Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы, балалар әдебиетінің атасы

14 ақпан 2016, Жексенбі
Алматы облысы, Талғар қаласындағы
№7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дарменқұлова Ғалия

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы, балалар әдебиетінің атасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі, шығармашылық жолы туралы білімдерін тереңдету. “Қазақ хрестоматиясы”мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға, шығарма мазмұнын аша білу қабілетін дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке, Ыбырай шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін ояту, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, пікір алмасу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаз, үнтаспа, бейнероликтер т. б.
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II Сабақтың мақсат - міндеттерін түсіндіру

III Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың жоспары:
1. Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет.
2. Өз біліміңді тексер.
3. Сәйкестіктерді іздеу

Өз біліміңді тексер...

Маңызды оқиғалар
Қостанай облысы Затобол ауданында туған.
Орынборда қазақ балаларына арнап ашылған 7 жылдық орыс - қызық мектебіне түскен.
Мектепті “өте жақсы” деген бағамен бітірген.
Орынбордағы шекаралық комиссияда тілмаш болған.
Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады.
Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.
Торғайдағы мектепті ашады.
Петербург, Қазан қалаларына барады.
“Қазақ хрестоматиясын” жазуға кіріседі.
“Қазақ хрестоматиясы” Орынборда басылып шығады.
Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
Торғай қаласының 4 уезінде (Торғай, Ырғыз, Тройц, Ақтөбе) мектептері ашылады.
Торғайда қолөнері мектебі ашылады.
Мұсылмандық тұтқасы” оқу құралын жазады.
Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарында бір сыныптық мектептер аштырып, жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырады.
Ауыр науқастан қайтыс болады.

Сөздер сыры. Тапсырма: Жазушы “Таза бұлақ” әңгімесінде үш жолаушының әңгімесі арқылы адам көңілінің және бұлақтың таза болуын қалай байланыстырады?
- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!
Жігіт айтты: - Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп - шалам түсіп, лай - қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні - түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.

Сөздікпен жұмыс: айуан, ынтық, реуіш

Оқулықта берілген мәтінмен жұмыс. Көрсетілген белгілерді пайдалана отырып, кестені жұмыс дәптерлеріне орындау ұсынылады:

“V” білемін, маған таныс ақпарат.
“+” – мен үшін жаңа ақпарат.
“-” – мен үшін түсініксіз ақпарат.
“?” – мені таң қалдырады.

IV. Сабақты бекіту: “Даналық ағашы”. Жазушы қандай болу керек?
Тапсырма: 4 топқа бөлініп, жазушының 5 қасиетінің тізімін жасау. Топтың нәтижесін тақтаға жазғызу, қайталанған пікірді сызу.

V. Сабақты қорытындылау: Ы. Алтынсарин шығармашылығының ерекшелігі туралы оқып - білгендерін “Эстафета” ойын тапсырмаларын орындау арқылы тексеру. Ол үшін оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады. Белгі бойынша бір уақыт аралығында бірін - бірі қайталамай, естерінде қалған мәлімет, түсінік, оқиғаны, мерзімді параққа жазу, бір - біріне жылжытып беріп отырады. Қай топ неғұрлым көп мәлімет берсе, толық, нақты жауап жазса, мерзімдерді дәл көрсетсе, сол топ жеңімпаз болады.

VI. Оқушылар білімін бағалау.

VII. Үй тапсырмасы: Ы. Алтынсарин шығармашылығы туралы білу. Хрестоматиядан өлеңін жаттау.

VIII. Рефлексия кезеңі:
Ы. Алтынсарин шығармашылығындағы идеяларды қандай мақал - мәтелдер арқылы білдірер едіңдер?

Толық нұсқасын жүктеу
3 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр - сырларын меңгертіп, мазмұнына, тереңдей бойлату, өлеңдеріне жан - жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×