Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

23 ақпан 2016, Сейсенбі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Енсепбаева Жадыра Абдирхановна

Қазақ әдебиеті 6 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Сілтеме: Бағдарлама. Жоспар
Жалпы мақсаты: Оқушыларды жаман қасиеттен бойын аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жақсы адам болуға тәрбиелеу, адамгершілік асыл қасиеттерді бағалау.
Оқыту нәтижесі: Топтық жұмыс барысында оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артады;
Өзара бағалау арқылы жауапкершілікті ұғынады;
Талдау, зерттеу, салыстыру әдістері арқылы сыни тұрғыдан ойлау жүзеге асады;
Оқушылардың ақпараттық - коммуникациялық құзыреттілігі артады.
Негізгі идеялар: Ақынды толғандырған сұрақтар арқылы ақын өлеңінен жауап іздеп, жақсы менен жаманның айырмасын түсінуге тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.

Дереккөз: Ғаламтор
Оқулық. Оқыту әдістемесі
Ғылыми - педагогикалық әдістемелік журнал
Тапсырмалар: 1. Оқулықпен жұмыс
2. Жұппен жұмыс
3. Топтық жұмыс
4. Постер қорғау
Кейінгі тапсырмалар: 1. Өлеңді нақышына келтіре оқу
2. Сәйкестендіру
3. Топтастыру
4. Деңгейлік тапсырмалар
5. «Сиқырлы қалам»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
- Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Топқа бөлу
- Үй тапсырмасын тексеру: 1. Ұнаған шумақтарын жатқа айту
- Сабақтың мақсаты мен нәтижесін көрсету
- Топтық бағалауға парақша тарату
- Ой қозғау
«Жақсы деген немене, жаман деген немене?»
Топтық жұмыс. Қандай адам жақсы, қандай адам жаман? Оқушылардың ойын білу. Осы сұрақ Сүйінбай ақынды да ойландырған.
(Постер қорғау)
(Формативті бағалау)

Мұғалім: Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде
Бөлініп қалған жан емен – деп жырлағандай айтыс өнерінің асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін бүгінгі сабақта өтеміз.
Ақын «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінде өмірдегі асыл мен жасықты, ер мен езді, жақсы мен жаманды, ізгі мен зұлымды көп көріп, көңілінде таразылап, этикалық тұрғыдан пайымдайды. Өлеңнің атынан көрініп тұрғандай, онда жақсы мен жаман адам, оларға тән қасиеттер бір - біріне қарама - қарсы қойылып сипатталған.

Жұппен жұмыс:
1. Хронологиялық кесте арқылы бір - біріне «С. Аронұлы туралы не білдім?» тақырыбына сұхбаттасу
Жылдар Оқиғалар
1815 жыл Алатау бөктеріндегі Алматыға жақын Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде туған.
13 - 14 жасында «Түс» деген алғашқы өлеңін жазады.
1852 жылы маусым айында Қырғыз ханы Орман атасы асында Сүйінбай мен Қатаған айтысады. Сүйінбай айқын басымдылықпен жеңеді.
1898 жылы 83 жасында дүние салған.

2. Мәтінмен жұмыс: а) өлеңді оқу
ә) Қиын сөздермен жұмыс:

Сәйкестендіру
Парқы – бағасы
Миуалы – жемісті
Көр көкірек – еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде
Көзі соқыр – түк білмейтін надан
Шала – оттағы толық жанып бітпеген ағаш
Тана - 1 мен 2 жас аралығындағы ірі қара.
Сөзі майда – сыпайы, әдепті сөйлейді

Деңгейлік тапсырмалар:
1 - деңгей
«Топтастыру» стратегиясы арқылы жақсы мен жаман адамның қасиеттерін табу

2 - деңгей
Халық мақал - мәтелдерінен екінші сыңарын еске түсіру
1. Жақсы көргенін мақтап жүрер,
(Жаман көргенін даттап жүрер)

2. Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
(Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды)

3. Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.
(Жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше.)

4. Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,
(Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді)

5. Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды.
(Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды)

6. Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
(Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа)

3 - деңгей
«Жаныңда жүр жақсы адам» ойтолғау
- Талантты, дарынды балаларды қатыстыру (қосымша ғаламтор материалдарынан)

Бекіту «Сиқырлы қалам»
Толғау арқылы нені үйрендім? Толғау арқылы неден жирендім?

Түйін:
Адам — өмірге қонақ.
Мақсат – бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру керек.

Бағалау:
Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау

Үйге тапсырма: 1. Хрестоматияда берілген ақын өлеңдерімен танысу.
2. Сатылай кешенді талдау.
3. Теңеу, антоним, синоним, дисфемизм сөздерді табу
- Рефлексия кезеңі
«Бағдаршам» арқылы ойын білдіру
- Сабақты аяқтау

Толық нұсқасын жүктеу
13 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
C. Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
C. Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракемер мектеп - балабақшасы Пән мұғалімі: Әбдібаева Ырысгүл
Сүйінбай Аронұлы, Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
Сүйінбай Аронұлы, Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
Сүйінбай – ХІХ ғасырдағы Жетісудың ірі ақыны. Ол әділетсіздікке жаны қас, шындықты бетке айта алатын батыл, халықты тілімен қорғаған өткір сыншы. Айтыскерлігімен көрінген азамат ақын.
Сүйінбай Аронұлы "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері"
Сүйінбай Аронұлы "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері"
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайдақова Жанар Бекболатқызы
Аулақ бол, жаман әдеттен
Аулақ бол, жаман әдеттен
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл
Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×