Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі

10 ақпан 2016, Сәрсенбі
Қазақ тілі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі
Сабақтың мақсаты: а) Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі екенін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, суреттер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Біз қазақ тілінің түркі тілдері тобына жататынын білеміз. ХІҮ - ХҮ ғасырларда қазақ ұлысы болып қалыптаса бастаған қазақ елі өз тілі мен өнері, мәдениетін де тарих сахнасына алып шықты. Тіл - мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, «Өнер алды - қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тіл деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген.
Қазақ тілі - әуезді де бай тіл. Неше ғасырлық тарихы бар, ауызша да, жазбаша да мол мұрасымен танылған тілімізді бабаларымыз қасиетті деп қастерлеп, ұрпақтарына аманаттаған.
Қазақ халқының әдеби мұралары ауызша таралып, ғасыр белестерінен, тағдыр сыны мен елегінен өтіп, уақытпен бірге жасап келеді. Халқымыздың жазба мәдениетінің де тарихына да назар аударайық. Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен үш дәуірді қамтиды.

Толық нұсқасын жүткеу
6 836
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Тілді жасаушы – халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ, себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз.
Жай сөйлемнің түрлері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Жай сөйлемнің түрлері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді. Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.(Ә. Кекіл.) деген сөйлемде тұрлаулы мүшелері (күмбезі бой көтерді) түгел қатысып тұр.
Бұйрықты сөйлем (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрықты сөйлем (күнделікті сабақ жоспары)
Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, іске қосуды, кеңес беруді, жалынуды, тілек - өтінішті білдіреді.
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді. 1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ Нақ осы шақ қимылдың іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×