Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлпан романындағы әйел тағдыры

24 сәуір 2016, Жексенбі
Атырау қаласындағы химия - биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Текеева Жанша Тажибаевна

Сабақ тақырыбы: «Ұлпан» романындағы әйел тағдыры
Ұлпан – Ел анасы 9 - сынып
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары:
АИ2Автор көзқарасы
АИ5Автор мен кейіпкер табиғатын түсіну

 Көркем шығармалардағы автор көзқарасын және кейіпкердің көңіл күй психологиялық өзгерісінің себептерін дәлелдейді.
 Автордың негізгі ойын сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман көрінісін түсінеді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
кейіпкердің көңіл күйі өзгерісінің себептерін дәлелдейді.
өмірмен байланыстырып айта алады
Оқушылардың көбісі:
сол замандағы заман көрінісін түсінеді.
кейіпкердің психологиясының себептерін дәлелдейді.
Кейбір оқушылар:
Көркем шығармалардағы автор көзқарасын түсінеді,
автор ойына дәлел келтіре отырып талдайды.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;
Күтілетін нәтиже: Роман жанрын түсініп алу, шығарма сюжетінің баяндалуын меңгеру, әйел тағдырын зерттеу арқылы оқиғасына ауызша да, жазбаша болжауға жасай білу.
Әдебиет теориясы: Шығарманың сюжетін талдай отырып, көркемдегіш құралдардың орынды қолдануына талдау беру.
Тілдік міндеттер: Оқушылар жазушылардың қолданған тілін, романның құрылымын бағалау Қызықты және тартымды мәтіндерді қарастыру арқылы оқушылар сын тұрғысынан ойлау мен шығармашылық қабілеттерді дамытады
Алдыңғы меңгерілген білім: "Ұлпан" романының бөлімдерін зер сала оқу

Жоспар:
Сабақ кезеңдерінде жоспарланған іс - әрекеттер:
Ұйымдастыру жұмысы: Оқушылармен сабаққа қатысын тексеру.

Қызығушылықты ояту.

Слайд көрсетіледі.

"Қанша жыл ойымда жүрсе де, қашанғы әдетім бойынша кешігіп жарық көрген "Ұлпан" сол бейнеге, сондай бейнелерге арналады".
Ортада сұрақ
Осы сөздерді кім айтты? Жазушының осы ойынан нені ұғуға болады? Жазушы кешіктірген бейнесі кім? Оны кешіктірді деп ойлайсың? Нақтылап айтып көрейік.
"Талқыла, ой сал, пікір қосыңыз"
"Менің Джокондам – Ұлпан". Жазушының қойын дәптеріндегі осы бір сөйлемнен нені ұғамыз. Джоконда кім? Ол туралы не білеміз? Ұлпанды жазушы неге осы бейнеге теңестірді? Сіз кімгі ұқсатар едіңіз? Осы сөздердің мағынасын ашып, оқушылар ойын білу.
Топқа бөлу. Домалақ ана, Айғаным, Айша бибі, Ұлпан
Әулие аналар туралы өздері білетін көптеген деректерді ортаға салады, ой қозғайды. Оларды айтып, бүгінгі сабақпен байланысын түсіндіріп өтеді.
Топтар бір - бірін бағалайды. "Екі жұлдыз, бір тілек"

Тапсырма 1. Топтық жұмыс.
Ой картасындағы кейіпкерлер сөзін анықтаңыз.

Кімнің сөзі (Есеней, Мүсіреп, Аңшы, Мүсіреп, Ұлпан, Торсан, Артықбай)
Бұл өңірде мен білмейтін жер бар ма?
Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сенболарсың.
Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін
- Келін! - шымылдығыңызды әріәкетіңізші!
Арыстаным - ай, ақ бейілім - ай, шойырылыпқалған ағаң қалайесіңе түсті?

Бағалау. Смайликтермен
Тапсырма 2. Жұптық жұмыс.
Роман мәтінен үзінді беріледі.
1. - Арызымызды айтып кел деген жұрт асқақтай сөйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар. Солай болып шықса айып өзімде. Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар деген бар ғой. Міне, айыбым! – деп атынан түсе қалып ұзын шылбырын Кенжетайға қарай серпіп жібереді.
- Әйтеуір ат жетелеп жүр екенсің, мынаны жетелей жүр...
2. Осынау кең қорықты Есенейдің есіне алғаш салған - аңшы Мүсіреп еді. Онысын тағы бір ескертіп қалғысы келіп, Есенейге қарай еңсеріле бұрылып:
- Аға - сұлтан пірім - ау! Айтпап па едім? Қысқа қарай жылқы баласына бұдан артық жер болмайды, иесіз жатқан жер! Бір қыс жайладың болды, аға сұлтанның шұбары атанады да, баланың баласына дейін кете барады!- деді...
3. Қызық киіне береді екен - ау!.. басына ақ жібек шаршыны шәліге ұсатып жамыла салыпты да, үстінен сәукеле киіпті. Алқымы ашық... мойным әдемі деп көрініп тұрсын дегені ме?...
4. «– Есеней - ау, мына қараша ауылды сен неғып көрмей жүрсің? Өзіңе ұят қой! – деді.
– Осы қырық үй малшы - жалшылардың қырық жылдан бергі жалақылары сенің мойныңда кете беріпті... обал ғой, – деді.

Тапсырма 3.
а/ берілген үзіндіні бірізге салып, мәтін құрастыру (белгілі уақыт ішінде)
Құрастырған соң 3 сөйлеммен өз ойлары мен пікірлерін білдіру;

ә/ автордың көзқарасы арқылы кейіпкердің көңіл күйін тану -
Кейіпкерді сипаттауда автордың жетістігі қандай? Ойыңды шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңіз. Бір кейіпкердің көңіл күйін сипаттап беріңіз,

б/ жазушының ойын сол заманмен байланыстыру, талдау беру.
Заман көрінісі туралы пікіріңді 2 сөйлеммен түйіндей отырып, сол кезеңдегі оқиғадан 2 дәлел келтіре кетіңіз.
в/ Шығармада Ұлпанды Ел Анасы ретінде қадірлейді. Оған қандай не себеп, дәлел бар? Романдағы Ұлпан бейнесінен дәлелдер келтіре отырып, Ел Анасы болған Ұлпанды бүгінгі шынай өмірмен байланыстырып 3 минуттық пікірсөз айтып көріңіз.

Жетістік критерийі:
1. Берілген ойды мазмұнға сай құрастыра алады
2. Жазушының көзқарасын анық түсіндіре алады
3. Кейіпкердің көңіл күйін анық тани алады
4. Сыни талдау бер алады.

Бағалау. «Саусақпен бағалау»

Толық нұсқасын жүктеу
16 083
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы. Дала данышпаны. Қазақ әдебиеті.5 сынып
«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы. Дала данышпаны. Қазақ әдебиеті.5 сынып
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: Шығармадағы автор бейнесін таниды, кейіпкердің ақпаратқа қатысты пікіріне болжам жасайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы автор бейнесін ментальді картаға түсіреді, жасалған болжам
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Жаны саудың – тәні сау
Жаны саудың – тәні сау
Бөлім: Денсаулық – зор байлық Сабақ тақырыбы: Жаны саудың – тәні сау
Су мен Балық
Су мен Балық
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба отырып, өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіре алады.
Ел анасы – Ұлпан
Ел анасы – Ұлпан
Ғабит Мүсіреповің “Ұлпан”шығармасы арқылы ұлт анасының бейнесін ашу.
Қазақ әдебиетінен жоспарлар
Қазақ әдебиетінен жоспарлар
Атырау қаласындағы химия - биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×