Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалаң және жайылма сөйлемдер

19 ақпан 2016, Жұма
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жайлханова Акнур Жантуреновна

Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жалаң және жайылма сөйлемдер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемнен ажырата білуге үйрету;
Дамытушылығы: Оқушылардың ой – өрісін, шығармашылық ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелігі: Ізденімпаз, өз ойын еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, үнтаспа
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылармен сәлемдесу
2) Оқушыларды түгелдеу
3) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Психологиялық дайындық
Шаттық шеңберінде тұрып бірге айтады.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосайық,
Қатты – қатты соғайық.

Оқушыларды түстерді таңдау арқылы екі топқа орналастыру.
І топ: «Тұрлаулы мүшелер»
ІІ топ: «Тұрлаусыз мүшелер»

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Өз орнына қой» ойыны
Ойынның шарты: Екі оқушы тақтаға шығады. Тақтаға кесте ілінеді. Орнында отырған оқушылар бір – бір сөйлемнен айтады. Тақтаға шыққан екі оқушының біреуі жақты, екіншісі жақсыз сөйлемдерді кестеге орналастырады. Бір оқушы жақты, екінші оқушы жақсыз сөйлемдерді кестеге орналастырады.
•Жақты сөйлем

Сырдың суы ышқынып ағады
(Ол) Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді
Сабақ аяқталды
Күн суытты
•Жақсыз сөйлем

Бізге көбірек оқу керек
Менің айтқаным келді
Бір жерде көргенім бар
Енді сізге айтуға тура келді

Екі оқушыға кеспе қағаздары таратылады.
№1
Сәйкестендіру
Тұрлаусыз мүшелер --------- Бастауыш, баяндауыш
Тұрлаулы мүшелер ------------- Жақты
Бастауышы бар сөйлем ------------ Жақсыз
Бастауышы жоқ сөйлем -------------- Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш

№2
1) Сөйлем мүшелері туралы не білесің? (Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. Сөйлем мүшелері екі топқа бөлінеді: Тұрлаулы және тұралаусыз мүшелер)
2) Тұрлаулы мүше дегеніміз не? (Сөйлем қарауға негіз болады.)
№3
1) Тұрлаусыз мүшелерге қандай сөйлем мүшелері жатады? (Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)
2) Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не? (Бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем; Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі)

ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалім оқушыларға Абайдың он жетінші қара сөзін үнтаспадан тыңдатады. Сұрақтар қояды.
Сұрақтар
1) Абайдың нешінші қара сөзі? (17)
2) Қара сөзде не туралы айтылған? (Қайрат, ақыл, жүрек, ғылым)
3) Мұғалім қара сөздің бірінші және екінші сөйлемін сөйлем мүшелеріне талдап, оқушыларға «Жалаң» және «Жайылма сөйлем» тақырыбын түсіндіреді.
Тақтаға сызба ілінеді.
Сөйлемнің құрамына қарай түрлері
• Жақты
Бастауыш бар сөйлем.
Бастауышы кейде айтылмайды. Мысалы: Екі жердегі екі – төрт. Оның айтайын дегені – осы.
Бірақ оны баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады. Мысалы: Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел)
• Жақсыз

Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. Мысалы: Менің оқығым келеді. Оны айтудың не қажеті бар. Оған хабар беру керек. Басымның ауырып тұрғаны. Оның айтқандарын түсініп болмайды. Ағашты былай жарар болар. Енді бізге оқымасқа болмайды.

•Жалаң
Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.
Ол келді. Жаңбыр жауып тұр. Бала-шағасы келіп кетті. Той – думан болып тұрады.
•Жайылма
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. Ол ерте келді. Жаңбыр қатты жауып тұр. Оның бала-шағасы қалаға келіп кетті. Той – думанды қызықты өткізеді. менің қаламымды алып қойыпты.

•Толымды
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
Қыста бұл жердің ауа райы өте суық болады. Биылғы бітірушілер түлектер өздерінің арттарына ұмытылмастай із қалдырды.
•Толымсыз
Айтылуға тиісті тұрлаулы, я тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
- Балам қайдан келдің?
- Астанадан.
Толымды түрі:
- Балам (сен) қайдан келдің?
- (Мен) Астанадан (келдім).
• Атаулы
Іс – оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.
Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы. Қара бұра жер, көк торғын аспан.

Тақтамен жұмыс
79 – жаттығу
• Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырыңдар.
Нұрмағанбет тілін алды. Ол киіне бастады. Нұрмағанбет көзге түсті. Ойын – той болмайды. Сәні болмайды. Андрей шақырылады. Нұрмағанбет те құмар. Саусақтары жетпейді. Саусақтары ырқына көнбейді. Ол білді.
С. Мұқанов

Нұрмағанбет анасының тілін алды. Ол сағат 7 де киіне бастады. Нұрмағанбет бүгін көзге түсті. Ойын – той демалыс күні болмайды. Сәні болмайды. Андрей шақырылады. Нұрмағанбет те құмар. Саусақтары жетпейді. Саусақтары ырқына көнбейді. Ол білді.

Өз бетімен жұмыс
77 - жаттығу
• Оқып шығып, сызықшаның қойылу себебін анықтаңдар. Жай сөйлемдердің қайсысы жалаң, қайсысы жайылма екенін көрсетіңдер де, себебін түсіндіріңдер.
«Ер Едіге», «Би Едіге» --------- Дала күдір,
Көр боп туды, на шара?! -------- Барлық нәрсе кедір – бұдыр.
Едіге өсті, ержетті, ------------------ Жұмсақ – қатты.
Едігеге ақ та – қара. ------------------- Ащы – тәтті.
Қара да - қара. ------------------ Ыстық – суық көрінеді.
Күн де – түн. ------------------------- Жан – жануар, жер - дүние
Едігеге сұлу – сұмпай. --------------- Сылдыр – сылдыр,
Бұлбұл – әуез, гүл – иіс. ----------------- Күріл, дүріл,
Жел – бір зуыл, ------------------------------- Қиқу, шиқу.
Құс – бір суыл. ------------------------------------ У да шу.
(Ж. Аймауытов)

Сергіту сәті.
Семантикалық карта.
1 - топқа тапсырма:
Сөйлемдерді оқып жалаң не жайылма екенін ажыратып, + таңбасын қояды.
Сөйлемдер Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем

2 - топқа тапсырма:
Венн диаграммасына түсіру, яғни жалаң және жайылма сөйлемдерді салыстыру.
• Жалаң сөйлем – бастауыш пен баяндауыштан тұрады.
• Ұқсастығы – екеуі де сөйлем, екеуінің де тұрлаулы мүшелері бар.
• Жайылма сөйлем – тұрлаулы мүшелерімен бірге тұрлаусыз мүшелері бар.

IV. Сабақты бекіту
Сөзжұмбақ

IV. Үйге тапсырма
IV. Бағалау
Рефлексия.
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта нені білдің?
Оқушылардың білімі «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Топ басшысы стикерлерге әр оқушының атын жазып, бағдаршамның үш көзіне орналастырады.
Қызыл түс - «5», сары түс - «4», жасыл түс – «3»
8. Үйге тапсырма: 100 - жаттығу (ережені жаттау)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 454
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Атырау қаласы Жалпы білім беретін №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдешова Бақытжан Шапиховна
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×