Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұйық етістік

02 наурыз 2016, Сәрсенбі
Тұйық етістік (9 сынып о/б)

Мақсаты: Етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету
Білімділік: Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру;
Тәрбиелік: Әр түрлі халықтардың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың бойына құрмет, туған жерге деген құрмет, ізеттілік қасиеттерін дарыту;
Сауатты, көркем жазуға баулу, тілге деген құрметін арттыру;
Дамытушылық: Әр түрлі әдістер мен тапсырмалар арқылы оқушылардың тілдік білімін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Білімдерін, сөз байлығын жан-жақты кеңейту арқылы, сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
Күтілетін нәтиже:
а) Етістіктердің түрлерін ажырата білу;
ә) Тұйық етістік – у жұрнағы арқылы жасалатынын түсіну;
б) Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір - бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым - қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, ұлттық құндылықты сақтауға, қадірлеуді, ұлттардың достығы мен тұтастығын құрметтеу сезімі артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, қазақ әдебиеті, музыка, өзін - өзі тану.
Қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау әдістері
Керекті жабдықтар: Оқулық, интербелсенді тақта, стикер, маркер, асық, кеспе қағаздары, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:
Кіріспе («Адай» күйі орындалып тұрады) Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі: 2015жылы Қазақстанда аталып өтіп жатқан мерекелердің тарихымен таныстырып, білім көкжиегін толықтыру мақсатында Ұлы елдің ұлы мерекелері: Қазақ хандығының 550 жылдығы,
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығы;
Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы туралы айтылып өтеді.

Топқа бөлу: Қазақстанда 140 ұлттың, 30 конфессияның өкілдері тұрады. Әр ұлттың өзіне тән тілі, салт - дәстүрлері, ұлттық ойындары, киімдері бар. Бүгінгі сабақ барысында бірнеше ұлттың ұлттық ойындарынан мағлұмат аламыз. Қазақ халқы – көшпелі мал баққан ел. Сол себептен болар, Малды кие тұтады. Тұрмыста, ойындарда малдың сүйегін падаланады. Мыс, шүмек жасайды, ұршыққа басжасайды.
Асық ойындары – «Ханталапай», «Хан атпақ», «Хан жақсы ма?», «Ханды қара басты», «Хан мен уәзір», «Үйірмекіл», «Сасыр», «Атпақыл», «Қақпақыл», «Үштабан», «Омпы», «Алтыатар», «Шықетер», «Тисінқабат», «Табан», «Төрт асық», «Бес асық» т. б.
Сыныптың оқушыларын қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» ойынын ойнау арқылы, алған асықтарының түсіне орай топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

Негізгі бөлім

Бұл сөйлемдердің айырмашылығы неде? Белгіленген сөздер нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
Сұраққа жауап бере отырып, етістіктің ерекше түрі тұйық етістік туралы біледі
Туынды етістік - неопределенная форма глагола
Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі. Неопределенная форма глагола – начальная форма. (или инфинитивом). Она не показывает ни времени, ни числа, ни лица, ни рода.
Глаголы в неопределенной форме (в инфинитиве) отвечают на вопросы что делать? или что сделать?
Глаголы в неопределенной форме имеют окончания - ть, - ти или нулевое
(Орыс тілімен салыстыра отырып, тұйық етістік туралы жан - жақты біледі.)
Тұйық етістік етістіктің түбіріне – у жұрнағы жалғану арқылы жасалады

Тұйық етістіктің түрленуі

ЖАҢА САБАҚТЫ БЕКІТУ - А С Ы Қ ҚЫРЛАРЫ(«Кубизм»)

Бүк - көптеу, шік - септеу, тәйке - тәуелдеу, алшы - сөз тіркестерін жасау
Бүк қырына - жазу, табу, жету, кету, тазалау, оқу, тыңдау, шақыру, еңбек ету, дос болу тіркестерін көптеу
Шік қырына – тойлау, көру тұйық етістіктерін септеу
Тәйке қырына - қосу, үйрету тұйық етістіктерін тәуелдеу
Берілген тапсырманы орындай отырып, тұйық етістіктердің түрленуіне көз жеткіземіз.
Тұйық етістіктің емлесі (қосымша материал)

Толық нұсқасын жүктеу
2 719
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ түрлерін тілдесім барысында қолдана алады.
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Білімділік - тұйық етістік, оның жасалуы мен түрленуі, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту.
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Тұйық етістіктің емлесі
Тұйық етістіктің емлесі
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру; Сауатты, көркем жазуға баулу, тілге деген құрметін арттыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×