Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл талапкері

19 ақпан 2016, Жұма
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жайлханова Акнур Жантуреновна

Класы: 5, 7, 8
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті
Тақырыбы: «Тіл талапкері» сыныптан тыс жұмыс
Мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тіл талапкері» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- демекші, тіл - өте маңызды құрал.
Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді. Қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады. (Ғабит Мүсірепов)
Тіл болмаса адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет - ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. ҚР - ның мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР - ның азаматының парызы. – демекші тілдер күніне байланысты он күндігімізде бүгінгі өтілейін деп жатқан «Тіл талапкері»атты сыныптан тыс шарамызды ашық деп жариялаймын.
Қазір сіздердің алдыңызға «Тіл талапкері» атты интелектуалдық шоудың қатысушыларын шақырамыз. Қошемет етіңіздер! Алдарыңызда «Ұлан», «Қыран» тобы.
(Қатысушылар өздерін таныстырады.)
Әділқазылармен танысу...
Бүгінгі сайыс алты асудан тұрады.
І тур Таныстыру
ІІ тур Бәйге
ІІІ тур Мақал – мәтелдер сайысы
ІV тур Дода
V тур Көкпар
VІ тур Жорға
І тур. Таныстыру
Бұл турда «Ұлан», «Қыран» тобы өздерін таныстырады.

ІІ тур. Бәйге
Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, 1 тур Бәйгені бастаймыз.
Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңдаңыздар. Бұл турда алдарыңызға ақ парақ таратылады. Тест сұрақтары оқылады, дұрыс деп есептеген жауапты ақ параққа жазасыздар. Жауап беріп болғаннан кейін мұғалім әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан береді.
Қыран тобына
Сұрақтар.
1. Тұрмыс - салт жырларын ата
А) Жар - жар
Б) Беташар
С) Бата - тілек
Д) Барлық жауап дұрыс
2. Жатыс септігінің жалғауларын ата.
А) - да, - де, - та, - те, - нда, - нде
Б) - ға, - ге, - қа, - ке, - на, - не, - а, - е
С) – ды, - ді, - ты, - ті, - ны, - ні, - н
Д)- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
А) 5
Б ) 9
С) 2
Д) 8
4. Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды деген өлең жолдарының авторы кім?
А) Әбу Сәрсенбаев
Б ) Абай Құнанбайұлы
С) Мағжан Жұмабаев
Д) Ахмет Байтұрсынұлы
5. Сан есімнің неше мағыналық тобы бар?
А) 5
Б) 9
С) 2
Д) 6
Ұлан тобына
1. Шоқан – сүйген жарымыз,
Сұңқарым ұшты ұядан.
Жігіттің гүлі – нарымыз.
Сүйген жарым бүгінде
Ажалға тоқтау бола алмай.
Өтті кетті дүниеден
Сарқылды қолда барымыз өлең жолдары тұрмыс – салт жырларының қай жанры болып табылады?
А) сыңсу
Б) көңіл айту
C) жоқтау
Д) шешендік сөз.
2. Асан қайғы бабамыз қай ғасырда өмір сүрген?
А) 15
Б) 13
С) 18
Д) 17
3. Өкпесі қара қазандай – тұрақты тіркесінің мағынасы қандай?
А) ренжімеу
Б) реніші таудай
С) реніші жоқ
Д) ренішін айтпау.
4. Төрт қандай буынды сөз?
А) бітеу
Б) тұйық
С) ашық
Д) жалаң
5. Белгісіздік есімдігі қайсысы?
А) мен, сен, сіз, ол
Б) бұл, осы, сонау, мынау
С) ешкім, ешқайда, ешбіреу
Д) біреу, бірдеме, қайсыбір, әлдекім

Әділқазылар 1 тур бойынша бағаларын айтады.
Жүргізуші:

ІІІ тур. Мақал – мәтел сайысы.
Бұл турда ойыншылар кезекпен тіл туралы мақал - мәтелдерді айтып жарысады. Екі топтан да әр бір оқушы кезекпен тілге байланысты мақал – мәтел айтуы тиіс. Кім - кім тоқтап қалса, келесі ойыншыға кезек келеді. Кім қанша мақал айтса, сонша ұпай алады. Әр топ қанша мақал – мәтел айтқанына байланысты бағаланады. Әр жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.
Жүргізуші:
Келесі ІV тур «Дода»деп аталады. Мұнда бізде 10. 20. 30 ұпайы бар ұяшықтар берілген. Әрқайсысында 3 сұрақтан. Оқушылар ұяшықтарды өздері таңдап алады.
Сұрақтар ұпайдың өсуіне орай қиындатылып отырады. Бірінші болып ұяшықты ұпайды көп жинаған топ таңдайды. Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса, басқа ойыншылардың жауап беруге мүмкіндіктері бар.

«Қазақ тілі» пәні
10 ұпай
1. Анық сөзін қандай тұрақты тіркеспен ауыстырып айтуға болады? (Тайға таңба басқандай)
2. Қазақ тілінде сын есімнің түрленуі деп нені атаймыз? (Сын есімнің шырайларын)
3. Қазіргі өмір талабына қойылатын тілдер. (Қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі)

20 ұпай
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар, оларды ата? (9, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөз)
2. «Азуы алты қарыс» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңыз? (Қаһарлы)
3. Сұраулы шылауларды ата.( Ма, ме, ба, бе, па, пе, ше)

30 ұпай
1. Қазақ тілінің морфология саласы нені зерттеді? (Сөз құрамын зерттейді)
2. Қазақ тіл білімінің зерттейтін неше саласы бар? (Фонетика, лексика, грамматика)
3. «Көз шырымын алу» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңыз? (Ұйықтау)
«Қазақ әдебиеті» пәні

10 ұпай
1. Абайдың қара сөздері неше бөлімнен тұрады? (45)
2. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін ата. (Тарланым, Қызғыш құс)
3. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы)

20 ұпай
1. Абайдың қара сөздері неше бөлімнен тұрады? (45)
2. «Аққудың айырылуы» поэмасының авторы кім? (С. Сейфуллин)
3. Абай Құнанбайұлы қай жылдар аралығында өмір сүрген? (1845 - 1904ж)

30 ұпай
1. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы)
2. Абай Құнанбайұлы қай жылдар аралығында өмір сүрген? (1845 - 1904ж)
3. Қызғыш құс өлеңінің авторы кім? (Махамбет Өтемісұлы)

Осы турды қорытындылау. Ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.
V тур. Көкпар.
Жүргізуші: Ойынның шарты былай:«Түркістан»сөзінен неғұрлым көп сөз құрастыру керек. Әріптер екі рет қайталанбайды. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Көкпар турының ойыншыларының жазған сөздерін оқытқызып ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

VІ тур. Жорға.
Жүргізуші: Келесі тур соңғы тур «Жорға» деп аталады. Бұл турдың шарты былай. Әрбір топқа 15 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі ойыншы шығады. Ұпайы көп ойыншы бастайды. (Кезекпен жауап береді.)

«Ұлан» тобына
1. Бір жылда неше ай бар? (12)
2. қазақ тілінде неше септік бар? (7)
3. Көмектес септіктің неше жалғауы бар, ата? (- Мен, - бен, - пен )
4. ҚР - ның валютасы? (Теңге)
5. ҚР - ның Ата Заңы күні? (30 тамыз)
6. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (Домбыра)
7. Ақмола облысының орталығы? (Көкшетау)
8. Жалғаудың неше түрі бар, оларды ата? (4, көптік, септік, тәуелдік, жіктік)
9. Ұйқас, жыр, роман терминдері қай ғылым саласында қолданылады? (Әдебиет)
10. Кішкентай сөзінің диалектісі? (Титтей)
11. Мұғалім сөзінің синонимдері. (Оқытушы, ұстаз).
12. Сілесі қату – тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай. (Шаршау)
13. Жиі - сөзінің антонимін ата. (Сирек)
14. Мақалды жалғастыр: «Көппен көрген....» ( Ұлы той)
15. Жазушы Мұқановтың есімі кім? (Сәбит).

«Қыран»тобына
1. Алғашқы рет мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
2. Қазақтың батыр қыздары кім? (Әлия, Мәншүк)
3. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке, Төле би, Қазыбек би)
4. Фонетика нені зерттейді? (Дыбыс)
5. Мақалды аяқта. «Тіл тас жарады, тас жармаса... (Бас жарады)
6. Қазіргі заман талабына қойылатын 3 тіл. (Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі)
7. Қорамсақ қандай сөз: архаизм., неологизм., диалект сөз... (Архаизм)
8. Бас еспек болса да,... мақалды аяқтаңыз (Тіл кеспек жоқ)
9. Пунктуация сөзі қазақ тілінде қандай магына береді?(Нүкте)
10. Дифтонг дыбыстарды ата. (Я – иа. Ю – иу)
11. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42)
12.«Тырық», «көтерем» диалектілерінің әдеби тілдегі баламасын табыңыз. (Арық)
13. Антоним дегеніміз не? (Бір - біріне қарама - қарсы сөздер)
14. Историзм сөздерге мысал келтір? (Көп қолданыла бермейтін сөздер. Мысалы: хан, патша, болыс, уәзір)
15. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?(Хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты)

Жүргізуші: Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте – деп бүгінгі «Тіл талапкері» атты интеллектуалды
шоу аяқталды. Жеңімпаз болған ойыншыларды құттықтаймыз. Биік белестерден көріне беріңіздер! Қош сау болыңыздар!
11 734
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының 3 класс оқушысы Габдуллинна Динара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×