр?»
5 - кезең. Көрермендер сайысы.
6 - кезең. Финал.

ІІ. Негізгі бөлім.
1 - кезең. Таныстыру. Олай болса, ортаға бүгінгі ойынның мақалшыларын шақырамыз. (Мақалшылар өздерін таныстырады).
«Мақалдар сайысы»
Мұғалім: Мақал жарысын бастамай тұрып, мен бүгінгі мақалшылардан мақал мен мәтел айырмашылығын сұрағым келіп отыр. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? (Мақалда айтылар ой айқын көрініп тұрады, ал мәтел тұспалдап жеткізеді).

1. «Кім көп біледі?»
Мұғалім: Мен мақалдың алғашқы сыңарын айтамын, сендер қол көтеріп мақалдың екінші сыңарын айтасыңдар. Ең аз ұпай алған мақалшы ойыннан шығады.
1. Оқу – білім бұлағы, (білім өмір шырағы)
2. Ексең егін – (ішесің тегін)
3. Үйрене алмаған (ұстазынан көреді)
4. Көп ақылды жиналса, қиын істі бітірер.
(Көп ақымақ жиналса, оңай істі бүлдірер).
5. Білген кісі тауып айтады, (білмеген кісі қауып айтады)
6. Жігітке жеті өнер аз, (жетпіс өнер көп емес)
7. Өнер – ағып жатқан бұлақ, (білім – жанып тұрған шырақ)
8. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,
(Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа)
9. Еменнің иілгені – сынғаны, (ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені)
10. Саналы адам сағыңды сындырмас, (санасыз адам жағыңды тындырмас)
11. Болат қайнауда шынығады, (батыр майданда шынығады)
12. Айнаға үйір бойын түзейді, (халыққа үйір ойын түзейді)
13. Еңбек етсең ерінбей, (тояды қарның тіленбей)
14. Жат елдің қаршығасынан, (өз еліңнің қарғасы артық)
15. Қолың ұста болсын, (сөзің қысқа да нұсқа болсын)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 760
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ
Мақал – мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халықтың ақыл – өнегесі көрініс тапқан. Мақал – мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Мақал – сөздің мәйегі
Мақал – сөздің мәйегі
Мамлют санаторлық орта мектеп - интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самбаева Бибісара Шәмінқызы
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Алға мектеп - бақшасы Нугманова Гаухар Тлеубаевна
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×