Білімділер поралы
загрузка...

Жaлaң және жaйылмa сөйлeм

СҚО, Есіл ауданы, Тауағаш ауылы
"Тауағаш орта мектебі" КММ, қазақ тілі мұғалімі
Нұран Айбарша Біржанқызы

Тақырыбы: «Жaлaң және жaйылмa сөйлeм»
Mақсаты: а) Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік бере отырып, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуді, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге үйренеді;
ә) Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамытып, оқушылардың ой - өрісі, тіл байлығын кеңейеді;
б) Бүгінгі ұрпақ бойына патриоттық сезім, отаншылдық рух дарыта отырып, аңсап жеткен азаттықтың құндылығын сезінуге, білуге, құрметтеуге үйренеді.
Түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ой қозғау, түсіндіру, АКТ, тест, іздендіру.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу;
ә) сынып оқушыларын түгендеу;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Сабақ айдары: «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Тест әдісі бойынша)
1. Жай сөйлемнің ережесін табыңыз.
А) Бір ғана ойды білдіреді.
Ә) Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен тұрады.
Б) Күрделі ойды білдіреді.
В) Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру.
2. Жай сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2 ә) 3 б) 4 в) 5
3. Жай сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қоңырау соғылып, сабақ басталды;
Ә) Түн ұйқысын төрт бөлу;
Б) Ауылдың малы;
В) Мен 8 - сыныпта оқимын.
4. Жақты сөйлемнің анықтамасы:
А) Бастауышы мүлдем жоқ.
В) Бір сөзден тұратын сөйлем.
Ә) Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.
Б) Бастауышы бар, кейде жасырын тұратын сөйлем.
5. Жақсыз сөйлемнің анықтамасы: Ә) Бастауышы бар сөйлем.
А) Бастауышы мүлдем жоқ, баяндауыштың өзі ұйытқы болатын сөйлем.
Б) Бастауышы жасырын тұратын сөйлем.
В) Тек тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
6. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Марат жүгіріп кетті.
Ә) Оларға келуге болмайды.
Б) Ол – оқушы.
В) Ақ жейделі бала.
7. Бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.
Ә) Ол – шындық
А) Аз ғана уақыт ішінде елімізді, халқымызды шартарап танып үлгерді.
Б) Марат дүкенге баршы.
В) Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақ қолында.
8. Пысықтауыш мағынасына қарай нешеге бөлінеді:
А) 3 ә) 4 б) 5 в) 6
9. Үтір не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз. Біз – Қазақстанның ұрпағымыз, болашағымыз.!
А) Бірыңғай бастауыш;
Ә) Бірыңғай баяндауыш;
Б) Бірыңғай толықтауыш;
В) Бірыңғай пысықтауыш;
10. Бастауышы бар жақты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Уақытты жоспарлай білуі керек.
Ә) Жұмысты тез орындаймыз.
Б) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.
В) Бүгін жұмысқа шықтық.

Жауап кілті: 1) А 2) Б 3) В 4) Б 5) А 6) Ә 7) А 8) Б 9) Ә 1о) Б

Бағалау нормасы: «5» - 9 - 10; «4» - 7 - 8; «3» - 4 - 6; «2» - 0 - 3

ІІІ. Жаңа сабақ. «Жалаң және жайылма сөйлем» (2 - слайд).
Оқушылар жаңа сабақты өз беттерімен меңгереді.
Интерактивті тақтада сөйлемдер жазылған екі сызба беріледі, сол сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, оқушылар жалаң және жайылма сөйлемнің ережесін шығарып, ерекшеліктерін тауып түсінік береді. Оқушылардың ережелері оқулықпен салыстырылып, дұрыс - бұрыстығы анықталады.

• Жалаң сөйлем
Мереке құтты болсын!
Біз мақтан тұтамыз..
Болашағымыз - жарқын.

• Жайылма сөйлем
Тәуелсіздік халқымызға оңайлықпен келген жоқ.
Желтоқсан құрбандарының есімі жадымызда мәңгі сақталады.
Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
Үш үстелге үш түрлі тапсырма салынған конверт қойылады. Оқушылар жұппен үстелдерге ауысып жүріп тапсырмаларды орындайды.
№1 үстел тапсырмасы. Берілген өлең жолдарын қара сөзге айналдырып жаз. Ішінде жалаң және жайылма сөйлемдер болсын.
Туған жердің жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді
Жайна мәңгі, Қазақстан – Гүлстан!

№2 үстел тапсырмасы. Сигналдық кәртішке – «Бұйрықты бұлжытпай орындаймыз».
Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмас кішіден сұра. Мен өзімнің қазақ екенімді мақтан етемін, Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік. Еліміздің болашағы жарқын.
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау, шартты белгілер арқылы тірек - сызбалар айшықтау.
№3 үстел тапсырмасы. Сәйкестендіру тесті.
1. Жалаң сөйлем 1. Мені танимысың?
2. Жайылма сөйлем 2. Оған таңдануға болмайды.
3. Жақты сөйлем 3. Қар қылаулап тұр.
4. Жақсыз сөйлем 4. Бүгін аспан бұлтсыз.
Жауап кілті ( сәйкестендіру тест):
1 ---- 2 ---- 3 ---- 4
3 ---- 4 ---- 1 ---- 2

2. Оқулықпен жұмыс.
114 - жаттығу. Берілген жалаң сөйлемдерді жайылмаға айналдырыңдар.

V. Қорытынды. Семантикалық кесте.

Толық нұсқасын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 740
Қолданушылар: 6
Қонақтар: 734
Роботтар: 4
kz.era00 Нұртілек Гулниса Маншук ШҚО 1984712 aiboll
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Uldai
    Жазған: Uldai
  • Shinar123
    Жазған: Shinar123
  • Куттымурат
    Жазған: Куттымурат
    Мына жаңалықта: Үш жүздің пірі-Мүсірәлі
  • Балабекова Айгуль Уалихановна
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Сағын
    Жазған: Сағын
  • Ермекова Н
    Жазған: Ермекова Н
    Мына жаңалықта: Қазақша күрес
  • Куттымурат
    Жазған: Куттымурат
    Мына жаңалықта: Үш жүздің пірі-Мүсірәлі
  • Малике
    Жазған: Малике
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика