Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


22 қыркүйек – тілдер мерекесі

02 желтоқсан 2012, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: 22 қыркүйек – тілдер мерекесі
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, ыңғайлас салалас туралы түсінік беру
ә) қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақылсөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
б) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, венн диаграммасы
Көрнекілігі: слайдтар, оқулық, нақыл сөздер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Назарларын сабаққа аудару
- Балалар, тақтаға назар салып қарайықшы. Тақтада әр түрлі суреттермен безендірілген мақал сөздер берілген, соны шешіп алып, мақалдардың мазмұнына ой жүгіртейік.

Кіріспе.
Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан атамыздың: «Жан көріністерінің ең қымбаты– ой, ой тілі –сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны...» деген сөзі дәлел деуге болады.

Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.
Біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе?

Міне, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз қандай тақырып екен?
ІІ. Жаңа сабақ:
- «22-қыркүйек тілдер мерекесі». Бүгін сол 22 қыркүйек.Грамматикалық
тақырыбымыз «Ыңғайлас салалас». Біз алдымен, грамматикалық тақырыбымыздан бастайық. Себебі біз мәтінмен жұмыс жасағанда да осы грамматика міндетті түрде қажет. Ең бірінші, ауызша сұрақтарға жауап берейік.
а) Грамматикамен жұмыс:
- Сөйлем дегеніміз не ?
- Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Салалас құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?
- Енді балалар, біз сабақтас пен салаластың айырмашылығы қандай екенін венн диаграммасы арқылы түсіндіріп өтейік. (бір оқушы шығып жазады)
- Салаластың түрлері таныстырылып, оның ішіндегі ыңғайлас салаласқа тоқталамын.
ә) Сөздікпен жұмыс:
Мәнерлеп оқу
ә) ұлан-байтақ, мереке, жүлделі сөздерімен сөз тіркестерін құрау
б) Тілдер күні, ұлт, қызықты сөздерімен құрмалас сөйлемдер құрау
в) жариялау сөзін сөз құрамына талдау
Ұлан-байтақ – широкий
ұлт – национальность
Тілдер күні – день языков
жариялау – объевлять
тойлау – праздновать
ұйымдастыру – организовать
білгір – всезнающий
жүлделі – призовой
сайыс – состязание
мереке - праздник
қызықты – интересный

б) Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап бере отырып, диалог құрастыру
3. Мәтінге ұқсастырып, құрмалас сөйлемдерді
қатыстыра отырып, қысқаша мәтін жазу

в) Тапсырмалармен жұмыс:
1. Мәтіндегі жай сөйлемдерден 3-4 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құрап, толық синтаксистік талдау жасаңдар.
Үлгі: 22 қыркүйек – Тілдер күні, бұл мерекені біздің мектепте қызықты
атап өтеді.
Талдау үлгісі: 2 құрамды ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем(жалғаулықсыз)
1 жай сөйлемі: жақты, жалаң, толымды
2 жай сөйлемі: жақсыз, жайылма, толымды
2. Тест тапсырмаларымен жұмыс:
1. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
А. Ыңғайлас салалас; D. Түсіндірмелі салалас;
В. Себеп-салдар салалас; Е. Талғаулы салалас;
С. Қарсылықты салалас; F. Кезектес салалас.
2. 22 қыркүйек қандай мереке?
А. Жаңа жыл D. Тіл мерекесі
В. Жеңіс мерекесі Е. Бірлік күні
С. Республика күні F. Ата заң күні
3. Балалар ертеңгі тамақтарын ішіп болды да, далаға қарай жүгірді
А. Жалғаулықты ыңғайлас салалас; D. Түсіндірмелі салалас;
В. Себеп-салдар салалас; Е. Талғаулы салалас;
С. Қарсылықты салалас; F. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас.
4. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
А. 3 D. 5
В. 1 Е. 7
С. 8 F. 6
5. Берілген жалғаулықтардың қайсысы ыңғайлас салалас ұүрмаластың жалғаулығы?
А. Бірақ, дегенмен, алайда D. Кейде, біресе, бірде
В. Өйткені, сондықтан, сол себепті, және Е. Да, де, және, әрі
6. Кем дегенде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді қандай сөйлем дейміз?

А. Күрделі сөйлем D. Құрмалас сөйлем
В. Жай сөйлем Е. Толымды сөйлем
С. Атаулы сөйлем F. Лепті сөйлем
7. Мемлекеттік тілді білу ....
А. Парыз D. Керек емес
В. Оқу Е. оңай
8. Тіл туралы заң ең алғаш қай жылы қабылданды?
А. 1997 жыл, шілде D. 1989 жыл, қыркүйек
В. 1991 жыл, маусым Е. 1989 жыл, маусым

ІІІ. Сергіту сәті
Жұмбақтар шешу
1. Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)
2. Отыз екісі диірмен тартып,
Бір қапқа салады. (тіс, тіл)
3. Екі әскер соғысып жатыр,
Ортасында бір елші. (тіс, тіл)
4. Әрі сүйексіз,
Әрі тиексіз. (тіл)
5. Ақ тоғайдық ішінде
Кісінейді күрең тай. (тіл)
IV. Үй тапсырмасын беру:
“Мемлекеттік тіл – менің тілім!” ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер қатыстыра отырып, шығарма жазып келу және ол сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
V. Бағалау.
48 457
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілдің маңызды екендігін айту, ана тілін құрметтеуге үйрету. Ана тілі туралы тақпақтар, өлеңдер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздерді оқыту арқылы, оқушының сөздік қорларын молайту, тіл байлығын дамыту.
Үш бақытым
Үш бақытым
Оқушыларға өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ана тілімізді құрметтеу керек екендігін түсіндіру. Баланың сөз байлығын дамыта отырып, тіліміздің сөз мағыналарының түрлілігіне көңіл аударту.
Өзін-өзі жеңген бала
Өзін-өзі жеңген бала
Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Туған тілім - тірлігімнің  айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз.
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×