Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбит Дөнентаев «Бозторғай»

11 сәуір 2016, Дүйсенбі
Қазақ әдебиеті 6 сынып
Тақырыбы: С. Дөнентаев «Бозторғай»
Мақсаты: С. Дөнентаев өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру, оның шығармаларының қазақ әдебиетінде алатын орнын ұғындыру. «Бозторғай» өлеңінің мазмұны мен идясын ашу.
Міндеттері: Өлеңнің идеясы арқылы өмірмен байланыстыра оқыту; Өзіндік ой қорытуға мүмкіндік жасау; Жеке және топта жұмыс жасау белсенділіктерін арттыру; Ізденгіштік, шығармашылық құзіреттіліктерін жетілдіру
Күтілетін нәтиже
- С. Дөнентаев өмірі, шығармашылығы туралы түсінік қалыптасады
- Өлеңнің идеясын өмірмен байланыстыра алады
- Өзіндік ой түйеді
- Жеке және топта жұмыс белсенді жұмыстанады

Ұйымдастыру
Сергіту биі. «Балаларға арналған жаттығу әні». Оқушылар ән ырғағына, сөзінің мазмұнына ілесіп, билейді.
Балалар бағалаудың табыс өлшемдерімен таныс болады.
Үй тапсырмасын сұрау:
ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар
А – М. Жұмабаев өмірбаянын оқу (тест )
В, С – Эссе «Ана тілімнің бүгіні мен ертеңі»
СТОҮ: Автор орындығы

Тест тапсырмасы №1 қосымша
1. Мағжан Жұмабаевтың туған жылын табыңыз.
а/ 1883 ә/ 1893 б/ 1865
2. Мағжанның әкесінің есімі?
а/ Бекен ә/Жұмабай б/ Дулат
3. Мағжан неше жасында хат таныды?
а/ 6 жасында ә/ 7 жасында б/ 4 жасында
4. Мағжан қай қалалардағы медреселерде оқыды?
а/ Қызылжар, Уфа ә/Орынбор, Астана б/ Омбы, Ақмола
5. Мағжан Омбыда қандай оқу орнын тамамдады?
а/ жазушылар институтын ә/ мұғалімдер семинариясын б/ көркемөнер институтын
6. Мағжанның өлеңдерін тап
а/ «Түркістан», «Қазақ тілі» ә/ «Кел балалар, оқылық!», «Жаз» б/ «Қыс», «Өлең – сөздің патшасы»
7. Мағжанның поэмаларын тап
а/ «Масғұт», «Ескендір» ә/ Қорқыт», «Батыр Баян» б/ «Құлагер», «Көкшетау»
8. «Қазақ поэзиясының атасы Абайды сүйемін, бұдан соң Мағжанды сүйемін. Мағжан – мәдениеті зор ақын» деген кім?
а/ Мұхтар Әуезов ә/ Ахмет Байтұрсынов б/ Жүсіпбек Аймауытов

Интерактивтік тақтада өлең шумақтары беріледі.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып, олар қандай көркемдеуіш тәсілге жататыны табады. /қ2/
.........................., айбатыма кім шыдар?
.........................., маған қарсы кім тұрар?
Көкте -............., жерде -.................. гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?

Көкте -...................., көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Шеті, түбі жоқ.................. қаракөк,
Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын.

....................... мен, келме жақын, - жанарсың,
....................... мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.
3 шумақ өлең толық оқылған кезде мозайка құрастырады, мозайканың артында бозторғайдың суреті шығады.

Ой қозғау
СТОҮ: Кластер әдісі
«Бозторғай» деген сөз сендердің ойларыңда қандай ассосация тудырады?

Мағынаны тану
ББЖӘТ: зерттеушілік әңгіме
- Мысал өлең деген не?
- Қандай мысал өлеңдерді білесіңдер?

1 оқушы «Бозторғай» өлеңін мәнерлеп оқиды

Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан,
Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.
Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ,
Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан.
Ағып жүр оқтай зырлап, көрмей дамыл,
Шыбындан жанын сұрап бір құдайдан.
Тілегі, көздің жасы қабыл болып,
Ақыры - ақ тапты іздеп бір тоғайдан,
Томарда, келсе, қырғи бұғып отыр,
Жемсауы ыңқ - ыңқ етіп шығып отыр.
Түрі бар бір нәрсені аңдығандай,
Орнында қозғалмастан нығып отыр.
Келді де, сәлем берді төресіне,
Аз - ақ тұр шықпай жаны денесінде.
Шақты кеп тұрымтайдың мінездерін:
«Ей, тақсыр, бейбағыңды көресің бе?»
Қырғи сәл торғай сөзі бітер - бітпес,
«Сабыр қыл! – деді, – тоқта еш нәрсе етпес»,
Қазірде қол бос емес, жұмыс қатты,
Аз күтсең жаның шықпас, күнің өтпес».
Деген соң, торғай кетті, амал бар ма?
Тұруға сөз қайтарып заман бар ма?
Қалжырап, қажып, жүдеп қайтты сорлы,
Бірде ұшып, бірде қонып томарларға.
Бір жерге демалуға бөгеледі,
Тағы ұшып ол орнынан жөнеледі,
Түбінде бір томардың бұғып жатқан
Бір кезде көзі шалды бөденені.
Бөдене қылды ишара: «Мұнда кел», – деп,
«Ағаңның мынау жатқан жәйін көр», – деп,
«Мені аңдып бір жау қырғи отыр еді,
Білдің бе, кетті ме екен хабар бер», – деп.
«Жеп қойды ұстап алып жолдасымды,
Сонан соң білдім мен де оңбасымды.
Білмеймін, әлі күнім екіталай,
Кетіп ем қашып, қорғап өз басымды».
Мұны естіп ішін тартты торғай пақыр:
«Ешкімге опа бермес мынау кәпір.
Мынадай болмас, сірә, істің сәті
Айтайын қаршығаны тапсам ақыр».
Деп ойлап, іздеп кетті қаршығаны,
Мұң шағып, ішкі шерін аршығалы.
Көлдегі көп үйректің арасынан
Шулаған қаршығалап зар шығады.
Тыңдаса, бұл дауысты жақын келіп,
Әр жерде бір шүрегей жатыр өліп.
«Бұлардың бәрін қырған бір қаршыға,
Мен мәңгі1 келіп жүрген бұған сеніп».
Деді де, бір түкіріп ұшты аспанға,
«Қайткенде айла табам шыбын жанға?
Бұлардың бәрінен де бекзат еді,
Барайын, – деп ойлады, – лашын ханға».
Көп іздеп неше түрлі бейнет көріп,
Оны да бір мезгілде тапты келіп,
Түбінде бір теректің бекзадасы
Жеп отыр қаздың етін көкірек керіп.
«Жаным - ау, мынау біздің төреміз бе?!
Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе?
Кемтарға бұлар қайтып кек әпермек?
Құдірет көн деген соң, көнеміз де».
Дағдарды осыны айтып торғай сорлы,
Жеріне барам деген барып болды.
Бүркітке – құс патшасы жолығуға,
Кезіпті жер - жиһанды оңды - солды.
Тапқанын бүркітті іздеп, таппағанын,
Шаққанын, ішкі мұңын, шақпағанын.
Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ,
Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын

ББЖӘТ: диалогтік әдіс
- Мысалдан не ұқтыңдар? Қысқаша мазмұны?
- Автор осы мысал арқылы қандай түйінді ой айтпақ болды?
Оқушылар өлеңнің қысқаша мазмұнын баяндайды, автордың түйінді ойын анықтайды.
СТОҮ: Кубизм әдісі (ТИ кестесі, Венн диаграммасы)
Оқушыларды 4 - ден 6 топқа топтастырады. Кубикті лақтыра отырып, әр қырындағы тапсырмаларды үлестіріп, орындалу жолын нұсқайды.
Зертте – С. Дөнентаев өмірі, шығармашылығын зертте, өлеңді композициялық құрылысына талда
Суретте – Бозторғай құсын суретте
Қолдан – «Фишбоун» әдісі. Проблеманы анықта, қорытынды шығар
Дәлелде – Кейіпкерлерге мінездеме
Қарсы шық – Бозторғай әділдік табады ма
Салыстыр – А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа» - С. Дөнентаев «Бозторғай»

Ой толғаныс
СТОҮ: РАФТ стратегиясы
Р - бозторғай
А - жыртқыш құстар
Ф - үндеу
Т - Әділдік – ізгіліктің іргетасы, есте сақта!
Бағалау
Табыс өлшемдері бойынша топ басшылары бағалайды
Үй тапсырмасы
ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар; СТОҮ: жуан - жіңішке сұрақтар, эсее
А – мысалды оқу
В – мысал желісі бойынша 5 жуан, 5 жіңішке сұрақ дайындау
С – «Әділ болу – саналының ісі» немесе «Әділдік туралы аз - кем ой...» тақырыбында эссе жазу (эссе жазуда қаралатын сұрақтарды ұсыну:
- Әділдік дегенді қалай түсінесің?
- Әрдайым әділдік таныта аласың ба? Қиналлған досыңа көмек қолыңды соза аласың ба?
- Әділетсіздікке тап болып көрдің бе?
Әділетсіздікке тап болсаң не істер едің? Кімнен көмек сұрар едің?
15 114
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Дөнентаев “Бозторғай”, “Заман кімдікі?
Сәбит Дөнентаев “Бозторғай”, “Заман кімдікі?
Сәбит Дөнентаев “Бозторғай”, “Заман кімдікі?
С. Дөнентаев «Бозторғай», «Ой» фельетоны
С. Дөнентаев «Бозторғай», «Ой» фельетоны
Бозторғай, Ой фельетоны туралы мәлімет беру; өлең мазмұны, тақырыбы, идеясын ұғындыру.
Сәбит Дөнентаев шығармалары. «Заман кімдікі?», «Бозторғай» өлеңдері. «Ой» фельетоны
Сәбит Дөнентаев шығармалары. «Заман кімдікі?», «Бозторғай» өлеңдері. «Ой» фельетоны
Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, өлеңдеріне талдау жасауды үйренеді, лириканың ерекшелігін біліп шығады.
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Алматы облысы, Қарасай ауданы, «С. Керімбеков атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсейтова Айман Наурузкановна
Сәбит Дөнентаев "Бозторғай" өлеңі
Сәбит Дөнентаев "Бозторғай" өлеңі
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі Батырова Бибигуль Рахимовна
Сәбит Дөнентаев "Уақ - Түйек" өлеңдер жинағы
Сәбит Дөнентаев "Уақ - Түйек" өлеңдер жинағы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×