Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Диалект сөздер

25 наурыз 2016, Жұма
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джабасова Шалкы Джумабековна

Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға диалект сөздер туралы түсінік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру: Кірме сөздер және жаттығу тексеру

ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
• «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» атты сөздіктен қайта жаңғырып жатқан сөздерді теріп жазыңдар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.
Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла - тыңда, құдағай – құдағи, полат – болат, баралы – баралық, бережақ – берешек, келулі – келді, т. б.
Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т. б.
Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:
Өздік жұмыс
• Төмендегі диалект сөздердің әдеби баламасын жаз.
Нән, әйдік, шырпы, оттық, жуалдыз, чербек, борми, алажақ, бережақ, күн баю, айылдап келу,

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс
183 – жаттығу
• Берілген диалект сөздермен сөйлем құраңдар
184 – жаттығу
• Сөйлемдегі диалект сөздерді табыңдар.
185 – жаттығу
• Мәтіндегі диалект сөздердің әдеби тілдегі баламасын жазыңдар.
VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма беру:
1. Диалект сөздер туралы түсінік.
2. Жаттығу
17 824
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т. б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Ұяң дауыссыздар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ұяң дауыссыздар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді. Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з,
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз. Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады.
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Қазақ әліпбиі
Қазақ әліпбиі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×