Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С.Мұқанов Лашын

29 қараша 2012, Бейсенбі
Батыс Қазақстан облысы,
Шыңғырлау ауданы, Ащысай аулы, Ащысай орта жалпы білім беретін
мектеп – балабақшасының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Нурушева Ақкүміс Мұқташқызы

Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов “Лашын”
Сабақтың мақсаты: а)оқушыларға жазушының өмір жолын айту, халқымыздың ұлттық саятшылық өнерімен және аң аулау дәстүрін қалыптасуы туралы мағлұмат беру.
ә) оқушыларды туған жер табиғатын аялауға, сүйе білуге, салт – дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.
б) оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру және шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас, кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, топтастыру
Көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер, жазушының портреті, кітаптары т. б.
Пәнаралық байланысы: тарих, жануартану, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың эпиграфы:
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға,
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет.
Ыңғайлы ықшам киген аңшы адамға.

Мұғалімнің сөзі: - Балалар, біздер бүгінгі сабағымызды ұлы Абай атамыздың “Бүркітші”өлеңімен тектен-текке бастап отырған жоқпыз. Бүгінгі сабағымыз саятшылық пен аңшылыққа байланысты.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы С. Мұқановтың “Өмір мектебі” романынан алынған үзінді “Лашын” шығармасы.

Ақын, жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі - Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысында 1900 жылы дүниеге келген. Ауыл молдасынан ескіше хат таныған. Бала кезінен қисса – дастан, жыр, аңыздарды жатқа айтып өскен.
Кейіннен Омбыдағы мұғалімдік оқуға түседі. 1922 жылы Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды. Ленинград университетінде, Қызыл профессура институтында білім алады. “Еңбекші қазақ”(қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде қызмет етеді. Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарады.
Жазушының “Өмір мектебі” атты романы жазушының өмірбаяндық шығармасы, ол шығарманы біз түгелдей жоғарғы кластарда толық оқып танысамыз.

Бізге тек сол романнан “Лашын” атты шағын үзіндісі ғана берілген.
Әңгіме оқиғасы жазушының өз өмірінен алынғандықтан 1 жақта баяндалып отыр.
Жазушы әңгімеде Балтабай аулына мұғалім болып келіп, өзінің бос уақытын аңшы, құсбегі Ахметпен бірге өткізгендігін шабытпен құмарта жазады.
Әңгімені жоспар бойынша баяндаймын.

Кіріспе: Балтабай аулында.
Негізгі бөлім: Саятшылық.
1. Құсбегі Ахмет
2. Лашынның мүсіні.
3. Ахмет пен Лашынның өнері.
а) үйрек алу лашынға сөз емес.
ә) қазды алу үйректен әлдеқайда қиын екен.
б) лашынға алдырмайтын құс – дуадақ екен.
4. Шілдеде құс салу.

Қорытынды: Саятшылық - өмірдің бір қызығы.
ІV. Кітаппен жұмыс.
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, талдау жасату.
V. Дәптермен, тақтамен жұмыс
Атбегі, құсбегі, лашын, дуадақ, дабыл, түлек, саят сөздерінің мағынасын ашып жазғызу.

VІ. Суреттермен жұмыс.
Құстар жөнінде суреттер арқылы толық мәлімет беру.
УІІ. Тірек сызбасы.

VІІІ. Сөзжұмбақ шешу.
1. Лашынға алдырмайтын қандай құс? (дуадақ)
2. Шығарманың авторы кім? (Мұқанов)
3. Шығармада қандай кәсіп түрі көрсетілген? (саят)
4. Шығармадағы құсбегі кім? (Ахмет)
5. Лашынға қандай құсты алу қиынға соғады? (қаз)
6. Қандай құсты алу өте оңай? (үйрек)
ІХ. «Сыр сандық» ойыны.
Бұл бөлімде оқушылармен өткен тақырыптарды қайталаймыз. Сандықта нөмірленген асықтар бар. Сол асықтардың әрқайсысында сұрақтар жазылған, сол сұрақтарға жауап беру керек.

Х. Қорытынды.
Мінеки, балалар, саятшылықтың, әсіресе, қазақ халқының тарихында мәдени дамытуда маңызы өте зор болды. Оны біз халық мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Шоқан, Абайдың жазбаларынан, Біржан сал, Ақан серінің кең сахараны шарлаған әндерінен білеміз.
Сондықтан да халқымыз қыран құсы өлсе, аза тұтып, жоқтау салған. Қолға үйреткен жақсы құстарын еркелете, баласындай баптаған. Оның құнын бағалай білген.

ХІ. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқып, толықтай мазмұндау.
2. Құстар жөнінде мақал – мәтел, тыйым сөздер жазып келу.
3. Құстар суретін салу.

№1 сұрақ.
Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
№2 сұрақ.
Құранда неше сүре бар? Фатиха сүресін жатқа айт.
№3 сұрақ.
Әдеби ертегіні ата. Авторы кім?
№4 сұрақ.
«Қызғыш құс» өлеңінің авторы кім? өлеңді жатқа айт.
№5 сұрақ.
Аңшылық, құсбегілікпен елін асыраған қандай кейіпкерді білесің?
26 359
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз
Әңгімедегі Саятшы Ораз бейнесін аша алулары тиіс. Саятшының аңшылығы, адамгершілігі, мейірімділігі мәтіннен тауып оқуы тиіс
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абдуллина Баршагул Семгалиевна
Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі
Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ләззат Байгазиева
Сәбит Мұқанов”Лашын” (Өмір мектебі романынан үзінді)
Сәбит Мұқанов”Лашын” (Өмір мектебі романынан үзінді)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Қарақұм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мекеева Гулназ
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі
Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Жангелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигелдинова Жаңылдық Қуанышқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×